Ақтөбеде «Жоғары лига» 1/8 финалдық ойындары өтті

2018 жылдың 13 сәуірінде «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ–нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында РЖҚБ «Қазақстан КВН Одағы» «Ақтөбе КВН» филиалының ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Жоғары лига» 1/8 финалдық ойындары өткізілді. Ойынды Ақтөбе облыстық КВН филиалының редакторы Мурзагазиев Есет жүргізді.
Ойын 2 кезеңнен тұрды: сәлемдесу және жамбы ату.
Жайдарманшыларлың өнеріне әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамы:
Нұрлыбек Жұбатқан – «Екі Езу» театрының жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы;
Нұрсұлтан Назарғалиев – «Рика тв» телеарнасының жүргізушісі, ардагер жайдарманшы;
Нұрсұлтан Елеуов – Ақтөбе ішкі істер басқармасының бас маманы;
Мақсат Әбдікеров – Ақтөбе облыстық КВН филиалының директоры.
1/8 финалдық ойынына барлығы 15 құрама қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1/4 финалдық бәсекесіне жолдама алған командалар:
1. «Осал емес», №24 лингвистикалық мектеп–гимназиясы;
2. «35 құрамасы», №35 ЖББОМ;
3. «Автомеханиктер», Хромтау тау–кен колледжі;
4. «Өрлеу»;
5. «Феномен», АПК;
6. «Біздің Нұсқа», Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ;
7. «Сөз жоқ», еркін құрама;
8. «Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің құрамасы»;
9. «Жұбанов құрамасы», Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ;
10. «Алтықарасу жастар құрамасы», еркін құрама;
11. «Дежавю», еркін құрама.
Ал «Байланыс жастары», «Алау», «Сенің көңіл күйің», «Глюкоза» командалары 1/8 финалдық сайысынан сүрінді.

Ұпай сандарының басымдығына сәйкес арнайы «Достық кубогіне» «35 құрамасы» ие болды. Ойын көпшілік көңілінен шығып, Жайдарман ойындарын көрермендер аса ыждаһаттылықпен қызықтады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...