2018 жылдың 9-10 ақпан күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Маусымашар-2018» фестивалінің аясында гала-концерт өтті.
9 ақпанда 20 команда көрермендер алдында өнер көрсетіп, олардың жүрегін үздік ойындарымен жаулай алды. Жайдарманшылар жаңа «Жарасым» маусымына күш-жігерлері мен әзіл-қалжыңдары жарасып, жаңа белестерді бағындыруға келгендері бірінші ойыннан-ақ көрінді. Жайдарман саxнасында дәл осы күні бірнеше тариxи сәттер орын алды. Бір командалардың қоштасуы, екіншілерінің жаңа маусымға жаңа жоспарларын айқындап келуі.
«Шымкент жастар құрамасы» көрермендермен қош айтысып, келесі маусымда жаңа атаумен оралуға уәде берді. Көрермен көзайымына айналған «Сағыз құрамасы» Жайдарман әлемімен әркімнің есінде қалатындай ерекше қоштасты. «Сырдария» командасы чемпиондық көңіл-күймен көрермендерге «қош болыңыздар», — десті. Соңғы ойындарын көрсеткен осы командалар өздерінің жетекшілерін ортаға алып шығып, бұл жеңістердің артында қанша тер төгілетінін тағы бір дәлелдеді. Осылайша «Жарасым» маусымы қимастық көңіл-күймен басталды! Бұл күнгі гала-концерт 2017 жылғы «Шабытты» маусым чемпиондары «Сырдария» құрамасының сөзімен түйінделді: «Жайдарманның ең биік шыңы — көрермен мен саxна».
Ал 10 ақпан — Жоғары лигада ойнайтын топтар белгілі болған күн. «Бейбітшілік және келісім сарайындағы» гала-концерт барысында белгілі сатирик Көпен Әмірбек бастаған танымал журналист Дана Нұржігіт, әйгілі тележүргізуші Берік Уәли әділ қазыларының шешімімен Жоғары лига командалары анықталды. Іріктеуге 17 команда түсіп, бақтарын сынады. Олардың тек он екісі Жоғары лигада ойнауға мүмкіндік алды. Ал өзге 8 команда бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері, бірнеше жылғы тарихтары мен Жайдармандағы еңбектері үшін ұйымдастыру алқасының ақылдасуымен алдын ала Жоғары лигада өнер көрсететіні анықтылған. Өз сағыныштарын білдіруге «ӨзенМұнайГаз» командасы келіп, көрермендермен қайта қауышты. «ОҚМПУ» командасы саxнаға «Сырдария», «Шымкент жастар құрамасы» ойыншыларымен бірге шығып, ерекше ойын көрсетті. Дәл осылай «Жарасым» маусымының біршама құпиялары ашылып, бұл маусым көрермендерге әлі де талай жаңалық дайындағаны баршаға білінді. Өзбекстанның үш қаласынан төрт жігіт саxнада өнер көрсетіп, Жайдарманның xалықаралық ойынға айналғандығын тағы бір дәлелдеді. Осылайша 20 команда Жоғары лигаға жолдама алды.