«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ филиалдарына «саяхатымызды» жалғастырамыз.
- «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ, Қарағанды филиалы, Қарағанды өкілдігі
- Жайдармандағы ең үлкен филиалдардың бірі және бірегейі.
- Алғаш тынысын 2007 жылы бастады.
- Қазіргі таңда 200-ге жуық команда, 2000-ға жуық жайдарманшы бар.
- Жергілікті Жоғары лига ойындарын жүргізетін, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ вице-президенті – Жомарт ӘБІШ.
- Қарағандыда «Жайдарманның» тізгінін қолға алып, Республикалық деңгейде танытып, облыс жайдарманшыларының Жоғары лига деңгейіне шығуына себепші болған да, филиал директоры — жастардың Жомарт ағасы.
- Қарағанды филиалының тасын өрге домалатып отырған, әкімгер — Самат ЖЫЛҚАЙДАРОВ
- Республикалық Жоғары лига ойындарының «Әдебиет» маусымындағы финалистері «Күлкі терапиясы» командасының капитаны.
Қарағанды облысында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Сәтбаев, Саран сияқты қалалар мен Қарқаралы, Жаңаарқа, Шет, Бұқар-жырау секілді ірі аудан командалары өнер көрсетеді. Аталған әрбір қала мен аудан «Қарағанды КВН» филиалының өкілдіктері жұмыс жасайды және жергілікті «Жайдарман» фестивальдері өтеді. Жыл сайын әрбір өкілдікте Облыстық, республикалық деңгейде әкімнің кубогі өтіп отырады.
Облыстан талай «Жайдарманның» жұлдызды топтары шыққан. Қарағанды десе, алдымен ойға оралатын – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Күлкі терапиясы» командасы.
Қазақша КВН ойындарының нәзік гүлдері, Жайдарман ойындарының 2007 жылғы чемпионы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Ұлдар емес» командасы.
Аға-апаларының ізін жалғап, талай сайыстарда бақ сынап жүрген — Жезқазғандық «Сегіз сері бір пері», «Сары-арқа ұландары» командасы, Сатпаевтың «Бойдақтар» командасында Арқа аспанында жарық шашқан жұлдыз десек, қате емес.
Қарағанды облысында «Жайдарман» сайыстарына жан-жақты қолдаулар көрсетіледі. Солардың бірі — Қарағанды облысы, Жастар саясаты жөніндегі басқамасысы. Жоғарғы лиганың әр ойынын жергілікті Республикалық «Қазақстан-Қарағанды телеарнасы» түсіреді, яғни облыстағы ойындар телевизиялық форматта.
Он бес жылға жуықтаған уақытта атқарылған жоспарлар мен қызықты ойындар арқасында Қарағанды филиалы «Жайдарманы» өз көрермені мен қолдаушысын тапты да. «Жайдарманның» тарихында өз қолтаңбасы бар облыста өнерлі жастар молынан-ақ. Олар қазірдің өзінде арқа даласында оза шапқан жүйріктер. Ал, халықтың, алаштың ықыласына бөленетін күн – уақыттың еншісінде.
Өзіне сеніп тапсырылған міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Қарағанды өкілдігіне 2015 жыл Қарағандылық чемпиондар жылы болғай, дейміз!