Бүгіннен бастап көптен күткен жаңа маусымның шымылдығы да ашылды. «Әдебиет маусымы» кезінде жинақтаған әдеби білім қорларымен қатар осы маусымда жайдарманшылар тарихқа көз жүгіртпек. Яғни, «Тарих маусымында» өнегелі ойын өрнегін көрсету үшін командалар ең алдымен тарих беттерін парақтауга міндетті деген негіз бар.
Әр өңірден үлкен үмітпен келген жастардың басын біріктіретін «Жастар сарайының» іші бұл жолы да өнерлі жастарға толы болды. Маусымға қатысуға ниет білдірген командалар ең алдымен тіркеуден өтуде.
Сондай-ақ, Жаңа жылда жаңа үмітпен жаңа командалардың тіркеліп жатқанын айтпай кетуге болмас. Сонымен, тіркеудің алғашқы күнінде барлығы 151 команда тіркелді. Тіркеу уақыты аяқталған соң, жеребе арқылы реттілік анықталды. Енді, осы рет бойынша ертең, яғни 27 қаңтар «Маусымашар-2015» фестивалінің 1-туры болмақ. Командаларға сәттілік тілейміз!