Айтас Бектасұлы Бересов алматылық «Ұлттық құраманың» ойыншысы, хабарлаушысы, авторы.
Бұл кісінің талантты жайдарманшы, жақсы жігіт екенін білетінмін, бірақ қыздар арасында өте жоғары сұраныста деп мүлде ойламаппын, аск.фм-дегі парақшасына кіріп көрмегенімше… ask.fm/aitasberesov мына сілтеме бойынша өтіп жатсаңыз, «анонимді сезім білдірулер» мен «анонимді сұрақтардың» көкесін көресіз)) Көпшілікке(қыздарға) қызықты болғандықтан, Айтас туралы толық мәлімет мінекей…
1992 жылы 15 мамырда БҚО-ның Тайпақ ауылында дүниеге келіп, кейін Оралға қоныс аударады. №34 гимназияны ерекше аттестатпен бітіріп, кішкентай кезінен армандаған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түседі. Махметов Аманжанмен бірге факультет аралық ойында көзге түсіп, «Ұлттық құрамаға» шақырту алады, жоғарғы лигадан бір шығады.
- Жайдармандағы басты жетістігі шынайы достарын тапқаны.
- Халықаралық құқық мамандығы бойынша халықарлық қатынастар факультетінің төртінші курс студенті. Өздеріңіз түсінгендей, диплом жазуға уақыт жоқ, финалға дайындалу керек)
- Футболды жақсы көреді және жақсы ойнайды. «Реал Мадрид»-тің жанкүйері, букмекерлік кеңсеге бірге барсаңыздар болады.
- Сүйікті тағамы: анасының пісірген әрбір тағамы. Өзі де тамақты дәмді қылып дайындайды екен, бірақ мұны «ешкімге айтпа» деген. Сіздерге сенемін ғой, ешкімге айтпайсыздар ғой, иә?!
- Алматы қаласының қақ ортасында, ал, Оралда 6-шағын аудандағы «Бәйтерекке» қарсы көк «балконды» үйде тұрады, шәйға барғыларыңыз келсе))
- Мектеп кезінде сабақты өте жақсы оқыған, университетте де дәл солай жалғасар деген сенімде болған екен. Бірақ…өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
- Армандағанды ұнатады және көп армандайды
- Жанұясында жалғыз әрі тұңғыш ұл. Екі қарлығаштай қарындасы бар.
- Ең бастысын ұмытып барам, сүйіктісі жоқ))