Блиц-сұхбат айдарын аша отырып әкімшілдік-әміршілдік жүйеден алыс кеткен жоқпыз :), сондықтан филиал басшыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Сонымен екінші қонағымызбен таныс болыңыздар:
Ердеханов Хамит Сапарбайұлы. «Қазақстан КВН Одағы», «Алматы КВН» филиалының директоры. ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ағман ата ауылында, 1987 жылы мақта терімі басталған уақытта дүниеге келген. Қазір жерлестерінің қатарында, Алматы қаласында тұрады. «Арман қала» КВН командасының жетекшісі Һәм капитаны. Өздерінің айтуынша «Жұмыр» болып жүрген кездегі сияқты жолымыз болмайды дейді.
Жетістіктері: Екі жыл қатарынан «Жұмыр» командасымен (2009-2010 жылдары) Республикалық Премьер лиганың вице чемпионы, 2009 жылы Алматы қаласының чемпионы, 2009 жылы Республикалық Премьер лиганың үздік ойыншысы, 2010 жылы Шымкент қаласы әкімі кубогында екінші орын, ОҚО әкімінің кубогында үшінші орын, ШҚО әкімінің кубогында екінші орын, 2011 жылғы «Жайдарман» Орталық лигасының чемпионы т.б. Жетістіктеріне қарағанда «Жолымыз болмайды» дегендері еркелік сияқты…
Бойдақ. Бір бақытты жанға үйленсем бе деген ойы бар. Өзім Шымкент жақтан болсам да әйелімді ұрмаймын, ренжітпеймін деп уәде береді.
Футбол ойнағанды, Мадридтің «Реалына», Астананың «Локомотивіне» жанкүйер болғанды ұнатады. Месут Озил мен Қайрат Нұрдәулетов сияқты доп тепкісі келеді. ҚызПУ (ЖенПИ) «Тек қана қыздар» командасын дайындағаны да өзіне қатты ұнайды. (Енді неге бойдақ жүргені белгісіз)
Киносы: «Бригада», «Көшпенділер» (ішіндегі кейбір сөздері ғана), «Гнев»
Актеры: Дензел Вашингтон
Әтірі: «Антонио Бандерас» (көк)
Әншісі: Ержан Серікбаев
Сүйікті асы: Палау
Өмірлік ұстанымы: «Жігіт боп туылдым жігіт боп өлем!»
Арманы: «Мені жақтырмайтындардын ішін күйдіріп, өсу үстіне ӨСУ»
Қысқасы осы. Сұрақтарыңыз болса посттың астына қойып отыруларыңызға болады. Сұхбат иесі жауап беруге міндетті.
Пы.Сы. Хамиттің жеке поштасы erkhamit@mail.ru. Сұхбат иесі бекер әңгімемен мазаламауларыңызды және байланысшылар тізіміне тіркелген соң микроблогка маза берулеріңізді өтініп сұрады.