Көптен күткен күн де жетті. Бүгін «Маусымашар-2015» фестивалінің гала-концерті. Екі күнге созылған концерт екі турдан да сәтті өтіп, жүзден жүйрік шыққан командалардың думан-тойы десек те болады. Екі күнге бөлінген командалардың тең жартысы бүгін маусымды ашып, сәтті ойындарымен бөлісті. Жиырма үш команда көреременін
түрлі қызыққа батырып, сағындырған Жайдарманның жаңа маусымы өз жұмысын бастайтыны көрерменді тағы бір қуантты.
Мектеп жасындағы балалардың Жайдарман ойындарында белсенділігін дәлелдеген бүлдіршіндер бұл маусымды сәтті бастады. «Бауырсақтар» командасы ең жас, ең тәтті команда болып есімізде қалатын болар.
Жаңа маусымға келген «Аягөз» құрамасы да осал емес. Махаббаттың Отанынан келгенін тағы бір ескертіп, өз елдеріне «шақырып» кетті.
«Бұл маусымда «АЭСА» ойнайды ма?» деген жанкүйерге… Иә! Олар маусымда!
Сағындырған команда. Шалдың балалары Жайдарманды жүлде үшін емес, «қоя әлмәйтін» болғаны үшін ойнайтынын сөз бен істі қатар қойып дәлелдеді. Көрермені де риза, өздері де разы «Барыстар» жаңа маусымға жаңа серпінмен келді.
Финалда бір әзіл ойнап, бесінші орын алып кеткен «Байланыс жігіттері»
Ылғ желіде отыратын «онлайн». Залды еріксіз, шынайы күлдірген команда. Болашағы бар жас команда.
Осы секілді жиырма үш команда қыран-топан күлкіге бөлеп, көп күткен көрерменін риза етті. Думан соңы мерекелік әнмен әрленіп, еолің Есен ағасы ертеңгі екінші бөлімге шақырып, жылы қоштасты.