Мінекей, «Әдебиет» маусымын артқа тастап, жайдарманшылар «Тарих» маусымын бастап та кетті. Астанадағы «Маусымашардың» қызыққа толы күндері де аяқталып, ойыншылар үйді-үйлеріне тарқасты. Маусымашарлық көңіл-күйден ажырай қоймаған Алматылық жайдарманшылармен қысқаша сұбаттасуды жөн көріп, бір-екі сауал жолдаған болатынмын. Ендеше жауаптарына назар аударайық…
- Биылғы маусымның былтырғы маусымнан ерекшелігі неде?
- Астанадағы күндер несімен есте қалды?(қызықты оқиға)…
Ермек Арманұлы «Алмалы»:
1. Басты ерекшелік — редактуралық жұмыстардың онлайн-трансляция арқылы көрерменге жол тартуы болды. Екінші кезекте – жақсы ностальгия. Яғни, Жастар сарайының дәлізіндегі қабырғаларда ілулі тұрған чемпион командалардың суреттерін көріп, тарихқа бір көз жүгірттік. Үшінші айта кететін ерекшелік – суретке түсуге арналған заманауи «инстарамка». Сол инстарамканың көмегімен биыл командалардың Есен ағаға «Есаға суретке түсейік! Тез-тез түсеміз! Өтініііш, бір-ақ реет!» деген сұрақтары аз болды деп ойлаймын. Жалпы «Маусымашар» фестиваліне келетін болсақ, әр маусым жылдан-жылға ерекшеленіп келеді. Дегенмен, командалар Астанаға арнайы Жайдарман үшін келетін болғандықтан, алып кетер әсерлері аз деуге болады. Сондықтан алдағы уақыттарда командалар тек қана «Жайдарман» төңірегіндегі істермен шұғылданса деген ұсыныс бар. Мәселен, семинар-тренингтер, әзіл кештері, фуршет, командалар бас қосуы деген секілді кештер жиі-жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
2. Гала-концертке өзімнің командам емес, менің дайындаған шәкірттерім «Тәтті құраманың» өтіп кетуі бәріміз үшін күтпеген жағдай болды. «Ұстаздан шәкірт озар» демеуші ме еді?! Сол секілді өзім баптап, бәйгеге қосқан құлындарымның жоғары деңгейде өнер көрсетуі мен үшін – қуанарлық жәйт әрі естен кетпес оқиға. Естеріңізге сала кетейін,«Тәтті құрама» былтыр өткен Республикалық балаларға арналған «Жайдарлы жас ұлан» фестивалінің 2-орын жүлдегерлері. Олардың асатын асулары әлі алда деген ойдамын. Өздерінің сценарийлерінде мынадай бір сөз бар-тұғын: «8 жылдан кейін Жоғары лигада ойнайтын команда — «Тәтті құрама»» .Сөз соңында айта кетейін: — Құрамында бір Шымкенттік жоқ, нағыз Алматылық команда, АЛМАЛЫ: «Сұлулық әлемді құтқарады».
Қуандық Досқалиев «АЭСА»: 1. Биылғы маусымның былтырғы маусымнан ерекшелігі — «Маусымашарға» келген әрбір қатысушыға бейджик берілді. Өздеріңіз байқаған боларсыздар, «Инстаграм» және «В контакте» желілерінде жеке бейджиктің суреттері толып кетті))) Сонымен қатар, «Қазақша КВН» тарихында өзіндік орындары бар ардагер ойыншылар «Жайдарман» сахнасына қайта оралып жатыр. Бұл да бір биылғы маусымның ерекшелігі деп білемін. Айтпақшы, күннің суықтығына қарамастан Қызылорда, Жаңаөзен, Алматы және Астана қаласының жайдарманшыларымен футболдан жарыс өткіздік. Жақсы ойыннан керемет әсер алып қайтқан болатынбыз. 2. Астанадан Алматыға қайтатын күні өте қызық оқиға болған. Біз Елорданың зәулім үйлерінің бірінде 12-этажда тұрақтаған болатынбыз. Ал ол үйлердің лифті тек төлем карталары арқылы ғана ашылады. Дәл біз пойызға мінетін күні төлем картамыздың бірлігі таусылып қалып, жол сөмкелерін 12-этаждан төмен түсіруге тура келді. Сіздерге онша қызық болмауы мүмкін, бастан кешірмеген соң, бізге қызық болды әйтеуір.
Мереке Қалбаева «Тек қана қыздар»:
- Былтырғы маусым «Әдебиет маусымы» болып, жастардың кітап оқып, көкірек көздерінің ашылуына, рухани азық жинауына көптеп септігін тигізген болатын. Биыл енді «Тарих маусымының» да өзіндік ерекшеліктері бар деп ойлаймын. Әсіресе мен үшін ең ерекше жағдай – тек қана қыздардан құралған командалардың санының артуы. Тек саны артып қана қоймай, сапасы да жақсарған. Кейбір жігіттерден құралған командаларға қарағанда өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген қыздарды көргенде шын жүректен қатты қуандым. Себебі, менің күткенім де осы еді: Нәзікжандылардан құралған командалардың «Жайдарманда» өз орындарын тауып, болашақта өздерінің тек күлкіге қалу емес, күлдіре білу де қолдарынан келетінін дәлелдесе екен деп армандайтынмын. Арманым осы «Тарих маусымында» орындалғандай))
- Бар қызық көбінесе пойызда болатын сияқты ғой. Сондай естен кетпес сәттердің бірі Астанадан қайтып келе жатқанда болды. Біздің вагонның жолсерігі орыс тәте болған-тұғын. Сөйтіп, біздің командадағы Арай деген қыз сол тәтеден шәйнек пе бірдеңе сұрап тұрған еді, артынша мен де барып қалдым. Сонда әлгі жолсерігіміз: «А вам что?» деді, мен ойланып тұрып, «мы вместе» деп айтам ба деп тұрып, «что нужно?» деп қайта сұрап қалған кезде мен байқамай «Мы с вами!» деп қалыппын))) Солай бәріміз бір күлкіге қарық болғанбыз.
Жомарт Зиябек «ЖасНар»: 1. «Тарих» маусымының «Әдебиет» маусымынаың ең басты ерекшелігі — редактуралық жұмыстардың қалай өтетіндігін көруге«Youtube» желісі арқылы көрермендерге мүмкіндік берілді. Қазір де көрсеңіздер болады. 11 сағаттық және 6 сағаттық видеолар салынған. Сонымен қатар, былтыр «Жайдарманда» командалар лигаларға арнайы бөлінетін, биыл керісінше Орталық лигалар банерлер іліп, жарнама парақшаларын таратып, командаларды өздері шақырды. Мәселен «Ертіс бойы» , «Әулие ата» секілді лигалар. Сол. Тағы басқа есте қаларлық жәйттарды менің алдымдағы жайдарманшылар айтып қойған сияқты)) 2. Ал Астанадағы қызықты оқиғам… Бір үйде (екі бөлмелік) екі команда боп жаттық. Соның өзі біз үшін өтее қызық болды. Білмеймін енді, адам саны көп болған соң ба екен, көтеріңкі көңіл-күймен улап-шулап жүргенде «Маусымашардың» қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық.
Қуандық Шаймардан «Бизнесмендер»:
- Басқалар үшін қайдам, жеке өзім үшін биылғы маусым біздің команданың Премьер лигаға жолдама алуымен ерекшеленді деп ойлаймын. Үш жылдан бергі арманымыз осы «Тарих» маусымында жүзеге асты. Біз ұшін бұл — үлкен жетістік әрі қуаныш. Ендігі мақсат осы биіктіктен төмен түспей, әрі қарай осы серпінмен жалғастыру. «Тарих» маусымы жалғыз біз үшін емес, басқа да командалар үшін де, жалпы Жайдарман үшін бұрын-соңды болмаған жаңалықтардың ашылу маусымы болады деп үміттенемін.
- Астанада өткен әр күніміз қызыққа толы болды десем қателеспеймін-ау. Өйткені бастан кешірген оқиғалардың көптігі сонша бір кітап жазуға болатын шығар)) Оның бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, бұрындары жақсы деңгейде ойын көрсетіп жүрген командалардың Премьер лигаға, тіпті Орталық лигаларға жолдама алып қалғандары бәрімізді таң қалдырды. Содан кейін арқаны кеңге салып қойып жүре беруге болмайтынын түсіндік қой)) Қанша жерден тәжірибелі болсаң да, әрқашан тек дайындық керек екен.
Жібек Макекова «Абай даңғылы,8»
- «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бұл маусым басқа маусымдардан өзгеше маусым болғалы тұр. Өйткені бастамамыз өте жақсы деңгейде болды. Биыл командалардан көп өзгешелік байқадым. Еліктеушілік аз. Өзіндік стильдерін қалыптастырған командаларды көріп, қуанып қалдым. Бірақ ең қатты қуанғаным, ол – Жаснардың жігіттерінің биыл форма ауыстыруы болды))
- Астана – жастардың қаласы. Астана – жайдарманшылардың бас қосатын ордасы. Астана – ғажайып қала. Сол себепті ең керемет күндерімнің көбісі Астанада өтті. Көптен көрмеген достарыммен кездесіп, сағынышымды басып қайттым. Ал, «Абай даңғылының» бастан кешкен қызықты сәтіне келер болсам, біз екінші турға өткенімізге қатты қуанғанымыз сонша, түнімен әңгімелесіп отырып, ертеңіне редактураға ұйықтап қалыппыз)))
Асылбек Бердібеков «Инженерлер»
- Біз мәселен «Әдебиет» маусымында күлкілі әзілдер ойнауға барынша тырыстық. Ал, енді биыл, яғни «Тарих» маусымында одан да күлкілі әзілдерді көрерменге тарту ететін боламыз)) Ең бастысы — осы маусымда басқа топтарға үлгі боларлықтай өнегелі ойын көрсетуіміз керек. Өзіміз айтқандай: «Инженерлер: Біз сіздер үшін тағы не істей аламыз?!!»
- Астанаға бара салысымен біз «Чемпиондар лигасы» атты жарысқа қатыстық. Онда берілген тапсырма бойынша — жайдарманшылар түсінетін әзіл ойнау керек. Соол, біз ойнадық)) Содан соң «Жастар» сарайында ноутбугымыздың сөмкесін жоғалтып алып, оны сандалып іздеп-іздеп, ақыры соңында сол қойған жерімізден тауып алғанымыз қызық болған. Сосын қыстың күні қырауда жігіттермен шомылуға бардық. Ол енді бөлек әңгіме) Айтпақшы, біз тұрған үйде көршілеріміз біздің ұйықтағанымызды күтіп барып ұйқыға кететін. Сөйтіп Астананы бір шулатып келген едік.
Нұрлан Сипанов «Аялдама»
- Биылғы маусым, әрине, ең алдымен тақырыбымен ерекше. Әдебиет және тарих. Бір-біріне мүлде ұқсамайды ғой?)) әзіл ғой, әзіл) Негізі «Тарих» маусымында «17-ғасырда болған оқиға. Хан ордасы.» деген әзілдер өте көп болды. Сонысымен ерекшеленді деп ойлаймын. Ал шын мәнісі келсек, жаңа командалар, жаңа формалар, жаңа әзілдер, жаңа стильдер, жаңа редакторлар мен жаңа жүргізушілер! Бәрі жаңа!
- Естелік боп қалған оқиғалар көп болды негізінде…Соның ішінде 29-қаңтар ешқашан есімнен кетпейтін шығар. Себебі, ол күні — менің туған күнім болатын.Туған күнді тойламай, түнімен дайындық жасауымыз мен үшін де, достарым үшін де қызық болды. Тойланбай қалған алғашқы туған күнім осы болар)) Атап өтуге тіпті уақыт та болмады.
«Алматы КВН» өкілдігінің тілішісі Риза Шайқақ