Иә, дәл солай! Жайдарманшылардың басы бірігіп, жаңа маусымның жаңалықтарын жыл басын күткендей күтетін «маусымашар» тойы өкпесіз өтті бұл жолы. «Өкпесіз» дейтініміз, жыл сайын дәл осы мезгілде әлеуметтік желілерде айтылатын өкпе-наздар, орынды-орынсыз тілектер бұл жылы атымен жоқ. Бұл — жаңа маусымның басты жаңалықтарының бірі.
Ал, маусымашарда есте қалған кімдер бар? Айта жүретіндей не бар? Сонымен, сыртқы һәм ішкі көзге түскен қызықтармен бөліссек. Ең басты жаңалық онлайн-трансляция. Әлеуметтік желіде алдын-ала талқыға түскен бұл жаңалыққа кейбір көрермен қуанса, кейбірі «қайта көргенде қызықсыз болып қалады» деп назын білдірді. бірақ, көптің көңілінен шыққан онлайн-трансляция редактура күндері жүргізіліп, командалар халықтан да шынайы бағасын алғаны рас.
- Жалпы сайтқа тіркелген командалар саны бұл жылы — 257
- Маусымашарға келген команда саны — 181
Жас Жайдарманшыларды қуантқан тағы бір көрініс — JAIDARMAN OFFICIAL-дың инстаграмдағы 26 012015 «лайк» жинаған өз фотолары. (Мәселен мынадай)
- ЕҢ КІШКЕНТАЙ КОМАНДА бұл жылғы маусымның ашылуына әдемі ат салысқан— «БАУЫРСАҚТАР» Қостанай қаласы, №14 бөбекжай- бақшасының бүлдіршіндері. «Командаға бір орысты алып келіп, сонымен елді күлдіреміз дегенді қойыңдаршы?!» деп ашығын айтып күлдірген балапандардың ақылын «Жайдарманда» жүрген біраз команда «тыңдау» керек. Ал, «Бауырсақтар» өссе, біраз асуды алары анық!
ЕҢ СҮЙКІМДІ КОМАНДА — «Тәтті құрама» . «Жайдары Жас Ұлан» фестивалінде көзге түскен бүлдіршіндер үлкен сахнаға дағдылана бастапты. Өсу бар. От бар! Жалын бар! Фестивальге лайықты әзілі де бар. Тәп-тәтті балалар «Бой жетпегендерді» де таң қалдырды ма екен?!))
ЕСТЕ ҚАЛҒАН — талассыз, «90-60-90» болар, ә?! Шығыстың шырайлы қыздары босанғанда толып кетеміз деп уайымдамайсыз деп, төтесінен қойды.) Салмақты әзіл! Иә, бұл — Жайдарман!
- Жаңалық — «Тек қана қыздар» мен бір ұл) Елдос!
- Қимай қоштасқан, маусымда ақтық сөзін айтып кеткен — чемпиондар! «ҚазҰУ» құрамасы.
- Әдеттегідей, маусымда күткен «Қармақшы» мен «Сырдария» құрамалары.
- Күлдіре алмаған (мүмкін, әзілдері салмақты?!) — «Күлкі терапиясы»
- Күмілжіткен, күткен, келмеген — «Сығаев Нұрперзент»))
- Залды «гірк» еткізіп — бәрімізге үміт сыйлап кеткен «Жас НАР»
- «Жыртатын» — Тараздық сұлулар «10-планета»
- Тағы да маусымда — «Абай даңғылы-8»
- Маусымда аты бар Ақтөбелік «Әдемі»
- Өткенді ұмыту керек «Үлкен кісілер»
Бас-аяғы 300-ге тарта команда, 1-турдан өткені бар, 2-турдан өткені бар. Гала-концертке жолдама алған 46 команда бар. Әйтеуір, барлығы дерлік риза пейілмен жылы қоштасып, өздері ойын көрсететін лигалаларды анықтап тарасты.
Командаларға «тарих маусымы» тариихи сәттер сыйласын! Ал, біз сіздерді 1\8 ойындарында күтеміз!