— «Маусымашар-2015» фестивалі көрермендер сіздерге риза бола алмадық дейді. «КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫ» неге «көңілсіз» болды?
— Фестивальде өзімізді толық қырымыздан көрсете алмағанымыз рас. Оған бірінші себеп дайындықтың аз болуы. Сосын, мұны көп жайдарманшылар да білетін болар, фестиваль — жаңа маусымның бастауы болғанымен, өзіндік көзге көрініп, саусақпен ұсталмаған, тіпті ешқайда жазылмаған ішкі заңы бар. Ол – фестивальде барынша шашылмау, яғни шектен тыс мықты көрінбеу. Бұл алдағы ойындарыңның әлсіз не мықты болуына әсер етеді. Сені фестивальде мықты деп сенген көреремен, кейінгі ойындарда бірден көңілі қалып та қоюы мүмкін. Біз, осы ұстанымды ескеруге тырыстық.
— Әлеуметтік желілерде сіздерге сын көп айтылып жүр. «Команда шын мәнінде шаршаған» деген кері пікірлер де жоқ емес. Осы сәтті пайдаланып, көрермен мен оқырманға айтарыныз бар ма? — Сахна мен зал бар жерде өнерпаз бен көрермен бар жерде сын ешқашан қалмайды. «Жайдарман» Республика көлемінде таратылатын жоба болғаннан кейін, бар халықтың көңілінен бірдей шығу мүмкін емес. Қанша команда болса сонша сүйспеншілік, сонша сын, сонша кері пікір ілесіп жүреді. «Күлкі терапиясы» өз межесін бағындырмағанша «Жайдамарннан» шаршамайды. — Командада қандай өзгеріс болып жатыр? Мысалы, маусымашарда үнді жігіттер көрінбеді. Жалпы, «Күлкі терапиясын» Жайдарман тарихындағы ең көп құрамы өзгеріп отыратын команда деуге болады. Командада ойыншылар тағы да өзгере ме? — Әрине, онсыз болмайды. Медициналық университетте өнерлі жастар көп. Барлығы да бағын сынап, өзін көрсеткісі келеді. Мұндайда, ерте шығып, белін бууға тырысамыз. Осы маусымда жаңа стильмен, жаңа бағытпен шығамыз деген жоспар бар. Ал, алғашқы өзгерісті алдағы 1\8ойындарынан көре аласыздар. — Финалда ең бірінші жіберген қателігіміз командада финалдық тәжірибе болмауында.
— Бірде бап шабады,бірде бақ жанады. Бірақ, солай екен деп, «Әдебиет маусымындағы» әсерден арыла алмай жүрген жай жоқ. Бәрін ұмытып, дайындыққа кіріскенбіз. Әзірше, қалай таң қалдыратынымыз құпия болсын. Ойында өз бағасын бере жатарсыздар. Дайындық демекші, терең білімді талап ететін, медициналық оқу орнында оқығандықтан, команданы жинау қиын. Көп жағдайда осы тұста сүрініп жатамыз. Дегенмен, дайындыққа бар күшімізді салудамыз.
|