24 мамыр күні Ақтөбе облыстық мектеп лигасы ойындарының жартылай финалдық бәсекесі өтті. Оқу мен «Жайдарманды» қатар алып жүретін мектеп оқушылары бүгінгі додаға мықты дайындықпен келіп отыр. Оны жиналған көрерменнің қол соғысынан да байқауға болады. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс екі кезеңнен тұрды: 1.Сәлемдесу. 2.Әуенді көрініс.
Жартылай финалда өнер көрсеткен командалар:
- Қандыағаш — «Ер-Алаш»
- № 6 мектеп — «Ақтаев жастары «
- № 52 мектеп — «Некрасов 63»
- № 37 мектеп — «37 құрамасы «
- № 34 мектеп — «Ерекше»
- № 33 мектеп — «Бәрекелді»
- № 51 мектеп — «Ақ тұлпар «
- № 24 мектеп — «Осал емес «
- № 35 мектеп — «35 өрендері «
- № 40 мектеп — «Сақ жұлдыздары»
- «Хромтау ауылдар құрамасы»
Ойын қорытындысы бойынша «Сақ жұлдыздары» (8,6), «Ақ тұлпар» (8,6), «Осал емес» (8,4) «Бәрекелді» (8,2) жайдарман топтары финалдық сайыстарға тікелей жолдама алды. Ал «Хромтау ауылдар құрамасы» (7,4) және «35 өрендері» (7,8) қазылар алқасының шешімімен келесі ойында сайысқа түсетін болады.