Редактордан сараптама | Жоғары лига. Ширек финал. Бірінші бөлім

 

Ізін суытпай Жоғары лиганың алғашқы 1/4 финалын сараптап көрелік…

«13-ШІ АЙМАҚ»
Ескі «квннен» қалған жалғыз тұяқ. Командаға сол ескілік мінез кедергі болды. Ол әрине, дайындық аздығы, ойында бірдеңе етіп «кіргізіп» жібереміз деген ой. Мүмкін дайындалуға кедергі болған басқа да себептер бар шығар. Бірақ қалған топтар тас түйін дайын келген кезде, жамалмаған жырықтары ап анық көрініп қалды. Тәжірибелі ойыншылар, тек қана оларға ғана кешірімсіз «ойнату» қателіктерін жіберіп алды. Сондықтан төмен баға алып қалды. Сәлемдесуде «1» деген бағаға лайық болмаса да, ол бағаны түсінуге болады. Маратқа өз жерлестерінің үмітін ақтамағаны қатты тиген болу керек, сабақ болсын деп қойған шығар. Қайталап айтам ол бағаны тек шымкенттік командаға тек шымкенттік әділ қазы қоя алады. Сәлемдесудегі топтың өздеріне деген антипатия жинап алуы, келесі турларда да кедергі келтірді. Бейнесайыс орташа болса да, жамбы ату мен СТЭМ «залды жырту» көрсеткіші бойынша ойында ең жоғары болды. Бірақ СТЭМдегі жинақылықтың жетіспеушілігі мен жамбы атудағы өтпей қалған бір-екі ғана әзіл баллдың төмендігіне алып келді. Бірақ бұл командамен қош айтысуға ерте екенін ұмытпаңыздар. Оныншы жолдама 1-4 тен «ұшқандар» фестивалінің қорытындысы бойынша беріледі, Қуатжан «фестивальдық ойындар корольдерінің бірі». Сәттілік!!!

АЯГӨЗ ҚҰРАМАСЫ
Неге екенін білмедім, бірақ бұл ойында сәттілік Аягөздіктерден мүлдем басқа бетке бұрылып кеткен секілді. Айтып тұрғаным сахнадағы ойын емес, ойын алдындағы дайындық кезеңі. Ойынға 1,5 күн қалғанда команданың хабарлаушысы ойламаған жерден қолын сындырып алды, топ жігіттері дайындалу орнына түнімен жүгіріп, Асхатқа операция жасатып, ұайым қайғының астында жүрді. Асхат тез жазылып кет те, ҰБТ-ны жақсы тапсыр! Сол себептен жігіттерде шаршаңқылық байқалды. Сәлемдесуде мамандандырылған хабарлаушының болмауы ойын динамикасын бір қалыпты ұстамады. Бейнесайыс барлық топтармен бірдей болды да, Қошан жамбы атуда жіберіп алды. Ал СТЭМ жоғары аталған оқиғадан кейін жазылғанын ескерсек, қандай болғанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Аягөзге бұрынғы ойындардағыдай бас айналдырарлық динамика жетіспеді. Бұрын сахнада қанша жігіт тұрғанын санап үлгемейтін едік, күліп… Осы жолы Алла Пугачеваны гримсіз көргендей болдық. Сәттілік, тағы да сәттілік!!! Қалғанын, не істеу керек екендігін өздерің де білесіңдер! Ең бастысы ештеңе кедергі болмасын…
КҮЛТЕГІН
Алмас Көзілдірік ағамыз дұрыс айтқандай өсім жоқ… Бірақ жігіттер осы ойынға деген дұрыс бағыт таңдаған. Сценарий «жаңалығы» жағынан өсім болмаса да, өздеріне жетіспей келген актерлық шеберлік пен жинақылық жағын дамытқан. «Бум» жаңалық әкелмесе де, дұрыс сапалы әзілдерін жеткізе білген. Сәлемдесу мен бейнесайыстан алған екінші орын, СТЭМ ұпайы бойынша бірінші орын бұл топқа келесі турға өту мәселесін шешіп тастады. Жамбы ату ойнай алатын ойыншы табу керек. Жартылай финалда сценарийлік «БУМ» күтеміз.
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА
Тәжірбиені дұрыс қолдана білген жалғыз топ. Жігіттер әзілге тойып, сол әзілдердің келесі деңгейіне шығып кеткен. Бірақ әділқазы мен көрермен «гонның» ол деңгейіне жетпегенін ұмытпау керек. Ол деңгейге жетпейді де, өйткені олар жайдарманмен өмір сүрмейді. Сондықтан бәрінің миына түсінікті, «дұрыс» (правильный) әзілдеріңе қайта оралу керек. Бірінші орынға шығарған жамбы атудағы Беканың түр бермей оқып шығуы… Әділқазы мен халыққа көбірек «ой салыңдар». Гонмен (жүйеленген жоғары деңгейдегі гон) алтын медаль тағу қиын болады. Бірақ топтың шеберлігі мен жинақылығы өз проблемаларымен жүрген Аягөз бен Шымкент фонында көп септігін тигізді. Сәттілік!!! Маусымда…
БАЙЛАНЫС ЖІГІТТЕРІ
Жоғары лигада жаңа жұлдыз топ пайда болды. Өз еңбектерімен. Алған беттен таймау ғана керек. Бірақ алғашқы екі конкурстан максималды ұпай жинап, жамбы ату мен СТЭМ көздеріндегі онша қатты қызығушылықсыз ойнатып шығуы мені ойландырады. Мүмкін жеңетіні белгілі болғасын қолданған әскери тактика шығар. Бірақ алдағы ойындарда бірде бір конкурс беріп қоюға болмайды.

ПЫСЫ: Командалар жақсы бағытқа дұрысталып келе жатыр, көрермен қашан түзелер екен… Жеңгенді мақтап, жеңілгенді жамандай беретін ақымақ көрермернен шаршадым. Коммент жазбас бұрын білімдеріңді арттырсаңыздар. Мен барлығы туралы айтып жатқаным жоқ, тек «кейбіреулері» ғана. Сапалы білімді көрермендердің бар екендігі көңіл қуантады, бірақ неге сонша азсыздар?! Кейбір сөздерді жазған кезімде, қасында тұрған әріптерді басып жіберген болсам кешірім сұрайм)))

Қасиет КӘРІМ

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...