2015 жылғы 3-4 қазан күндері республикалық Жоғары лига ойындары жартылай финалдық сайыстары өтті. Тарихта қалар чемпионды анықтауға санаулы ғана қадамдар қалғандықтан, сахна төрі қызу сайыс алаңына айналды. Ойын төрт кезеңнен тұрды: 1. Сәлемдесу. 2.Жамбы ату. 3. Бір әуен асында. 4. Көрініс сайысы. Екі күнге созылған ойын барысында 10 команда екі топқа бөлініп, өнер көрсетті.
Бірінші топ:
- «ЖасНАР» — Алматы қаласы
- «Сырдария құрамасы» – «Сырдария» университеті, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы
- «Күлтегін» — Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы
- «Альянс» — Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей
- «Павлодар жастар құрамасы» – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы
Екінші топ:
- «Қармақшы құрамасы» – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
- «Аягөз құрамасы» – Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
- «Тек қана қыздар» — Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
- «Күлкі терапиясы» — Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды қаласы
- «Сағыз» — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
Сайыс қорытындысы бойынша «Сырдария құрамасы»,«Күлтегін», «Аягөз құрамасы» және «Сағыз» жайдарман топтары келесі кезеңге тікелей жолдама алды. Ал «ЖасНАР» жайдарман тобы қазылар алқасының шешімімен финалдық бәсекеге жолдама алды.