Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Шара 2015 жылғы 16 қазан күні сағат 15.00-де Алматы қаласы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде өтті.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарындағы аударма ісі саласының мамандары мен студенттері қатысты.
«Алтын көпір» аудармашылар байқауының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Ресей елінің арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, дарынды аудармашыларды анықтап оларды ынталандыру.
«Алтын көпір» аудармашылар байқауына жұмыстарды қабылдау 2015 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында жүргізіліп, поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аудару аталымдары бойынша анықталды:
«Поэзия қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы
1 орын — Абдрахман Досов
2 орын — Мейрам Жұмабеков
3 орын — Зәуреш Байзақова
«Поэзия орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы
1 орын — Кенжебай Ахметов
2 орын — Ақылбек Шаяхмет
3 орын — Ләйлә Асқар
Ынталандыру сыйлығы — Ақсұңқар Ақынбаба
«Проза қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы
1 орын — Анатолий Ким
2 орын — Айгүл Кемелбай
3 орын — Аслан Жақсылықов
Ынталандыру сыйлығы — Роман Тоқбергенов
«Проза орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы
1 орын — Арман Әлменбет
2 орын — Қуандық Шамахайұлы
3 орын — Айман Мұқышева
Ынталандыру сыйлығы — Айбота Жаппарберген
Ынталандыру сыйлығы — Мәриям Әбсаттар
Марапаттау рәсімінде өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, байқау жеңімпаздарының шығармалары енген жинақ таратылды.