21 қараша күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен «Атырау облысы әкімінің кубогы» сайысы өтті.
Кеш жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен Атыраулық көрермендерге ыстық сәлемін жолдап, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Респібликалық деігейде өнер көрсетіп жүрген 8 команда «Әкім кубогын» сарапқа салды. Олар:
- «Арал-Ас» — Қызылорда облысы
- «ҚазИИТУ» — Батыс Қазақстан облысы
- «Сағыз» — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
- «Фемида» — Ақтөбе облысы
- «Өнерпаз» — Атырау қаласы
- «Боранқұл» — Маңғыстау облысы
- «Грант» — Батыс Қазақстан облысы
- «Құрманғазы жастары» — Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Командалар сәлемдесу кезеңі бойынша өнер көрсетіп, астарлы әзілдерімен көрермендердің де, қазылар алқасының да көңілінен шыға білді.
Қазылар алқасының құрамы:
- Қойшығұл Жылқышиев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Тамаша» ойын-сауық отауының тұңғыш редакторы
- Төлеген Жангелдиев — ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
- Мейірім Қалауи – Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
- Балауса Халелова – «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редактор-жүргізушісі
- Санжар Шахманов – Ардагер жайдарманшы
Сайыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен «Сағыз» құрамасы «Атырау облысы әкімінің кубогын» иеленіп, 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені қанжығасына байлады.
Ал, «ҚазИИТУ» командасының белді ойыншысы Қабол Тілеков «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.