Қазан және наурыз айында Көкшетау қаласында Ақмола лигасы «Тарих маусымының» ойындары өткізілген болатын. Ақмола лигасында көкшетаулық жайдарманшылардан бөлек, Қызылжар, Қостанай, Астана қалаларының үздік жайдарман топтары өз бақтарын сынады. Биылғы маусымның атап айтатын ерекшелігі — маусым бойы Ақмола лигасындағы топтармен республикалық деңгейдегі «Назар аудар» тобының ойыншысы Мәди Абдуғалиев жәнеде «Нұр» жайдарман тобының капитаны Қасиет Кәрім редактор редактор ретінде жұмыс жасады. Ендігі кезек көптен күткен финалда. 12 мамыр күні Көкшетау мәдениет сарайында финалдық сайыс өтеді. Финалистер: «Құтқарушылар» КТИ құрамасы, «Бейбарыс» Степногорск қаласы, «Құрмет» Көкшетау қаласы, «Айқаракөз» Астрахань ауданы, «Бестөбе құрамасы» Бестөбе, «Шу құрамасы» Көкшетау қаласы.