Жетісу аймақтық лигасы Алматы облысының жастар ресурстық орталығы мен Алматы жастар саясаты басқармасының қолдауымен Талдықорған қаласында керемет мини-футбол жарысын өткізді. Республикалық деңгейде ойнап жүрген Алматы облысы құрамасы «Шапалақ» командасы Талдықорған қаласының жас командаларымен, сонымен қатар 5-10 жыл бұрын жарқыраған жайдарманшылармен футболда бақ сынасты. Бас жүлде «Қалай екен» командасының еншісінде. «12 мектеп», «ЖТФ Жайсандары» командалары да керемет ойынмен көзге түсті. Алматы облысы құрамасы «Шапалақ» командасынынң капитаны Орынбасар Серікбай ойын алдында допинг-тест өткізіп, қанында мельдоний табылып, ойынға қатыстырылмады. Осындай жарыстар арқасында достық беріктеніп, командалар арасында қарым-қатынастар жақсарып, салауатты өмір салты ұстанады деп нақты айта аламыз. Барлық командаларға рахмет!