Блиц- сұхбат: Ернар Боранғалиев

Ернар Боранғалиев — «Жерұйық» командасының ойыншысы. 
1. Қай жылғысыз?
— 1991 жыл, қаңтар айының 19-шы жұлдызы
2. Қай өңірденсіз?
— Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосы
3. «Жерұйық» командасына қалай келдіңіз?
— Өте ұзақ әңгіме, оны шәй ішіп отырып айту керек. Себебі, оған дейін жайдарман ойнамақ түгілі, сахнаға шығып, қолыма микрофон ұстап көрген адам емеспін.
4. Сіздерді алғаш көрермендер қалай қабылдады?
— Жерұйық КВН командасын алғаш қалай қабылдағанын білмеймін. Себебі, команданың 14 жыл тарихы бар. Мен тек соңғы 3 жылын ойнадым! Былай жақсы қабылдандық, ең бірінші ойынымда
5. Өзіңіз айтып өткендей команданың 14 жылдық тарихы бар екен, осы команданың аға жайдармаршыларымен араласып тұрасызба?
— Иә, әрине ата-анамызбен, отбасымызбен тығыз қатынастамыз
6. Сіз алғаш «Жайдарман» ойнаған кезде қай маусымда шықтыңыз?
— 2011 жылы, маусымның аталы есімде жоқ
7. «Жайдармандағы» өзіңізге ұнайтын сайыс?
— Биатлон
8. Қоғамдық орындарда жайдарманшы ретінде танып жата ма?
-Иә, әрине
9. «Жерұйық командасының» басынан кешкен қызықты оқиғасын айтып берсеңіз…
— Жаңаөзен қаласында бір жарыста «ӨзенМұнайГаз» компаниясы бізге бас жүлдеге ноутбук берген болатын. Соны команда капитанының сөмкесіне салып, ішінде менің қызыл бабочкам да болды. Сол сөмке жолда Құлсары қаласында аялдап тұрғанда өзімен-өзі жоқ болып кетті. Ұрланды ма, білмейміз әйтеуір жоқ))
10. Ең алғаш Астанаға келген кез несімен есте қалды?
— Өте қатты суығымен. Ондай суықтықты бұрын көрмеппін
11. Жақын араласатын жанкүйерлеріңіз бар ма?
— Бар
12. Өзіңізді актерлік қырыңыздан сынап көру ойыңызда бар ма?
— Жоқ😊 Басқа шаруамен айналысқым келеді.
13. Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
— 5-ке оқыдым. Мақтанғаным емес, бірақ шыныменде тәртіпті болдым.
14. Жас жайдарманшыларға берер ақыл кеңесіңіз?
— Ізденіс, достық, ұрланған әзілдер ойнамасын, ішпесін, шекпесін)))
15. «Жайдарман — сіз үшін» осы сөйлемді жалғастырыңызшы?
— «Жайдарманның» маған берген өте көп:
*Адамдарды күлдіртуді, оларды күлдіріп, өміріп ұзартуды
*Достарды берді. Құдайға шүкір, еліміздің барлық қалайсында бір үйім бар күтетін)
Ең бастысы жайдарманға дейін мен Ресеймен шекаралас жерде тұрғандықтан, орыс тілінде сөйлейтін едім. «Жайдарманнан» кейін тек қазақша сөйлейтін болдым. Көп айта берсем, ең бастысы осылар
— Рақмет керемет сұхбатыңызға! Алдағы уақытта сәттілік тілейміз!
-Рақмет

Сұхбаттасқан Гүлнұр Ақынбек

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...