«Жындының айтқаны келмейді, сандырағы келеді…»
Сонымен «Маусымашар» өтті, сертификаттар таратылды. Алда «Әдебиет маусымы». Жаңарған Жоғары лига. Бөтен ешкім жоқ, барлығы былтырғы телелигалардан таныс топтар. Кімнің мүмкіндігі қандай, бұл сұрақ бәрін мазалайды. «Бақ шабады ма, бап шабады ма?» дегендей ойыншылар болжам жасауға құлықтары болмайды. Сұрасаң «Ойын көрсетеді» деген стандартты жауап аласың. Ал менің нем кетіп барады, шәй ішіп отырып өз ойымды жазып тастайын… Сонымен:
Жоғары лига, бірінші топ.
1. «ҚазҰУ құрамасы», Алматы қаласы Екі рет «вице» атағына ие болған жақсы топ. Чемпиондыққа үміткер. Ішкі ойым осылар биыл чемпион болады-ау деген болжам айтады. Оның бірнеше субъективті себептері бар, ол туралы финалда айтармын:)
2. «АЭСА», Алматы қаласы Премьер лиганың финалистері. Болашағы бар. Жоғары лигадағы бірінші жылында кемі жартылай финалға барады. Бірақ дәл осы стильмен финалға шығып, тіпті чемпион болады деп сену қиын.
3. «Павлодар жастар құрамасы», Павлодар қаласы Жоғары лигадағы ең «кәрі» топ болғанымен аутсайдер ретінде осыларды көремін. Үш жылда еш өзгеріс жоқ. Классикадан бас тартып, басқа бір нәрсе ойлап таппаса жағдайлары қиын. Әншілері бар, биді де қатырады (жергілікті ойындарын көрген едім) бірақ неге өз потенциалдарын толық пайдаланбайтынын түсінбеймін…
4. «Күлкі терапиясы», Қарағанды қаласы Былтырғы жартылай финалистер биыл жетістікке жету үшін саяси әзілден бас тарту керек, әйтпесе «Экспресс» деген монстрдың қасында көрінбей қалады. Түрлі ұлт өкілдерінің мүмкіндігі әлі ашылған жоқ. Аман-есен ширек финалға өтеді, онда жолдары болса, биыл тағы жартылай финалдан қайтады-ау.
5. «Абзал жандар», Ақтөбе қаласы Тағы бір аутсайдер. Басты қателік-сенімсіздік. Бірақ, маусымашарда бір ізденіс байқадым, әлі де жеткізу жағынан кемшілік болып жатыр. Бірінші ойындары биылғы ойындағы соңғы ойындары болып жүрмесе болды…
6. «Күлтегін», Астана қаласы Мүмкін болатын финалист. Егер қатты еліктемесе… Реквизит жасаймыз деп әзілді ұмытып кетпесе… Егер былтырғы қателіктерді қайталамаса…
Жоғары лига. Екінші топ.
1. «Экспресс», Ақтөбе қаласы Қайта оралуларыңмен! Жігіттер алдыңғы жылы «расслабон» ойнап өздері байқамай чемпион болып кеткен. Биыл елдің өсегі жүйке жүйелеріне салмақ түсірмесе біразға шабады. Негізі оларға тағы да чемпион болған қызық емес шығар))
2. «Демеушіміз болашақ», Астана қаласы Барлығы авторларға байланысты топ. Қырғыз мойындамайды оны әрине. Көңіл күйлері болса бәрін төңкеріп тастайтын, зауықтары соқпаса соңғы орын ала салуы да мүмкін…
3. «Тараз 2000», Тараз қаласы Осы топтың аутсайдері. Жігіттерде жаңалық жоқ. Барлығын сүйрейтін көшбасшы жоқ. Әзілдеріне салмақ қосып, өздері де салмақтанбаса, бірінші ойында ауылдарына қайтады.
4. «ЖасНар», Алматы қаласы Биыл жолдама беретін ешкім жоқ, өздері аға болды))) Барлығы тамаша, бірақ өткен маусымда жолдары болмаған себебі тым жеңіл ойнайды. Егер «Экспресс», «Күлкі терапиясы», «Алғабасар» сияқты ауыр салмақтағы әзілдер айтатын топтар бар екенін ескерсек, қасында айтқандарының мағынасы болмай қалады. Жетер шыңы жартылай финал.
5. «ҚМУ құрамасы», Қостанай қаласы Сенімді. Мығым. Бірақ үлкен ойындардың тәжірибесі жоқ. Шешуші сәтте психологиялық түрде жеңіліп қалады. Ширек финалды екінші рет қайталайтын шығар. Айтпақшы, тіпті осы бірінші ойында да шығып қалу қаупі зор.
6. «Тұңғыш астана», Қызылорда қаласы Өте жақсы топ. Ақтық сайысқа дейін жетіп, Премьер және Жоғары лиганы қатар ұтқан тұңғыш команда атанса таң қалмаңыздар!
Жоғары лига. Үшінші топ.
1. «Сағыз құрамасы», Атырау облысы Биылғы қарқындарын көрмедім. Кемінде жартылай финал екені анық. Соңғы кездері ізденетін аз команданың бірі екенін ескерсек финалдан да көріп қалуымыз ықтимал.
2. «Тек қана қыздар», Алматы қаласы Биыл демалысқа кету керек еді. Ешқандай жаңалық жоқ. 1/8 финалдан соң мәжбүрлі демалысқа кетеді ау…
3. «13 аймақ», Шымкент қаласы Қуатжанның демалып келгенінен жаңалық күтіп едім. Өкінішке орай үміт ақталмады. Мереке екеуінің стилі ұқсас және бір топта екенін ескерсек… Бір дүр еткізетін жаңалық керек…
4. «Тереңөзек құрамасы», Қызылорда облысы Маусымашарда көңілім қалды. Жеңіл ойнайтын, Премьер лиганың командасы. Осыны оқып, ренжіп, бір «жындыыыы» сценарий алып келмесе, Бахалекке биылға бөлінген бюджетті игере алмай қалу қаупі бар.
5. «ҚазИИТУ», Орал қаласы Жақсы топ, өнерлі топ, талантты топ. Бірақ араларында лидер жоқ. нақтырақ айтсақ лидер көп. Ол да бөгет. Топ ішінен үйлесімдік тапса деген тілек. Ширек финал болады-ау биылдыққа…
6. «Аягөз құрамасы», ШҚО Керек кезде жинала алатын, ойындарына көңіл-күй әсер етпейтін сирек топ. Жартылай финал деп батамды бердім. Мүмкін соңына дейін барар. Еңбекқор екендері анық…
Жоғары лига. Төртінші топ.
1. «Альянс», Семей қаласы Биылдыққа ең үлкен қателік жасаған осы топ. Хамит сияқты бір күні маусымашарда қоштасып кетпесе болғаны…
2. «Мұнай тамшылары», Маңғыстау облысы Жігіттерде бәрі бар. Актер, әзіл, әдемі түр. Тек бақтары ашылмай жүр. Тәжірибені есепке алсақ финалдан көргім келетін топтардың бірі.
3. «Байланыс жігіттері», Алматы қаласы Ширек финал. Жігіттерге Отан қорғау керек. Біз оларға сеніп тыныш ұйықтап жүрсек, олар Жайдарман ойнап жүр)))
4. «Абай даңғылы», Алматы қаласы Қиын Оңдасынға. Жаңалық керек. Брюс Ли бекер имидж өзгертті. Соңғы ойындары тек маусымашардағы эксперимент деп сенейік.
5. «Әдемі», Ақтөбе қаласы Алмат махаббатын тастап, айданандан құтылып, таза шығармашылықпен айланыспаса алғашқы ойында ауылдарына қайтады. Сезім мен ойынды арлаастырмасаңдаршиш…
6. «Алғабасар», Жамбыл облысы Осы маусымға ажар беретін топтардың бірі. Финалда көремін. Қасында «ҚазҰУ» мен «Экспресс» қатар тұрса «Әдебиет мауысы» өз миссиясын толық ақтайды…
Жалпы осы. Көңілдеріңе келсе де, келмесе де түйгенім осы. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
Алмас (Көзілдірік) Тоқабаев