Премьер лига. Жартылай финал. Бірінші топ | Онлайн репортаж

Қайырлы күн, достар!
Жазғы демалыстан келген жайдарманшылар маусымның екінші жартысына аяқ басты. Бүгін алғашқы ойын. Республикалық Премьер лига ойындарының жартылай финалдық бәсекесі. Бірінші күн. Бірінші топ.
Жыл басына қарағанда премьер лигалықтар ширай түскен, тіпті араларында шеберлері де бар. Қайсысының нақ шебер екенін бүгінгі және ертеңгі ойын көрсетеді. Маусымның соңғы ойынына жолдама үшін таласқа түсетіндер:
«Шымкент жастар құрамасы», Шымкент

«Боранқұл», Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы 

«Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы

14

«Шу — Чу», Жамбыл облысы

«Достар», Семей

 

«Мардан ұландары», Шымкент

Жартылай финалдың жалпы таырыбы: «Қазақ әдебиеті». Ал, сайыстар: Сәлемдесу «Әдебиет — асыл қазына»; «Егер…, онда…» сайысы; Көрініс «Менің сүйікті шығармам».
Сәтін салса, өте қызықты ойын болмақ. Астаналықтар мен қала қонақтарын сағат 18:00-де «Жастар» сарайында күтеміз. Басқа қаладағыларға осы тікелей репортажға қанағат етуге тура келеді енді))

Қайда жастар, қайда?! Кеттік бастап біз)
Зал толы. Жайдарманды, жайдарманшыларды, «Жастар» сарайын сағынған көрермен. Ал, қазылар: Нұрмахан Ахметов, Рүстем Елжанов, Алдан Жылгелді, Жарқын Түсіпбекұлы, Алмас Тоқабаев.
Алғашқы «Боранқұл». Өз ауылдарын мақтаудан бастады. Ауылда күнделікті қолданыстағы қарапайым легеннің қызметтері туралы.
Залды жақсы қыздырғандай болды.
«Мардан ұландары» екі-ақ ойыншы боп шығып, залды «төңкеріп» жатыр. Қысқа-қысқа әзілдер жиынтығы көрерменнің көңілінен толық шыққан болуы керек, ұзақ шапалақтады.
«Достар» әдемі, өте әдемі әуенмен шықты. Әзілдері де әдемі.Тек халықтың қабылдауы әлсіз немесе әзілдер олар ойлағаннан әлсіздеу.
«Шу-Чу», оооой бір Шуға барып келгендей болдық. Шуға барғанда да, былай күлмейтін секілдіміз. Әрине, бұл жолы да туған жерлерінде өсетін «киелі» өсімдікті әзілдеріне дәйек қылған. Алайда, залдың қабылдауы керемет болды. Қазылар алқасы не дерін көрерміз?!)
«Шымкент жастар құрамасы» Хадишаның дауысына сөз жоқ. Керемет орындау. Тағайдың әңгімелері одан да өтеді.
«Қармақшы құрамасы» ең үздік сәлемдесу. Толық жазу мүмкін емес. Күлуден қол тимей жатыр.
Бағалау:
Боранқұл 44435 4
Мардан ұландары 53545 4,4
Достар 34434 3,6
Шымкент жастар құрамасы 44443 3,8
Қармақшы құрамасы 55555 5

«Егер…, онда …»
Боранқұл 34234 3,2
Мардан ұландары 32225 2,8
Достар 22223 2,2
Шу-Чу 13233 2,4
Шымкент жастар құрамасы 45334 3,8
Қармақшы құрамасы 13244 2,8

Шу-Чу. Шулықтар қыз алып қашып келіпті. Ал, қуғыншы боп келген жан өте қатал екен. Білсеңіздер кім екенін, ары қарай не болғаны да түснікті болады. Сонымен, қыздың ағасы Мейрамхан Шалқыбаев.
Мардан ұландары. Әкесіне машина соқтырып алғанын домбырамен жеткізгісі келген жігіттің оқиғасы. Оған досы көмектесіп, артық қылды ма, тыртық қылды ма оны өздеріңіз көре жатарсыздар. Әлгі бала өзінің өзге ұлттық әкесі Максимге ( Аграрка сарбаздары) анық түрде жеткізгендей болды. Оны ол кісі дұрыс түсінді ме, әлде бұрыс па? Міне, сұрақ! Ал, қазылар қалай түсінді екен?
Достар. Семейдегі әкімдердің жиі ауысатыны соншалық, тіпті кейде құбыр жөндеушілер де 5-10 минут брла тұрады екен. Солардың бірі әкім-сантехник Дархан Карипов. Күлдірді)
Боранқұл. «Үш жүз спарталық» шығармасы желісімен қойылым ұсынуда. Көз қызығар көрініс. Қалқан, найза, қайратты жігіттер. «Бұл — Спарта!» деген абыр-дабыр. «Абыр-дабыр» демекші, команданың жұлдызды қонағы Асылұлымбек Ахметов. Жолын берсін)
Шымкент жастар құрамасы. Қозы мен Баянның хикаясында көз түспей, сөзге ілікпеген де ғашықтар бар. Міне, солар туралы көрініс. Бұларға да Қодар кедергі жасайды. Әдейілеп емес, солайіболып қалды енді) Қодар — Әділет Төлеутаев.
Қармақшы құрамасы. Жоңғарды тұтқынға алып, басын кеспекші. Ал, жоңғар Ғалым Махамбетов. Жағдай қалай өрбігенін теледидардан көріңіздер. Айтып қойып, қызық болмай қалар. Ал, біз күліп алайық асықпай. Бір нәрсені айтайық, қармақшылықтар жоңғарға қамажай билетіп жіберді)

Боранқұл 55544 4,6
Мардан ұландары 43324 3,2
Достар 33333 3
Шу-Чу 43334 3,4
Шымкент жастар құрамасы 44443 3,8
Қармақшы құрамасы 45444 4,2

ҚОРЫТЫНДЫ
Финалға тікелей жолдама алған:
Қармақшы құрамасы 12
Боранқұл 11,8
Резервте:
Шымкент жастар құрамасы 11,4
Мардан ұландары 10,4
Шу-Чу 9,6
Достар 8,8
Ойын тәмам! Ертең кездескенше, достар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...