Қараша айы финалдық ойындар уақыты екендігінен хабардар шығарсыз. Әрқашан, нендей шарада да бастау қиын. Сол сияқты, «әдебиет маусымындағы» ақтық мәренің алғашқы шымылдығын Астана қалалық біріншілігі ашты.
Елордаға арман қуып келген әр аймақтың жастарынан құралған командалар болғандықтан да, бұл ерекше ойын. Ұйымдастырушы топқа да, ойын көрсетуші тарапқа да жауапкершілікпен артылған жүктің сыналар тұсы. Өз университетінде талай сыннан өткен ең үздік командалар финалға да жетті. Залда қызықты ойынның куәсі болған көрермен мен жанкүйерге лық толды. Ойын барысында алғаш болып сахнаға шыққан «Өсімдік қорғау және карантин» командасының «Финалда жеңбесек, құрт-құмырсқаға не бетімізді айтамыз?!» дегені, ду күлдірді.
Ол – ол ма, әдемі биімен көрермен назарын жаулап алған «Тұранда» Қайрат Нұртас жүр ме деп қалдық…
Тәжірибелі команда «Алтын белгі» . Ал, финалын үшін шаштарын алып келген «Энерго» шоу жасай білгендіктен де, басты жаңалық болды. Үздік ойыншы да осы командадан анықталды. Асхат — қазылардың пікірінше, үміт күттіретін дарынды жас.
«Аграрка жастары» әдеттегі патриоттық көңіл-күймен ойынды аяқтады. «ҚазИТА» құрамасы да осал емес, даяшы жігіттердің Жайдарман ойнауға тәбеттері тартып тұрғанын көрдік. Әйтеуір, Нұрболханды риза қылғаны анық)
Сахнада «Жеті жұлдыз» жарқырады, командада талап бар, еңбек бар. Ұзаққа баратындай-ақ. «ҚазИТА командасына айтыңдар, он бес адамға үстел жайып қойсын, финалды жеңіп, тойлаймыз!» дегенде, финалға өтер деп ойлағанбыз.
Сонымен, нәтиже мынадай:
III орын — екеу, «Аграрка жастары» мен «Өсімдік қорғау және карантин»
ІІ орын — екеу, «Энерго» және «Тұран»
Чемпиондар — «Алтын белгі»
Әділ де айқын ойында командалар өз дайындығы мен шеберлігіне сай марапатталып, ақшалай сыйлық үлестірілді. Жақсы көңіл-күй сыйлаған бұл ойын Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының тікелей қолдауымен жоғары дәрежеде өтті