Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қыркүйектің 11 күні Өскемен қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты — жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихы, тіл білуі арқылы өскелең ұрпақтың бойынша рухани-адамгершілік сезімді қалыптастыру. КТК ойындары арқылы мемлекеттік тілді дамыту. Қазақ тілін кеңінен қолдану аясын кеңейту және оның қоғамдағы беделін арттыру, азаматтық белсенділікті күшейту, танымдық қызметке ынталандыру.
Семинарға Өскемен қаласының республикалық, облыстық және аудандық, сондай-ақ, мектепшілік деңгейде өнер корсетіп жүрген жиырма бестен астам жайдарман топтары қатысты.