Кеш жарық, достар!!!
Бүгінгі күнді мен де, сен де, ол да, бәріміз де күттік. Иә, бүгін дәл сол күн! Республикалық жоғары лига финалы болатын күн. Мұндай финал ешқашан, ешқайда болмаған. Тек «Жайдарманда», тек «Ғажайыптар маусымында» ғана ақтық мәре екі күнге жалғасады. Доданың тартысты болары хақ.
Жеті сайыс. Құдды бір «аламан бәйге» дерсің. Нағыз жүйрік, нағыз мықтының анықталар сәті.
Жалпы тақырып: «Ғажайыптар алаңы»
1. Сәлемдесу: «Іске сәт!»
2. Бейнесайыс: «Қайталанбас сол бейне!»
3. Бессайыс.
4. «Бір әуен аясында» сайысы: «Ақтық сында ән ғажап» «.
Финалисттер: «Назар аудар», «ҚазҰУ құрамасы», «ЖасНАР», «Демеушіміз Болашақ», «Қорқыт құрамасы».
Қазылар алқасында:
Марат Достаев
Бахтияр Артаев
Мұрат Әбенов
Айбек Қалиев
Ерлан Малаев
Бірінші күн.
Ойынның басталуына бірер минуттар қалды. Зал лық толы.
«Жайдарманның» биылғы финалын тамашалауға «Казахи», «Өнер қырандары», «Арал-АС» секілді шебер КВН-шілер келіпті.
Ал, бастадық!!!
Командаларға сәттілік!
Сәлемдесу.
Шымылдықты «Жаснар» ашты. Дарханның досы Жомарт жоқ, Парижде жүр. Команда құрамында жаңа ойыншы — Алмас Сағынұлы.
Жас отбасы сәбилерге арналған дүкенде. «Нұр- Мұқасандағы» Нұрлан екі санын қатты жақсы көреді екен-мыс.
Премьер лига чемпиондары ешқашан жоғары лига чемпионы болмаған. Бұл үрдісті бұзуға келген «ЖасНАР» халық көңілінен шыққан секілді. Команда барынша тырысты.
«Назар аудар» сахнада. Олар чемпион болуға дайын, ал сіз ше?!
Қонақ шақырып жатқан апаларымыз. Екі миллион тауып алған үш жігіттің оқиғасы. Қыздарға кеңес. «Өсіп кеткен» Айтжан. Ерлан Малаев пен Марат Достаев «Қазақстан дауысында». Қысқа да нұсқа әзілдерімен көрерменді ду күлдірді.
«Қорқыт құрамасының» сахнаға шығуын Қанат Әлжапбаров пен «Баян Есентаева» хабарлады. Тура «Саз әлемінде» отырғандаймыз.
Айбек Қалиевтың сүйіктісі. Өмірде біртүрлі адамдар баршылық, автобуста өте жиі кездеседі.
Аналарымыз «бөжәйға беріп жіберемін» деп көп айтушы еді ғой. «Сол бөжәй бөжәйхана ашқалы жүр» дейді. Қызылорданың ыстық әзілдері біраз ыстықтатты бізді.
«Ұлттық құрама» бүгінгі ойынға аса батылдықпен келген. Балериналарға қайдан келген батылдық?!)) Олар енді «Ұлттық құрама» жайдарман тобы емес, «Ұлттық құрама» бишілер тобы.
«Демеушіміз Болашақ». 20 жылдан кейінгі көрініс. Болашақпен осы күннің тоғысқан кезі.
2033 жылда қандай болар екенбіз, «Жайдарман» қандай болар екен?! Жауапты білгілеріңіз келе ме? Ендеше, эфирді күтіңіздер!
Дина қыздарды алып кетем деп жатыр… Қыздар көкейлеріндегінің бәрін айтты. Айрандай ұйып отырған командада шатақ шығып жатыыыр. ТүҺ, дәл осындай ең қызық жеріне келгенде, тура түрік сериалындай бітті де қалды. Ары қарай не болар екен?!)))
Сәлемдесу аяқталды.
«Назар аудар», Орал 55555 5
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 54444 4,2
«Ұлттық құрама», Алматы 55455 4,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 54444 4,2
«ЖасНАР», Алматы 54444 4,2
Бейнесайыс: «Қайталанбас сол бейне!»
«Қорқыт құрамасы». Қызылордадағы мейрамхана. 33333 3
«Ұлттық құрама». Қорқынышты фильм. 43334 3,4
«Демеушіміз Болашақ». Жарнамалар жинағы. 44343 3,6
«ЖасНАР». Қыз алып қашу операциясы. 44444 4
«Назар аудар». Айтжан бірнеше жылдан соң. 44444 4
Бессайыс
Мақал; Жаңылтпаш; Жаңалық; Елден келген екі жаңалық.
«Демеушіміз Болашақ» 0,6
«Назар аудар» 0,9
«ЖасНАР» 0,7
«Ұлттық құрама» 1
«Қорқыт құрамасы» 0,8
Қазақ Ұлттық Университетінің құрамасы осы сайыста өзгелерден айтарлықтай озық түсті.
«Бір әуен аясында» сайысы: «Ақтық сында ән ғажап»
«ЖасНАР» Студенттердің халық әні.
Ән де бар, би де бар, әзіл де бар.
«Демеушіміз Болашақ».
Есіңде ме, сол бір ойын?! Олардың бүгінгі ойындары ешкімнің де есінен кетпейді. Нағыз музыкалық шоу болды. Вокал да, харизма да, гармония да баршылық.
«Назар аудар». «Енді сонша не болды?!» Залдағы көрермендердің әркім байқай бермейтін қылықтары. Ал, сіздер «оны ешкім байқамайды» деп ойладыңыздар ма?)))олай емеееес…
«Қорқыт құрамасы».
Керемет орындау! Бекзат Молдабергеннің талантына бас идік! Иә, Қытайды жылатқан ән, біздің көңіл күйді көтерді.
Ұлттық құрама. Арманға деген соңғы қадам. Соңғы ойын. Қоштасу әні.
«Ұлттық құрама», кетпеңдерсей, кетпеңдершищ, кетпеңдершіііііі!!!
Соңғы сайыс аяқталды.
«Назар аудар», Орал 44344 3,8
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 44444 4
«Ұлттық құрама», Алматы 44334 3,6
«Демеушіміз Болашақ», Астана 44444 4
«ЖасНАР», Алматы 33333 3
Бүгінгі сайыс тәмам.
Қорытынды:
«Назар аудар», Орал 13,7
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 12
«Ұлттық құрама», Алматы 12,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 12,4
«ЖасНАР» Алматы 11,9
«Үздік ойыншы — 2013» — Бекзат Дүйсен, «Ұлттық құрама». ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Достар, финалдық ойындардың бірінші күні осымен аяқталды. Ертең кездескенше….
Cәлееееееем, құрметті жайдармансүйер қауым!!!
Бүгін финалдық ойындардың екінші күні!!!!
Ойын бір-екі минутта басталады. Сахнада Рүстем Елжанов… Баяғы шапалақ…
Есен Елеукен: «Бар жанарды жаулаған Жайдарман ашық!»
Екінші күнгі сайыстар:
1. Еркін сайыс: «Жалғасы бар…»
2. Ширату: «Айтарыңды айтып қал!»
3. Үй тапсырмасы
Еркін сайыс.
«Демеушіміз Болашақ» алғаш болып бастады. Нұрболхан өзгерген, енді қыздарға мүлдем ұрыспайды, тіпті гүл сыйлап жатыр. Ооой, ерте қуанып қойдық, қайтадан өз қалпында((( Елордалық командаға чемпиондық кубок қатты керек-ау шамасы. Ол үшін ойнады, биледі, ән айтты, жылады, жағымпазданды, тіпті Есен ағаға массаж да жасап берді, түһ, жасамағандары жоқ….))))
«Қорқыт құрамасы» айтыстарымен ерекше. Ерлан ақын мен Асылгүл Дүкенбаева керемет айтып бастап еді. Онымен Ерлан шеберлігі аздау болды ма, Ачылгүл оны менсінбей Айбек Қалиевты шақырды. Мұндай тек «Ғажайыптар маусымының» финалында болуы мүмкін. Айбек ақын мен Асылгүл ақынның айтысы.
«Назар аудар». Орынбордың қазағының кеңесі. «Ну, что тыңдайық та оның ақылын»)))
Біріміз анамыздың, біріміз әкеміздің баласы болып бөлінеміз, иә?! Ата-анамыздың әр қайсысы өз балаларын жақтаушы еді))) Міне, сондай кездердің қызықты да, күлкілі жәйттері. Көрермен көңілінен шыққан секілді. Қазылардың да дәл солай… Ерлан Малаев қоймастан күлуде…
«Жаснар» командасы құрамында тағы да жаңа ойыншылар. «Альянстық» Дархан бірге ойнағандықтан болуы керек, бұлар таң қалдырып би билеуде. Аралдық Ақылбек те келді, алматылықтарға көмектесуге. Иә, «Арал-Астың» үмітін ақтауға барынша тырысуда.
«Ұлттық құрама» Алматыға қонаққа шақыруда. Оңтүстік астананы барынша жарнамалады. Қысқа әзілдер топтамасымен біраз күлдірді. Әдеттегі «уэхэээхээй»))) Дайындықтың деңгейі өте жоғары. Нағыз сапалы әзіл… Ұлттық колорит. Жеңіске лайық өнер көрсетілді.
Сайыс аяқталды:
«Назар аудар», Орал 54554 4,6
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 55554 4,8
«Ұлттық құрама», Алматы 55554 4,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 55544 4,6
«ЖасНАР», Алматы 44443 3,8
Ширату: Командалар ширақ. Қалай сиппаттап берерге білмей отырмыз. Не ғой, эфирді көріңіздерші))) Командалар залды «жыртып» жатыр… Сөзсіз… артық ештеңе айтудың қажеті де жоқ.
«Назар аудар», Орал 55555 5
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 55564 5
«Ұлттық құрама», Алматы 55555 5
«Демеушіміз Болашақ», Астана 54553 4,2
«ЖасНАР», Алматы 54453 4,2
Әуенді үй тапсырмасы:
«Жаснар». Әдеттегі достардың пәтердегі оқиғалары… Ертістің туған күні, бірақ дәл осы күні пәтердің ақшасын төлеу керек. Ертістің туған күнінде ешкімнің шаруасы да жоқ. Ал, ол жуас бала, ренжіген айта алмайды. Достармен бірге болсаң ренішті де, пәтерақысын ұмытып кетуге болады.
«Қорқыт құрамасы». Жазушы жігіт махаббат дастанын жазуда. Шығарманы жастарға қызықты ету үшін оқиғаны соғыста өрбітеді. Негізі, жазушының фантазиясы кең екен. Кейіпкерлермен «білгенін жасады».
«Ұлттық құрамалықтардың» бұл көрінісі бүрынғы көріністерінен өзгеше. Қорқынышты ештеңе де жоқ, ешкім ешқайда адаспайды. Қарапайым романтикалық комедия. Жігіттер пәтер жалдап тұрады. Пәтер ақысын төлейтін күн, дәл сол кезде Абылайдың сүйіктісі Малика «келе жатырмын» деп хабарласады. Үйдегі жігіттердің баратын жерлері жоқ, оған қоса үй иесі де келіп қалады.
Финалдық үй тапсырмаларының алды осы «ҚазҰУ» жастарынікі болған секілді. Зал күлкіден «бүктеліп» қалды)))
Бұл жолы «Демеушіміз Болашақ» командасы аралда адасып қалады. Аралда тек Нұрболхан мен Айжан болса да, қызық аз болмайды екен))) «Сақалды әйел адамға», «87-лер тайпасына» жолығады, алтын тауып алады, «Ілгіш мырзаның» басы шабылуға қалды.
«Назар аудар» Еуропада тұратын қазақтың жас отбасына елден ата-аналары келсе, таң қалатындары анық.
Барлық командаларды көрермен барынша қолпаштады. Ал, «Назар аударға» зал түгел түрегеліп қошемет көрсетті.
Сонымен, сайыс аяқталды
«Назар аудар», Орал 77776 6,8
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 67776 6,6
«Ұлттық құрама», Алматы 77777 7
«Демеушіміз Болашақ», Астана 77775 6,6
«ЖасНАР», Алматы 67675 6,2