Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1\8 финал. Бірінші топ

Қайырлы күн, достар!

Бүгін 25 ақпан, яғни «Әдебиет маусымының» алғашқы ойыны. Астаналықтар немесе қалаға қыдырып келгендер, кешкі сағат 19:00-де Конгресс Холлға келіп, жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстарын тамашалай аласыздар! Билеттер баршылық, келіңіздер!!! Ал, белгілі бір себептермен келе алмайтын немесе басқа қалада болып жатсаңыздар, осы жерде әдеттегідей тікелей репортаж жасаймыз.
Қатысатын жайдарман топтары: 

«ҚазҰУ құрамасы», Алматы

 

«АЭСА», Алматы

«Павлодар жастар құрамасы», Павлодар

 

«Күлкі терапиясы», Қарағанды

 

«Абзал жандар», Ақтөбе

 

«Күлтегін», Астана

Қазылар алқасы құрамында:
Ғабидолла Оспанқұлов
Нұрлан Сыдықов
Мұрат Әбенов
Максим Рожин
Айбек Қалиев
Жалпы тақырып: «Халық ауыз әдебиеті»

Ойын басталуына бірнеше минуттар қалды. Бірі гримделіп, бірі дайындалып, бірі жай әндетіп…әйтеуір бір қапылыс.

Ал, шапалақтап бастап кеттік. Рүстем Елжан сахнада. Музыкасыз, музыкамен күліп, шапалақтап оңдық))

Есаға бастады! Командалар сахнаға! Кеттік, сәттілік!!!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Қанекей, тілім, сөйлеші!»
«Абзал жандар» Бонжуғ, Астана!!! Дауысы әдемі әншісі бар екен. Оң қолдың тырнағын алу. Кітапханашылардың туған күн тойлауы. Түшшшшшшшш… «Менің атым Қожадағы» фильмге де, кітапқа да енбеген эпизод. Төлеген мен Қыз Жібек оқиғасының 9-шы нұсқасы. Әдемі ойын, жоғары лигаға сай ойын көрсетуге барынша тырысып бақты.
«Павлодар жастар құрамасы» 3…2…1… кееееттік! Барлығы бұл команда ұшып кетеді деп ойлап отыр. Бірақ, олай емеееес, өйткені олар топқа аңшы алған)) Қорқынышты фильм… хммм… түк қорқынышты емес, Абайды оқу керек. Бұлар Қайрат Келімбетовтың кабинетінде боп қайтыпты. Сіздер болжағаннан, ойлағаннан әлдеқайда жақсы ойын көрсетті.
Әдеби толқында «Күлтегін». Әдебиет деген төөөгіліп жатыр, бастайық тезірек. 7 сынып оқитын баланың түсіне енген Мағжан Жұмабаев. Аязды күні оқушыларға сабақ болмағанмен, мұғалімдеееерр… ыыыхх))) Хан бәйбішесімен үйінде.
Меніңше, еуразияшыл жастар «сәлемдесудің» нақ шеберлері»!!!
«Күлкі терапиясы». ай-ле-ле-ле… Жаңа құрам. Саматсыз бастағанмен, Саматсыз қалай болушы еді, әрине ол қайта шықты сахнаға. Пародист жігіттің Аблязовты салуы. Кітапқұмар жігіттердің қызбен танысуы. Географтың өз көлігін саудалауы. Хмммм… қызық. Жалпы өте қызық ойын көрсетті.
«АЭСА». Ерекшеленіп ән айтып шықты қазақтың қарапайым бұзық жігіттері. Михон әдеттегі әңгімесінен жіберді. Айтпақшы, ол қатал басшы емес екен, өмірі қабағы ашылмайды екен деп ойламағын! Бірақ, кереек кезде өөөте қатал!
«ҚазҰУ құрамасы» сахнаға шыққан бойда «әдебиет маусымы» екені едәуір сезіліп қалды. Астана қаласының тұрғындары да, таксистттері де біртүрлі. Үнді әдебиетіне қалай қарайсыздар?! Көлік тонау. «Сочи-2014»-ке қатысқан спортсмендермен жиналыс. Ол жерде де Қайрат Нұртас анасымен жүр. Жүрмейтін жері жоқ өзінің.
Жақсы ойын. Былтырғы маусым вице-чемпиондары биылғы «Әдебиет маусымында» аңызға жақын жүрмекші екен…
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Абзал жандар» 44434 3,8
«Павлодар жастар құрамасы» 45444 4.2
«Күлтегін» 45544 4.4
«Күлкі терапиясы» 55535 4.6
«АЭСА» 55545 4.8
«ҚазҰУ құрамасы» 55544 4.6

«Бес жаңалық» сайысы

1. «АЭСА» 44444 4
2. «Павлодар жастар құрамасы» 33322 2.6
3. «ҚазҰУ құрамасы» 44433 3.6
4. «Абзал жандар» 33322 2.6
5. «Күлтегін» 33333 3
6. «Күлкі терапиясы» 33433 3.2

«Бір көрініс» сайысы

Тақырып: «Ел аузынан…»
«Павлодар жастар құрамасы». Театралды қойылым. Алайда, актерлер басқа мамандық иелері, оған қоса әуенмен әрлеуші түнгі клуб диджейі болса, жағдай қалай болар екен?! Ең бастысы қазылар қалай бағалар екен?!
«АЭСА». Жігіттер қандай бұзық, қылмыскер болса да, үйлерінде өте қарапайым. Бүлік шығарған жігіттердің үйіне милиция қызметкері келеді. Келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұлар қылмыскерлер ғана емес, әртістер екен… иә, жігіттің сегіз қыры, бір сыры болуы тиіс.
Қорқынышты фильм… бұл жолы «Ұлттық құрамадан» емес, «Абзал жандардан». Өте қорқынышты фильм. Жақында «Ұлттық арнада». Күтіңіздер! Жақында!
«Күлкі терапиясы»  Қарағандыда кітап әлеміне саяхат жасайтын туристтік агенттік ашылған көрінеді. Мұқағалидан сусындап бастады… жалғасын айту ұшін сәл Мұқағалидан ұрттап, ой кешіріңіздер, оқып алу керек))
«Күлтегін» Күзетші ағайдың айтуымен, Ромео мен Джульеттаның ғашықтық дастаны Веронада емес, Ақмолалық базарлардың бірінде болған екен. Джульетта Капулетти киім сатушының сұлу қызы, ал Ромео Монтекки етік сатушының жалғыз ұлы.
Мұның бәрі ел аузынан…
«ҚазҰУ құрамасы».
Бүгінгі күні ел аузында не болуы мүмкін?! Әрине, МАХАББАТ. Бекзат мен Абылай бір қызды ұнатып қалады, алайда сұлу қыз… кімді таңдағанын білесіздер ме?! Білмееейсіздер, мүлде ойларыңызға кіріп-шығуы мүмкін емес… жарайды, айтайын, Нұрсұлтанды)) Бірақ бірнеше жылғы достықты ешнәрсе де, ешкім де бұза алмасы хақ… «ҚазҰУ» көрінісі әдеттен жырақтамай залды ду күлдірді.
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Павлодар жастар құрамасы» 44444 4
«АЭСА» 54555 4.8
«Абзал жандар» 54445 4.4
«Күлкі терапиясы» 54555 4.8
«Күлтегін» 55555 5
«ҚазҰУ құрамасы» 55555 5

ҚОРЫТЫНДЫ

Ширек финалға жолдама алғандар:
«Күлкі терапиясы» 12.6
«ҚазҰУ құрамасы» 13.2
«АЭСА» 13.6
Резервте:
«Абзал жандар» 10.8
«ПЖҚ» 10.8
«Күлтегін» 12.4

Ертең кездескенше! Арривидерчи, достар!!!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...