Ұлттық мұражайға саяхат жасаған жайдарманшы жастардың әсері жоғары

 

IMG_1507

Фестиваль барысында жайдарманшылар сайысқа дайындалып,өнер көрсетіп қана қоймай, түрлі ғимараттарға саяхат жасауды назардан шығармады. Ұйымдастырушылардың  түрткі болуымен әр аймақтың  барлығы 150-ге жуық жайдарманшылары ұлттық мұражайға барды.

IMG_1520

Тарихқа үңілуге беттеген жайдарманшылардың көпшілігі мектеп оқушыларынан түрады.  Мұражай қызметкерлері жарқын көңіл күймен жайдарманшыларды қарсы алып, мұражайда орналасқан тарихи құндылықтармен таныстырды. Жастардың тарихқа деген сауаты ашылып, білім жүйесін кеңейтті десек те болады.

IMG_1502

Айта өтейік, балалардың ұлттық мұражайға беттеуіне түрткі болған мұражай директоры Дархан Мыңбайдың қолдауымен жүзеге асырылды. Жайдарманшы жастар Ұлттық мүражай директоры Дархан Мыңбай және ақпараттық-имидждік  жұмыс қызметінің жетекшісі Олжас Сыдықбеков және өзге де қызметкерлерге  арнайы алғыстарын айтады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...