Бөлісу

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  жартылай финал ойындары өтті

Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте, жоғары  және  арнайы  оқу орындарымен  қатар, мекемелерде  де  құрылып, елімізде кеңінен  танылып келеді. Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Осыған орай, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ағымдағы жылдың   2 тамызында  Бейбітшілік және келісім сарайында

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  жартылай финал ойындары өткен болатын.

Нәтижесінде, үздіктері анықталып финалда бас жүлдеге таласатын командалар анықталды.

Пікір қалдыру