2015 жылғы 30 қазанда «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында «Бағымыз – бейбітшілікте, берекеміз – бірлікте» атты Жайдарман сайысы өтті.

Мемлекеттік тілді дәріптеуге бағытталған шараға Атқарушы дирекция, ЖО ҰДО, «Ақмола ЖЭТ», «Қарағанды ЖЭТ» филиалдары, сондай-ақ еншілес мекеме – «Энергоинформ» АҚ атынан 5 құрама команда қатысты.

Сайысқа қатысушы командаларды арнайы шақырылған «Жас Отан» жастар қанаты кеңесінің мүшесі Ақерке Жұманбай, танымал жайдармашылар — Ғалымжан Кеңшілік және Мәди Әбдіғалиев сынды қазылар алқасы бағалады.


Ойын «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Бір әуен аясында» және «Үй тапсырмасы» сынды 4 кезеңнен тұрды. Әр байқау әртістік шеберлік, таңдалған тақырыпқа сай болу, музыкалық әрлеу критерийлері бойынша бағаланды.

Ойын қорытындысы бойынша төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:
І орын — «Энергоинформ» АҚ командасы
ІІ орын — «Атқарушы дирекция» командасы
ІІІ орын — «Орталық ЖЭТ» филиалы командасы

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы және ынталандыру сыйлықтары табысталды.
