JAIDARMAN 25Жаңалықтарға оралу

«Маусымашар–2026» фестивалі өтті

«Маусымашар–2026» фестивалі өтті
Фото · Juzmedia

«Маусымашар–2026» қорытындысында 140 команда телелигаларда ойнауға мүмкіндік алды. Солардың 30-ы республикалық Jaidarman TOP жоғары лигасына өтті.

Қазақстан КВН одағы 22-маусымын «Кино маусымы» деп атады. Фестивальге ел өңірлерінен 200-ге жуық команда келіп, 2 500-ден астам жайдарманшы жиналды.

Маусымашар бағдарламасына алғаш рет форум енді. Онда командалар биылғы ойынның талаптарын және қозғалыстың алдағы жұмысын талқылады. Фестивальдің бас серіктесі Freedom Ticketon болды, ал AMANAT партиясы маусымға қолдауын жалғастырды.