JAIDARMAN 25Жаңалықтарға оралу

«JAIDARMAN TOP» жоғары лигасының 2-кезеңі өз мәресіне жетті

«JAIDARMAN TOP» жоғары лигасының 2-кезеңі өз мәресіне жетті
Фото · Juzmedia

Астанада өткен үш ойыннан кейін Jaidarman TOP жоғары лигасының үшінші кезеңіне шығатын 12 команда анықталды. Екінші кезеңде барлығы 21 ұжым өнер көрсетті.

Алматыдан «Проект SU» мен «Алмалы», Оралдан «Европолис» пен «Дежавю», Тараздан «OYU» мен «Әдеби жігіттер» өтті. Келесі ойында Шымкенттің «Самал 3», Астананың «Тұмар», Ақтөбенің «Sweet» командалары да өнер көрсетеді.

Жолдама иелерінің қатарында Сарыағаштың «Абырой СұңқарМед», Абай облысының «Әуезов құрамасы» және Атырау облысының «Қарабау құрамасы» бар.

Қазылар қатарында жайдарманшылар Ғалым Махамбетов, Қанат Тасхан, Рамазан Фаилов және актерлер Дәурен Серғазин, Әділ Ахмет, Қобыланды Болат болды. Ойындарға Асхат Аймағамбетов, «Жастар Рухы» жетекшісі Ақерке Искандерова және Freedom Ticketon өкілі Азамат Атагелді де баға берді.