Juzmedia
Астанада «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

30 маусымда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Заңды күлкі» республикалық ойыны өтті. Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған кешке еліміздің әр өңірінен келген жайдарманшылар мен көрермендерді қосқанда 1 200-ге жуық адам жиналды.
Командалар интернеттегі алаяқтық пен қаржы пирамидаларын сахналық әзілге арқау етті. Қойылымдарда күмәнді ұсынысты қалай байқауға болатыны, ақшамен жұмыс істегенде сақтық таныту және заң талаптарын сақтау туралы сөз болды.


Агенттік бұл ойынды «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізді. Ұйымдастырушылар қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға көмектесетін осындай ағартушылық жобаларды әрі қарай да қолдайтынын мәлімдеді.