КИНО · КАССА
«Бажа кинода» 2 млрд теңге жинады: фильм командасы мәлімдеме жасады

«Бажа» командасы Қазақстан прокатында 2 млрд теңге жиналғанын хабарлап, алғашқы толықметражды фильмін қолдаған көрерменге алғыс айтты.
Фильм 29 қазанда прокатқа шықты. Команданың айтуынша, «Бажа» киноға бірге барған мыңдаған отбасыны, бауырлар мен жақындарды тоғыстырған оқиғаға айналды. Авторлар бұл нәтижені көрерменнің қолдауымен байланыстырады.
«Отбасы деген – бір-бірімен күресу емес, бір-бірі үшін күресу!»
Қазақстан прокатында ең көп касса жинаған отандық фильмдер
Ашық жарияланған деректер бойынша іріктелген 10 фильм. Сомалар әр дереккөздің есептік кезеңіне сай, дөңгелектеп берілді. «Бажа кинода» көрсеткіші фильм командасының мәлімдемесіне негізделген.
| Фильм | Жылы | Кассасы | Дереккөз |
|---|---|---|---|
| «Заманback 2» | 2026 | 2 млрд ₸-ден астам | Asanafilm / Forbes |
| «Бажа кинода» | 2026 | 2 млрд ₸ | Фильм командасы |
| «Таптым-ау сені» | 2023 | 1,835 млрд ₸ | Forbes Kazakhstan |
| «Ыстық ұя» | 2025 | 1,755 млрд ₸ | Forbes Kazakhstan |
| «Дәстүр» | 2023 | 1,730 млрд ₸ | Kursiv |
| «Патруль. Соңғы бұйрық» | 2025 | 1,727 млрд ₸ | Kursiv |
| «Молда» | 2025 | 1,558 млрд ₸ | Rentrak / Esquire |
| «Заманback» | 2024 | 1,480 млрд ₸ | Kursiv |
| «Қолыңнан келсе алып қаш» | 2025 | 1,402 млрд ₸ | Kursiv |
| «Брат или брак 3» | 2024 | 1,301 млрд ₸ | Kursiv |
2 млрд межесі құтты болсын!
Жайдарман ұжымы «Бажа» командасын 2 млрд теңгелік жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Қазақ киносына көрерменді отбасымен бірге жетелейтін осындай туындылар көбейе берсін. Алдағы жобаларыңызға сәттілік!