SayasatLive.kz
Jibek Joly арнасында «Жаңа қазақ музыкасы» ток-шоуы басталды

«Жаңа қазақ музыкасы» бағдарламасының алғашқы қонағы әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек болды. Оны студияда жүргізуші Дастан Оразбеков қарсы алды.
Ұшқынның есімі тыңдарманға «Асау жүрек» әні арқылы таныс. Ол киноға да музыка жазады. Дастанмен әңгімеде композитор өнерге келген жолын еске алып, ұлттық әуен мен заманауи дыбысты өз шығармаларында қалай тоғыстыратынын сөз етті.

Ток-шоудың бір ерекшелігі - сұхбат пен жанды орындаудың қатар жүруі. Студиядағы музыканттар әндерді жаңа аранжировкамен сүйемелдейді, ал бэк-вокалист әңгімеге араласып, қонаққа сұрақ қояды.