Home Blog Page 9

Алғашқы түлектер кубогі

0

Биыл «Маусымашар-2019» фестивалі аясында алғаш рет «Түлектер кубогін» өткіземіз.
Қазақша КВН-нің 20 жылдық мерейтойын осылай тойлауды жөн көрдік. Сүйікті квншілеріңіз бен жайдарманшыларыңыздың КВН саxнасына қайта оралу сәтін өткізіп алмаңыздар, қымбатты көрермендер!

Бұл ерекше жобаға қатысатын командалар:

1.»Көз тимесін» Түркістан-Шымкент
2.»Техас» Шымкент
3. «Сегіз сері бір пері» Жезқазған
4. «Жарайсыңдар, жігіттер» Түркістан
5. «Ұлттық құрама» Алматы
6.»Экспресс» Ақтөбе
7.»АралАС» Арал
8.»Барыстар» Ақтау
9. «Қорқыт құрамасы» Қызылорда
10.»Абай даңғылы 8″ Алматы
11. «Тараз 2000» Тараз

Жастар жылын ерекше ойынмен бастамақпыз, ал іске сәт!

Маусымашар 2019. Ақпарат

0

«Маусымашар» фестивалі

«Маусымашар-2019» республикалық фестивалі 4-12 ақпан аралығында өтеді.

Әзірге командаларды онлайн тіркеу жүзеге асып жатыр.

Командаңызды әлі тіркемеген болсаңыз, мына сілтемеге өтіп тіркеңіз.

Фестивальдің негізгі ережелерін міндетті түрде оқыңыздар!

Жайдарман ойындары туралы, маусымашар туралы қандай да бір сұрақ туындаса, 8 707 520 52 30 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

МАҢЫЗДЫ!
Қандай лигаға жолдама алатыныңыз және гала-концертке өтуіңіз фестивальде командаңыздың қандай деңгейде ойнауына байланысты. Сондықтан, жақсылап дайындалып келіңіздер! Бес минуттың ішінде редакторлар мен жайдарманшыларды таңқалдыруға тырысыңыздар. Сәттілік!
Ең бастысы өздеріңізді тәртіпті ұстаңыздар және барлық командалармен дос болуға ұмтылыңыздар. «Жайдарман — достық мекені» екенін ұмытпаңыздар!

«Маусымашар-2019» фестиваліне тіркелу басталды

2

«Жайдарман» ойындарының 2019 жылғы «Маусымашар» республикалық фестивалі 4-12 ақпан аралығында өтеді.

Фестивальге қатысушыларды онлайн тіркеу jaidarman.kz/tirkelu сілтемесі бойынша жүргізіліп жатыр.

📞Сұрақтарыңыз болса, 8707 520 2530 нөміріне xабарласыңыздар.

Жарасым маусымының қорытындысы — 14 желтоқсан

0

14 желтоқсан күні — «Қазақстан» ортылық концерт залында жылдың басты ойыны, республикалық Жоғары лиганың финалы.
Басталуы — 19:00.
Мекен-жай — Мәңгілік ел көшесі, 10/1
Чемпиондыққа таласатын командалар:
Ақтөбелік «Фемида»,
Маңғыстаудан «Боранқұл»,
Жайық жағасы Оралдан «Грант» және үшінші мегаполистен «ОҚМПУ құрамасы» мен «Байдың балалары».
Маусымның үздігін бірге анықтайық! Келіңіздер, мерекелік демалыс алдында керемет көңіл күй сыйлауға уәде береміз!
Билеттер Конгресс Холл, Жастар сарайы, «Керуен» және «Керуен City» CОО кассаларында сатылып жатыр.

Евразиат — 2018 жылғы Астана чемпионы

0
Евразиат

«Жайдарман» ойындарының Астана қалалық біріншілігі «Жарасым» маусымын тәмамдады.

Евразиат

Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен 11 мамыр күні алғашқы ойын өтіп, 15 қараша күні маусым қорытындыланды. Біріншіліктің ойындарын биыл Қазақстан КВН Одағының Астана қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалған танымал жайдарманшы Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Елорданың 20 жылдығына арналған қалалық чемпионаттың финалында ойнағандар: «Тұран – Астана» университетінің «Тұран жастары» командасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен «Жаңатех», «Астана» медицина университетінің «МУА», Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» құрамалары және Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен екі топ «Евразиат» пен «Дастан».
Ойынға елге танымал тұлғалар, жайдарман жұлдыздары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қалалық мәслихатының депутаттары шақырылды. Қазылар алқасының құрамы да жұлдызды. Біріншіліктің тұрақты қазысы, жоғары лиганың чемпионы Әділет Төлеутайұлы, талантты актер, «Жайдарманның» ардагері, тележүргізуші Дәулет Бижанов, жоғары лиганың чемпионы, продюсер Парасат Ибраев, «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Жалын Тілеуберген пен жаңа «Шаңырақ» шоуының жүргізушісі Жұлдыз Абдукаримова финалистерге төрелік етті.

Қазылар алқасы

Нәтижесінде чемпиондық пен 75 000 теңге көлеміндегі сыйақыны «Евразиат» тобы ұтып алды. Ал 2-орын мен 65 мың теңге ЕҰУ-дың тағы бір командасы «Дастанға» бұйырды. Қола жүлдемен бірге 55 000 теңгені «Тұран жастары» еншіледі. Қазылар ойынның үздік ойыншысы ретінде «Дастан» тобындағы Таңшолпан Темірланды танып, оған 50 000 теңге сыйақы табыстады.


Сәлемдесу, әуенді жамбы ату және көрініс сайыстары бойынша жүлдегерлер анықталды. Көріністің ерекшелігі — сайыскерлер танымал жайдарманшылармен бірге өнер көрсеткендігі: Аягөз Оразғалиева, Есет Мырзағазиев, Азамат Жадырасынов, Хамит Ердехан, Мейрамхан Шалқыбеков, Бақытбек Қарамырзаев, Бекзат Дүйсенов.

20 қарашада Алматы қаласы әкімінің кубогі

0

Алматы қаласы әкімінің кубогіне арналған «Жайдарман» сайысы биыл екінші мәрте өткізіп отыр. Республикалық деңгейде үздік өнер көрсетіп жүрген командалардың қатысуымен 20 қараша күні сағат 19:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында Бауыржан Байбек мырзаның жүлдесі үшін жарысады. Бұл жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қазақстан КВН Одағының ұйымдастырып жатыр.
Жайдарман алматылық көрермендері, баршаңызды күтеміз.

Алматының студенттері арасында финал

0

Алматы қаласының студент жастары арасындағы Жайдарман чемпионатының ақтық мәресіне шақырамыз, құрметті көрермен!

Алатау дәстүрлі өнер театрында 19 қараша сағат 19:00-де Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен финал өтеді.
Чемпиондыққа таласын командалар:
1. «Апорт» командасы ҚазҰПУ
2. «АТУ құрамасы» АТУ
3. «Филологтар» ҚазҰУ
4. «Энерго жастары» Энерго колледжі
5. «Made in ATU» АТУ

15 қараша Астана «Жарасым» маусымын қорытындылайды

0

15 қараша — Астана қалалық финал

15 қараша күні Қазмедиа концерт залында Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен қалалық Жайдарман біріншілігінің финалы болады.
Басталуы 17:00, кіру тегін.
Маусым бойы 45 топ арасынан үздік шыққан 6 команда биылғы басты кубокқа таласады.
Ойын үш сайыстан тұрады: сәлемдесу, әуенді жамбы ату және көрініс. Соңғы конкурстың ерекшелігі — финалистер жайдарманшы жұлдыздармен бірге ойнайды.

Маусымның үздігін бірге анықтаймыз, келіңіздер!

 

«Student Life» лигасының осы маусымдағы соңғы ойыны — 16 қараша

0

«Student Life» лигасының осы маусымдағы соңғы ойыны 16 қараша 17:00-де Нархоз университетінің акт залында (Жандосов — Береговой көш.қиылысы) өтеді.
Чемпионды бірге анықтайық, тартысты ойыннан қалып кетпеңыздер! Кіру тегін!
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен және Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен өткелі отырған колледж жастары арасындағы ақтық мәре сайысының куәсі болыңыз!

11 қараша — «Бала Жайдарманның» финалы

0

Жылдың басында бастау алған мектеп оқушылары арасындағы Жайдарман чемпионаты ақтық мәреге табан тіреді. Республика бойынша өтініш білдірген командалардың арасынан суырылып шыққан дарынды бүлдіршіндердің тартысты ойынына шақырамыз.
Сонымен, финал 11 қараша күні сағат 16:00-де, Satpaev University (Сәтпаев көшесі — Масанчи көш.қиылысы) ГМК корпусының акт залында күтеміз!
Келіңіздер, қолдаңыздар! Кіру тегін.
Ойынды әдеттегідей Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қазақстан КВН одағы ұйымдастырады.