Home Blog Page 67

Онлайн репортаж. Премьер лига. Жартылай финал. Екінші топ

0

faf820

Кеш жарық,  құрметті достар! Бүгін Премьер лиганың жартылай финалы. Екінші күн. Сәл уақыттан соң мәтіндік онлайн-репортаж бастаймыз. Астана қаласының «Жастар» сарайына ақырындап көрермен жиналып жатыр. Сіздер де сабырлық сақтап, сәл күтіңіздер:)

Ал бүгін финалға өтуге бақтарын сынап көретін топтар:

Тұңғыш Астана (Қызылорда қаласы)
АПК Ақорда (Астана қаласы)
Жаным (Семей қаласы)
АЭСА (Алматы қаласы)
ХҚТУ (Түркістан қаласы)
Алаш ұлдары (Семей қаласы)
және 7132 (Ақтөбе қаласы) тобының орнына атқару комитетінің шешімі бойынша Астаналық ҚазҚКА «Ақмола» колледжінің «Теміржол тарландары» тобы бақ сынайтын болды.

Ойын басталды. Сахнада Есен Елеукен. Сонымен:

Әділ қазы алқасында: 
Ақболат Утебаев «Назар аудар»
Максим Рожин «ТехАс»
Рүстем Елжанов «Жайдарман» ойындарының бас редакторы
Нұрлан Сыдықов «НұрОтан» ХДП «ЖасОтан» жастар қанатының төрағасы
Ғабидолла Оспанқұлов ҚР БҒМ өкілі

Алдымен сәлемдесу. Алғашқы олып шыққан «Алаш ұлдары» Семей. Араларында фронтмен Дулат жоқ болғаны бірден білініп тұр. Басы жаман емес. Көрішінің үйіне бала тастап кетуші едік… Жақсы. Босану кезіндегі комментатор. Бүгін мен біртүрлі талғампаз болып отырмын ба, әлде «Алаштың» жанкүйерлері көп… Мәтін жаттамаған актерлар. Жақсы. Ия, ия, залдың жартысы «Семей» деп айқайлап жатыр:)

«АПК Ақорда» Астана. Әуенді топ. Жазғы демалыстары жайлы. Топтарында Қайрат Түнтеков бар. Дауыстары керемет. Маған ұнап отыр, бірақ көрермен әуенге үрінбеген бе, әзірге тынышпыз… Заттыбек ағамыздың мектепте мұғалім болғанын білесіздер ме? Білмесеңіздер эфирді күтіңіздер:)

«Жаным» Семей. Сұлулығы Семейдің жолдарымен бірдей арулар:) Бірден жігіттерге тиісіп бастадық. Кәріс сериалы қыздардың тақырыбы. Астана да таңсық. Қайрат Нұртастың фанаттары. Жақсы. Енді Жайдарман басталған сияқты:)

«Теміржол тарландары» Астана. Маусымашарға дайындалып жүрген топ жартылай финалда. Саяси әзілден бастадық. Қорқынышты кино да бар. Мұғалімді қалай сыйлау керек. Жалпы бірде бір рет жеңбей жартылай финалға жеткен топ үшін жаман емес:)

«Тұңғыш Астана» Қызылорда. Бастапқы ән керемет. Сахнада Есағаның өзі ме? Мейірімді ұрылар. Шалғай ауданға келген әкімдер. Негізі күшті ойын. Мен күліп алайын, Сіздер эфир күтіңіздер:)

«АЭСА» Алматы. Астанаға 79 күн дегенде жетіпті. Тоқсаныншы жылдары танымал болған бандиттік романтика. Қызық…

«ХҚТУ тарифы» Түркістан. Түрікше киім, қазақша ән. Оңтүстік өңір өзбектерге еш ұқсамайды. Шыға сала жанып кетті ау қыз-жігіттер… аудармасыз кино көріп жаман ойлап қалғанымыз рас енді:) Дегенмен күткен деңгейді көре алмадым…

Сәлемдесу бойынша ұпай сандары:

Тұңғыш Астана (Қызылорда қаласы) 54455 4.6
АПК Ақорда (Астана қаласы) 34454 4
Жаным (Семей қаласы) 44455 4.4
АЭСА (Алматы қаласы) 43455 4.2
ХҚТУ (Түркістан қаласы) 44445 4.2
Алаш ұлдары (Семей қаласы) 44444 4
Теміржол тарландары (Астана) 33554 4

Келесі «Бес жаңалық» сайысы:

Тұңғыш Астана (Қызылорда қаласы) 43444 3.8
АПК Ақорда (Астана қаласы) 33333 3
Жаным (Семей қаласы) 22223 2.2
АЭСА (Алматы қаласы) 44444 4
ХҚТУ (Түркістан қаласы) 43434 3.6
Алаш ұлдары (Семей қаласы) 33233 2.8
Теміржол тарландары (Астана) 22223 2.2

Соңғы сайыс «Көрініс». Бастаған «АПК Ақорда». Орта ойын. Жігіттерге жартылай финал қанағат сияқты…

«Теміржол тарландары» Астана. Ауылға саяхат. Жаңа технология. Тәжірибе бүгін рөл ойнап жатыр… Осы жағдайда жақсы рөл емес…

«ХҚТУ тарифы» Түркістан. Ертегі. Үш ұлын бір күнде үйлендіргісі келген әке. Орта. Алдағылардан жақсы. Артын күтейік…

«Алаш ұлдары» Семей. Семейдің басты проблемасы не? Жарық болған. Соны еске алып жатырмыз.  Жақсы… Арасында күліп отырдық…

«Жаным» Семей. «Адамның бір қызығы бала деген». Бала бағудың қиындығы. Ата енемен қарым қатынас. Енді жоғарылап келеміз. Ортадан жоғары…

«АЭСА» Алматы. Мафия бастығының күдігі «Кім сатуы мүмкін?». Ойланатын шаруа! Басы тәтті болып еді, аяғын созып алды ау… Әлі жарқ етіп көрінетін ештеңе көрмей отырмыз…

«Тұңғыш Астана» Қызылорда. Адамдардың денесі ауысып кетсе қалай болар еді? Талай кино көрдік… Залдың қабалдауы жақсы. Бірақ бір жерден көрген сияқтымын…

Сонымен ойын қортындысы:

Финалда:

Тұңғыш Астана (Қызылорда қаласы) 13.2
АЭСА (Алматы қаласы) 12.6
ХҚТУ (Түркістан қаласы) 11.8

Қоштасамыз:

Жаным (Семей қаласы) 10.8
Алаш ұлдары (Семей қаласы) 10.4
Теміржол тарландары (Астана) 9.8
АПК Ақорда (Астана қаласы) 9.6

Келесі ойында кездескенше! Сіздермен Алмас Көзілдірік.

Онлайн репортаж. Премьер лига. Жартылай финал. Бірінші топ

0

faf820
Құрметті достар! Қазір бірнеше сәттерден соң Республикалық Премьер лиганың жартылай финалдық сайыстары өтеді. Мүмкіндігінше Сіздерге мәтіндік онлайн репортаж жасайтын боламыз.
Сонымен бүгін, 27 қыркүйек.Астана қаласы. Жастар сарайы. Басталуы 19-00 де.
Қатысатын топтар:

1. Тереңөзек құрамасы (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
2. ҚазИИТУ құрамасы (Орал қаласы)
3. Кулштат (Құлсары қаласы)
4. Аграрка (Астана қаласы)
5. Алғабасар (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы)
6. Жастар (Аягөз қаласы)
7. Байдың балалары (Шымкент қаласы)

Шапалақ соғып жатырмыз. Қазір бастаймыз!)))))

Сахнада Есен Елеукен. «Ғажайыптар маусымы» Премьер лига. Жартылай финал. Бастадық!

Әділ қазы алқасында:
Бекзат Дүйсенов «ҚазҰУ құрамасы»
Нұрболған Шарапов «Демеушіміз Болашақ»
Рүстем Елжанов «Жайдарман» ойындарының бас редакторы
Нұрлан Сыдықов «НұрОтан» ХДП «ЖасОтан» жастар қанатының төрағасы
Ғабидолла Оспанқұлов ҚР БҒМ өкілі

Сәлемдесу. Бастаған «Аграрка» Астана. Әдемі қыздардың әдемі биімен басталды. Университетін таныстырудан бастады.Жазғы демалыста өзгермеген топ. Ерекше ештеңе көре алмадық. Бірақ жанкүйерлері көп команда. Билеген жігіттері есте қалды))) Орта топ. Орта ойын. Ізденіс керек… Айтпақшы реквизиттері көп. Өте көп))))

«Байдың балалары» Шымкент. Түрі таныс жігіттер азайып барады. Ерекше шеттен шығып күлдіретін жігіттері бар. Жаңа технологияның да көмегі бола қояды ма екен… Бұзық жігіттер. Кәнсерттің афишалары. Ортаааашаааа.Көше атауы жақсы болған сияқты. Жалпы орта ойын. Біздің партия қалай бағалайды, көрерміз…

«Кулштат» Құлсары. Әйгілі джинсы. Таныс рэп. Кәріс қызын алған қазақ жігіті. Теледидардан таныс сөздер. Өте тамаша. Америкадан көрініс. Жақсы. Таңертеңгі оқиға. Енді қыза бастадық:) Дауысты оркестр. Тапқырлық. Ұнады…

«Алғабасар» Жуалы ауданы. Жамбыл облысы. Өздерін таныстырып бастады. Жақсы. Астарлы. Жуалыдағы шаштараз. Қыз алып қашу. Тылсым оқиға. Және әрине «Мүмкін емес, бірақ шындық». Жуалы шынымен де жаннаты! Бұл шындық!!!

«ҚазИИТУ құрамасы» Орал. Астаналық мицца немесе пицца. Орта. Бмлері керемет енді:) Жалпы күткеніміз көп еді. Әлде Жуалыдан соң ба… Ауылдағы той. Жақсы. Енді ашыла бастады. Мейрамханадағы байланыс саласының қызметкерлері. Идея жақсы. Жеткізу қиындау. Мектеп артындағы жиналыс. Жақсы. Ортадан жоғары деп бағалар едім, бірақ мен қазы емеспін ғой)))

«Жастар» Аякөз. Мектеп кезіндегі билері. Әлеуметтік желіде отыратын жастар. Бастапқы қарқын өте жоғары. Ақылы бөлімде оқу. Мектептегі би кеші. Негізі керемет ойын. Мен көруге кеттім, эфирді күтіңіздер!)

«Тереңөзек» Сырдария ауданы. Қызылорда облысы. Қазақстандық голливудтың актерлары. Теміржол бойындағы махаббат. Тамаша. Қазақша караоке. ДжынД:) Және де әрине футбол. АйтпақЧ кешкі ертегі бар! Ұнап отыр!

Енді сәлемдесу бойынша ұпай сандары:

1. Тереңөзек құрамасы 54555 4.8
2. ҚазИИТУ құрамасы 54445 4.4
3. Кулштат 54555 4.8
4. Аграрка 43444 3.8
5. Алғабасар 55455 4.8
6. Жастар 55455 4.8
7. Байдың балалары 43544 4

Енді «Бес жаңалық сайысы». Бәрін жазу мүмкін емес. Сондықтан бірден ұпай сандары:

1. Тереңөзек құрамасы 44444 4
2. ҚазИИТУ құрамасы 32223 2.4
3. Кулштат 32223 2.4
4. Аграрка 32123 2.2
5. Алғабасар 44324 3.4
6. Жастар 32223 2.4
7. Байдың балалары 42323 2.6

Cонымен соңғы сайыс «Көрініс».  Бастаған «Байдың балалары». Сәбиі перзентханадан шыққан жас отау. Аралап күліп отырмыз. Тың идея, жақсы әзілдер. Бірақ жеткізу сәл қиындау…

«Алғабасар» Жуалы ауданы. 1929 жылы Жуалы ауданы он күн астана болған екен. Астарлы. Негізі Елорданың біраз мәселелерін көтеріп ақ кетті. Ұнап отыр.

«Кулштат» Құлсары. Қыз баланың жігітін әкесімен таныстыру өте қиын. Бірақ біраз қулық жасауға тура келеді. Жақсы. Өте жақсы.

«Аграрка» Астана. Қыз бен жігіттің арасындағы тәтті сезім… Ия, бес жыл жүрген қызбен ұрысу қиын… АйтпақЧ Марждың суреті «жұлдыз». Орталау көрініс.

«Тереңөзек» Қызылорда. Бахалек хирург. Бірінші күн. Бірінші операция. «Көп сұрамайды, бергенін алады». Тамаша!

«Жастар» Аякөз ауданы. ШҚО. Келін түсіру оңай емес. Әсіресе ол аға жеңгеңнің арасына от жақса. ДжынД!

«ҚазИИТУ» Орал. Пойызға мінгенде жолдағы серігің әдемі қыз болса ше? Ал сен досыңмен екеуің… Қалай болатыны әрине эфирде!:)

Көрініс сайысы бойынша ұпай сандары:

1. Тереңөзек құрамасы 55554 4.8
2. ҚазИИТУ құрамасы 55555 5
3. Кулштат 44544 4.2
4. Аграрка 44545 4.4
5. Алғабасар 54344 4
6. Жастар 55555 5
7. Байдың балалары 43344 3.6

Жалпы ойын қортындысы тікелей финалда:

Тереңөзек құрамасы 13.2
Алғабасар 12.4
Жастар 12.2

Қоштасамыз:

ҚазИИТУ құрамасы 11.8
Кулштат 11.4
Аграрка 10.6
Байдың балалары 10.2

Рахмет! Ертең кездескенше! Өздеріңізбен Алмас Көзілдірік

Болжам… Премьер-лига 2013, 1/2 финал

0

Опшым, не ғо… «Финалист кім болады?» деп тіреліп жатыр екен, мына жақта
Өзімді «пікіристтер» қатарынан шығуыма қолайлы тақырып ретінде, осы ойынға деген болжамымды шығарып көрмекпін.Мәселенің басын ашып алайық, менің болжамдарымды ішкі тотализаторда ставка қоюға пайдаланып, қол шықпай қалса, телефонмен боқтап, машинамның дөңгелегін тесіп, балабақшадағы баламды ұрып кету жоғынан. Ал, болжамым рас болып, қолдары майланғандар телефоныма ақша, өзіме кола мен сникерс, құрдастарыма (өздері айтад, кім менің құрдасым екенін) екі бокал сыра әперулері сәлемденеді. Хош, осымен эпиграф тәмам, енді іске кірісейік…
Сонымен…
Афишаға сәйкес жарияланған командалар:

1-топ
1. Тереңөзек құрамасы (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
2. ҚазИИТУ құрамасы (Орал қаласы)
3. Кулштат (Құлсары қаласы)
4. Аграрка (Астана қаласы)
5. Алғабасар (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы)
6. Жастар (Аягөз қаласы)
7. Байдың балалары (Шымкент қаласы)

Неге екенін қайдам, Премьер-лиганың ойындарын толыққанды көру бақыты әлі бұйырмапты, ендеше, қолда бар мәліметтерімнің негізіндегі соқыр (кешір, Алмас) болжамдарым.

1-топ.
Тереңөзек құрамасы — Айқаракөздің Топ-10 статистикасына енген Бахалектің бастауымен құрылған команда, маусымашарда өзінің айтары да, берері де, көрсетері де, алары да бар команда екенін көрсеткен-ді. Сондықтан финалистер қатарынан көру мүмкіндігіміз жоғары команда ретінде бағалаймын.
ҚазИИТУ құрамасы — Оралдық «Назар аудар» стиліне келіңкірейтін ойын көрсетуімен есімде қалыпты өзіме. Дегенмен, командаға әлі тұрақтылық жетіспейтіндей көрінеді.
Кулштат (Құлсары қаласы) — Құлсарылықтардың ойынын көру бақыты әзірге бұйырмады, бірақ, бұған дейінгі есептер мен нәтижелерге қарап, бұл команданы да финалда көру мүмкіндігіміз жоғары дей алмас едім…
Аграрка (Астана қаласы) — Аграрка дегенде, шынымды айтсам, 7-класстың әдебиет кітабындағы «Отырардың күйреуі» дейтін поэма бар ғо, сондағы «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп басталатын өлең жолдары еске түсе береді. Соңғы жылдары Аграркадан көп үміт күтеміз, бірақ, олардың ол үмітті ақтауы кемшін түсіп жатады. Опшым, сене алмай отырмын, олар финалға барады дегенге… шын сөзім, ренжімеңдер…
Алғабасар — 9 генерал шыққан Жуалы жерінің түлектері өз сильдерімен есте қалып үлгергені сөзсіз. Бірақ, бұл командаға да, ойындары мен әзіл сапаларында тұрақтылық жетіспейтінін айта отырып, тәжірибесінің арқасында финалға өту мүмкіндігі жоғарылау команда деп бағамдаймын.
Жастар (Аягөз қаласы) — Аягөз… Соңғы жылдары шығыста жақсы бір жайдармандық бәсеке байқалады. Сондықтан сондай ортадан шыққан командадан біршама үміт күтер едім… өз ойым…
Байдың балалары (Шымкент қаласы) — биылғы маусымашарда шымкенттік командалардың ішінен менің көңілімді аударған команда осы команда болатын. Өзіндік стилі бар. әзілдерінде байсалдылық бар. Әйтеуір маусымашарда солай көрдім. Ендеше, бұл жолы финалға да өтеді деп үміттенем.
Сонымен, 1-топ бойынша менің болжамым, Тереңөзек, Жуалы, Байдың балалары. резерв-Аягөз.

2-топ… бұл топтың болжамын ертең осы постты толықтырып жазам, бүгін түс көріп келейін…)))))))))))))

25.09.2013ж.

опшым, екі күн ұйқысыздықтан кейінгі шала ұйқыдан туға болжам…
Сонымен, екінші күні сахнада ойқастайтын командалар
1. Тұңғыш Астана (Қызылорда)
2. АПК Ақорда (Астана қаласы)
3. Жаным (Семей қаласы)
4. АЭСА (Алматы қаласы)
5. ХҚТУ құрамасы (Түркістан қаласы)
6. Алаш ұлдары (Семей қаласы)
7. 7132 (Ақтөбе қаласы)

Шынымды айтсам, екінші күні бірінші күнмен салыстырғанда тартыс аздау болатын секілді… өз ойым… Дегенмен…

Тұңғыш Астана (Қызылорда) — шамалауымша Қызықордадағы Абусаид бауырымыз жетекшілік ететін команда. Олай болса, Саидтің тәжірибесі мен жастардың қарқынынан жақсы дүниелер туындаған шығар деп үміттенемін. Сосын білуімше, команда тек ойынмен ғана емес басқа да, қоғамдық, тағы басқа қызметтермен бірігіп айналысады, бұл өз кезегінде команданы әлеуетін арттырмаса, кемітпейді. Финалға өтуі бек мүмкін команда.
АПК Ақорда (Астана қаласы) — Әзірге астаналық командалардың арасынан топ жарып, қара үзіп тұрған команда болмай тұрғанын (өз бағам бойынша) ескерсек, команданың финалға өту мүмкіндігін 50/50 бағалап отырмын.
Жаным (Семей қаласы) — команданы бастап жүрген қарындасымыздың орындауындағы эксклюзивке жақындау 1-2 нөмір және қалған команданың орындауындағы бірнеше штамп әзілдермен келеді деп болжаймын бұл команданы. финалға өтулеріне тәжірибелілігі мен онсыз да аз, қыздар командасы болуы көмектеседі деп ойлаймын.
АЭСА (Алматы қаласы) — не ғо, Михон осында ма? онда көру керек. бірақ, финалға өту әлеуетін бағалай алмай тұрмын. мен үшін әзірге белгісіз бұл команда…
ХҚТУ құрамасы (Түркістан қаласы) — бұл командаға қарап та, Аграрканың командалары секілді «Даңқың қайда төске өрлеген» деп зарлана бастағаың келеді. жайдарманда ХҚТУ-дың беделі мықты. ендеше сол үдеден шығу қиындау, Ал, біз соны күтеміз… сондықтан, бәрі жігіттерге байланысты, десек те, финалға шығу мүмкіндігін жоғары деп айта алмаймын.
Алаш ұлдары (Семей қаласы) — бұл команданың ойындарын толық көрмесем де, көрген кезден алған әсерлерім жоғары. ендеше, мүмкіндіктерін де жоғары бағалағым келіп тұр.
7132 (Ақтөбе қаласы) — танымайды екенмін… ренжімеңдерш…
опшым, екінші күнгі ойыннан финалға жолдама алуға мүмкіндігі жоғары деп меніңше Тұңғыш Астана, Жаным және АПК Ақорда болады, резервке Алаш ұлдарын қостым…

Опшым осылай…

Алдан Жылгелді

Таныс болыңыздар: Жанболат Досболов

0

7a5889

Досболов Жанболат Шораұлы. «Қазақстан КВН Одағы» «Түркістан-Кентау» КВН филиалының директоры. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ «Мәдениет орталығының» директорының орынбасары. 1986 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. «Қазақстан КВН Одағында» жолы болмайтын («Қызықорда», «Жигули» сияқты) командалардың қатарындағы «ХҚТУ құрамасы» командасының жетекшісі. Осы топ құрамында жеткен жетістіктері: 2009 жылы «Сыр елі» Орталық лигасында 3 орын; 2010жылы Премьер лига 4 орын; осы жылы Атырау каласында откен Каспий аймақтық лигасында 2 орын; Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы әкімі кубогының жеңімпазы; Шымкент құрамасынын қатарында ОҚО әкімінің кубогының иегері т.б. жетістіктердің иегері.

Бойдақ, үйленуге құлшынысы өте жоғары. Сүйіктісі әзірге жоқ. Бос уақытында КВН (қазақша, орысша) көргенді және ережесіз төбелес қарағанды ұнатады. «Қазақтар» КВН командасының және Федор Емельяненконың жанкүйері. Өмірлік ұстанымы «Нұр Отан» партиясы сияқты: «Тек қана алға!». Арманы рухани және материалды тарапта бай болу. Палауды және таңертең сусап тұрғанда кола ішкенді жақсы көреді. Алладан және шар үрлегеннен қорқады.

Пы.сы. Басы бос қыздар мына логинге хабарласса болады: dosbol_jan@mail.ru

Пысының пысысы. Егер жігіттерді игнорға жіберсе ренжімеңіздер, ориентациясы дұрыс.

Таныс болыңыздар: Хамит Ердехан

0

Блиц-сұхбат айдарын аша отырып әкімшілдік-әміршілдік жүйеден алыс кеткен жоқпыз :), сондықтан филиал басшыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Сонымен екінші қонағымызбен таныс болыңыздар:

Ердеханов Хамит Сапарбайұлы. «Қазақстан КВН Одағы», «Алматы КВН» филиалының директоры. ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ағман ата ауылында, 1987 жылы мақта терімі басталған уақытта дүниеге келген. Қазір жерлестерінің қатарында, Алматы қаласында тұрады. «Арман қала» КВН командасының жетекшісі Һәм капитаны. Өздерінің айтуынша «Жұмыр» болып жүрген кездегі сияқты жолымыз болмайды дейді.

Жетістіктері: Екі жыл қатарынан «Жұмыр» командасымен (2009-2010 жылдары) Республикалық Премьер лиганың вице чемпионы, 2009 жылы Алматы қаласының чемпионы, 2009 жылы Республикалық Премьер лиганың үздік ойыншысы, 2010 жылы Шымкент қаласы әкімі кубогында екінші орын, ОҚО әкімінің кубогында үшінші орын, ШҚО әкімінің кубогында екінші орын, 2011 жылғы «Жайдарман» Орталық лигасының чемпионы т.б. Жетістіктеріне қарағанда «Жолымыз болмайды» дегендері еркелік сияқты…

Бойдақ. Бір бақытты жанға үйленсем бе деген ойы бар. Өзім Шымкент жақтан болсам да әйелімді ұрмаймын, ренжітпеймін деп уәде береді.

Футбол ойнағанды, Мадридтің «Реалына», Астананың «Локомотивіне» жанкүйер болғанды ұнатады. Месут Озил мен Қайрат Нұрдәулетов сияқты доп тепкісі келеді. ҚызПУ (ЖенПИ) «Тек қана қыздар» командасын дайындағаны да өзіне қатты ұнайды. (Енді неге бойдақ жүргені белгісіз)

Киносы: «Бригада», «Көшпенділер» (ішіндегі кейбір сөздері ғана), «Гнев»

Актеры: Дензел Вашингтон

Әтірі: «Антонио Бандерас» (көк)

Әншісі: Ержан Серікбаев

Сүйікті асы: Палау

Өмірлік ұстанымы: «Жігіт боп туылдым жігіт боп өлем!»

Арманы: «Мені жақтырмайтындардын ішін күйдіріп, өсу үстіне ӨСУ»

Қысқасы осы. Сұрақтарыңыз болса посттың астына қойып отыруларыңызға болады. Сұхбат иесі жауап беруге міндетті.

Пы.Сы. Хамиттің жеке поштасы erkhamit@mail.ru. Сұхбат иесі бекер әңгімемен мазаламауларыңызды және байланысшылар тізіміне тіркелген соң микроблогка маза берулеріңізді өтініп сұрады.

Жоғары лига. Финал. Болжам.

0

«…Қиын, қиын… Дайындалыңдар, қазақтар!» ©

Жақында финал. Бәріміз күтіп жүрміз. «Кім чемпион болады?» деген сұрақ туындаған кезде әр кәлләда бір қиял болатыны түсінікті. Дегенмен, прагматикалық санамен әлемдегі ең жаман нәрсе — болжам жасап көрейік.
Алдымен топтар мен олардың аяқ алысы, шабысы, әзіл бағыты туралы бір ауыз сөз:

«ҚазҰУ құрамасы»

Еңбекқор топ. Бірақ финалға қазылар шешімімен келді. Бірінші рет жартылай финалда сүрінді. Енді сол қателіктерінен қортынды шығара алды ма? Бұл алдағы демалыстарда жауабы айтылатын сұрақ. Негізі топқа бір жаңашылдық қажет. Жаңа стиль ме, жаңа ойыншылар ма… Жалпы жеңіске жетемін десе, бұрынғы стереотипті бұзған дұрыс деп санаймын. Жаңадан алған арзан заттың өзі ескі қымбат нәрсеге қарағанда әдемі көрінетіні бар емес пе. Бірақ жігіттер жаңа әрі сапалы ойын өрнегін салып беред деп сенейік…

«Назар аудар»

Үшінші рет финалда. Ер кезегі үшке дейін бе? Жігіттердің ең осал тұсы сәлемдесу. Әдетте бірінші сайыста жіберген еселерін «үй тапсырмасымен» еселеп қайтарады. Бірақ бұл финал. Ақтық сайыста босаңситын конкурс болмауы керек. Өз әдеттеріндегі әзілдеріне салмақ қосса барлығы тамаша болып шығар еді. Әліптің артын бағайық…

«Қорқыт құрамасы»

Суырып салма әзілідң жігіттері. Импровизацияны көп қолданады. Көбіне ол бөгет болып жатады. Енді чемпион болуға үлкен жігер қажет. Фестивальдерде бет қаратпайтын топ жауапты кезеңде жасып қалатын сияқты көрінеді. Финал күнде бола бермейді, тас-түйін дайындықпен, жұдырықтай жұмылып шығады деп сенемін…

«Демеушіміз Болашақ»

Екінші маусым, алғашқы финал. Динамиканы жақсы түсінеді, былтырғы қателіктерін түзеп, ойыннан ойынға өзгеріп отырады. Бұл басты артықшылық. Бірақ көрермен топты басқалармен емес жартылай финалдағы өз ойындарымен салыстыратыны анық. Егер өткен ойындағы өз деңгейлерінен артық өнер көрсете білсе, чемпиондыққа бір табан жақындай түседі.

«ЖасНар»

Бірінші жыл, бірден финал. Былтырғы финал естеріңде шығар? Жігіттердің де естерінде. Және ол қосымша күш беретіні анық. Негізі ешқандай қиналмай, алаңдамай, жүйке жүйесіне артық күш түсірмей ойнайтын топ осы. Жолы болып чемпион болып кетіп жатса жақсы, болмай қалса да өкінетін ештеңе жоқ. Болашақ — жастардікі…

Айналып келіп, «Кім чемпион болады?» деген сұрақты қайта қойғанда назарда ұстайтын бірнеше фактор бар.
Біріншіден: Барлығы көрермен көз алдындағы танымал топтар, міндетті түрде алдымен өз-өздерімен салыстырады. Сондықтан бұрынғы деңгейлерінен артық өнер көрсетулері керек. Тіпті кем болмай, сол деңгейдің өзінде шығу да өте қауіпті;
Екіншіден: Жеті сайыс кімнің кім екенін анықтайды. Құрамында жазатын авторлары көп топ қана шалдықпайды. Бұл актерлықтың емес, авторлықтың сынға түсетін шағы;
Үшіншіден: Егер барлығы бірдей тең келсе көрермен ықыласы шешетін сәт келді. Себебі бірнеше топтың қайсысына бас бұрарын білмей қиналатын кезде қазылар залға құлақ түреді-ау деген жорамал бар;

Сонымен жоғарыда аталған барлық мәселелерді есептей келе чемпиондыққа «ҚазҰУ құрамасы» мен «Демеушіміз Болашақ» жақынырақ тұр-ау деген ойдамын.

Ал енді, пікір жазып, қыздарға «Назар аудаааарррр чемпиооооннннн!!!!» деп айқайлауға рұқсат!

Алмас (Көзілдірік) Тоқабаев