Juzmedia
Алматыда түркі елдері арасында Жайдарман ойыны өтті

Алматыдағы TurkiCUP кубогында Қазақстанның «Рудный» құрамасы жеңіске жетіп, 1,5 миллион теңгелік бас жүлдені алды. Ойын 29 қазанда Республика сарайында өтті.

Екінші орын Қырғызстанның Ош пен Бішкектен келген «Лидер» және «Торнадо» командаларына бұйырды. Бұл орынға 1 миллион теңге жүлде белгіленген. Түркия құрамасы үшінші орын алып, 500 мың теңге иеленді. Сол кеште Өзбекстан мен Қарақалпақстанның командалары да өнер көрсетті.

Ойыншыларды Тоқтарбек Серғазы, тележурналист Руслан Өтепбай, әлем чемпионы Алуа Балқыбекова, әнші Қанай және Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман бағалады. Кездесу Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылды.