JAIDARMAN 25Жаңалықтарға оралу

Жайдарманның түлектері Қарағандыда бас қосты

Жайдарманның түлектері Қарағандыда бас қосты
Фото · Juzmedia

Қарағандыда Жайдарман түлектерінің төрт буыны ойнап, бас жүлдені үлкен буын құрамасы алды. Кездесу Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өтті.

«Түлектер кездесуі» кешіне ойыншылар сахнаға Жайдарманда өнер көрсеткен кезеңіне қарай топтасып шықты. Кіші буын, жас буын, орта буын және үлкен буын құрамалары бір кеште өз бағдарламаларын ұсынды.