JAIDARMAN 25Жаңалықтарға оралу

Түркістанда Жайдарманның Ұлттық лигасы басталды

Түркістанда Жайдарманның Ұлттық лигасы басталды
Фото · Juzmedia

Түркістанда Ұлттық лиганың 1/8 финалы аяқталды. Қазақстанның әр өңірі мен Қарақалпақстаннан келген 28 команданың 18-і қазылар шешімімен ширек финалға өтті.

Ойындарды Қазақстан КВН одағы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді. Бас серіктес — Freedom Ticketon.

Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев командаларға сәттілік тіледі. Ол Жайдарманның жастар тәрбиесіндегі орны мен ұлттық құндылықтарды сахна арқылы танытуға қосатын үлесіне тоқталды. Ұйымдастырушылар маусым финалын да Түркістанда өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.