Home Blog Page 66

Онлайн репортаж. Премьер лига. Финал

0

Қайырлы кеш, достар!!!

Бүгін көптен күткен күн, Республикалық премьер лига финалы. 2013 жылғы «Ғажайыптар маусымының» чемпионы анықталатын сәт. Астананың Республика даңғылының бойында орналасқан «Жастар» сарайына келе алмай қалған жандар болса, «Жаңарту» тетігін басып отырасыздар ғой… Барынша мындағы атмосферадан хабардар етіп отыруға тырысамыз!
Чемпиондыққа үміткер топтар: 
«Тұңғыш Астана», Қызылорда
«Алғабасар», Жуалы
«Тереңөзек», Қызылорда
«АЭСА», Алматы
«ХҚТУ тарифі», Түркістан
«Жастар», Аягөз
Қазылар алқасында:
Марат Достаев
Ақболат Өтебаев
Рүстем Елжанов
Нұрлан Сыдықов
Ғалым Махамбетов
Есен Елеукен бастап берді. Командалар сахнада.  Ал, кеттік!!!
Тақырып: «Ғажайып ойын».
Сәлемдесу: «Жеңісті күнде жолыққанша»

Финалдық шымылдықты «Тереңөзек» «Агаялап» ашты. Маусымның соңғы ойынында алғашқы саяси әзілдерін де айтты. Бұл топтың әзілін Президенттіңөзі хабарлап берді. «Менің атым — Қожа» фильмінің Қызылордалық нұсқасы. Әдеттегідей ертегі… бірақ быт-шыты болған))) «Тереңөзек құрамасы» — асты ашылатын диван!
«ХҚТУ тарифі». Таңдандырды. Пародия жасаудың шеберлері екен ғой өздері. Мұны неге финалға дейін жасырып келген екен?! Қарсылас командаларға жеке-жеке, бөлек-бөлек, нақты-нақты тоқталып кетті.
Енді «Алғабасар» әдеттегідей топ мүшелерімен таныстыруда. Түсіне білгенге, астарлы әзілдер топтамасын бастады. Кранға шығып, талаптарын орындататын әкімдер де бар. Кейбір тышқандардың жағдай кейбір адамдардан тәуір екен…
Өзінің шешуші сәтінде «Тұңғыш астаналықтар». Аналарымыздың қамқорлығын еске салып, көрерменді рахаттандыра күлдіріп жатыр. Жыр болған қос ғашық пен ағасының оқиғасы әйтеуір дегенде бітті-ау. Қызылордадай ғажап қаладан келген ғажайып команда халықтың көңілінен толықтай шыққан секілді. Қазылар не дер екен?!
«АЭСА». Финалға жолдаманы әзіл ойнап, қалжың айтып алған еді, бірақ бұл жолы кубокты нағыз қылмыстық топ ретінде тартып алуға келген екен. Бұл бригаданың жанұясы жоқ деп пе едіңіздер?! Олай емес, олар тұқымдарымен қарақшы!
Берсе қолынан, бермесе тартып алатын Аягөздіктер қартайған апаларымыздың «Ақсерек — Көксерек» ойнағанын көрсетті. Ал, сіздер өздеріңіз оның қалай болатын ойланып көрдіңіздер ме?! Ал, тас дәуіріндегі концерттің қалай болатынын ше? Бүкіл шығыстың намысын қорғап жатқан «Жастар» өтімді тақырыптар қозғады. Шынымен «Сәлемдесу» сайысын керемет аяқтады. ТүүүүҺ, залдағы овацияны естісеңіздер ғой)))
«Тереңөзек» 54554 4,6
«ХҚТУ тарифі» 44545 4,4
«Алғабасар» 44545 4,4
«Тұңғыш Астана» 55555 5
«АЭСА» 55555 5
«Жастар» 55555 5
«Жамбы ату» сайысы
Бұл сайыс туралы ештеңе айтпай-ақ қойықшы… жәй ғана эфирді күтіңіздер, иә ма?!))
«Жастар» 0,5
«Тереңөзек» 0,6
«ХҚТУ тарифі» 0,7
«Тұңғыш Астана» 0,8
«Алғабасар» 0,9
«АЭСА» 1 («Жамбы ату» сайысының чемпиондары)

«Көрініс» сайысы.

Тақырып: «Шешуші сәт»
Ерекшелігі: Финалист командалармен бірге жоғарғы лиганың белгілі ойыншылары өнер көрсетуі керек.
«АЭСА» бір пәтерге ұрлық жасауды ойлайды, алайда үй иелері келіп қалады. Ұрылар амал жоқ, сол жанұяның мүшелерінің рөлін сомдайды. Әйелі — Қуатжан Базарбаев, баласы — Назар, күйеуі- Мейрамхан. Жағдай қалай болар екен?!
Жуалыдағы зертханаға тексеріс келеді. Келген тексеріс — Рамазан. «Алғабасар» өзі саяси команда еді, ал оларға «Экпресс» капитаны қосылғанда залда саяси атмосфера кәдімгідей. Иә, әдемі, жәй ғана әдемі емес, салиқалы әзілдерге толы көрініс болды.
«ХҚТУ тарифы» Бабалардың бабасы- Арыстан баб. Әбілханның баласы Асылхан — әмбебап.
Иә, қазіргі күні әмбебап мамандар көбейді, олардың қызметтерін қалай атқарады?! Осындай маман иесі Асылхан Дүкенбай болса, біраааз қызық болатын секілді….))
«Тереңөзектегі» Бахалек пен Нұрболхан Маями мен Антрактиданы, өй кешіріңіздер Антарктиданы шатастырып алған екен-мыс))) Айтпақшы, Қайрат Нұртастың концерті сол жақта да болады екен.
Аягөзде ұзақ уақыт үйленбей жүрген жігітке қызды алып қашып әкеліп береді. Міне, «Альянстың» Еркебұланына осылай достары «өте сұлу» қыз әкеледі. Мейлі,өзінен көрсін уақытқа дейін үйленбей жүрген… Оқиға қалай өрбитінін білгіңіз келсе, «Жайдарманның» теленұсқасын көруді ұмытпаңыздар!
«Тұңғыш астаналықтар» бүгінгі күннің батырлары, яғни талай өмірлерді құтқарып жүрген өрт сөндірушілер туралы шағын спектакль қойды. Сценарий құрылымы «Ұлттық құраманның» бағытымен, мүмкін Бекзат Дүйсен ойнағандықтан шығар. Не болса да жоғары, өөөте жоғары деңгейдегі ойын көрсетілді.
Сайыс тәмәм:
«Алғабасар» 65444  4,6
«АЭСА» 66454  5
«Жастар» 65565  5,4
«ХҚТУ тарифі» 66555  5,4
«Тереңөзек» 66565  5,6
«Тұңғыш Астана» 66565  5,6
Қорытынды: 
«Алғабасар» 9,9
«ХҚТУ тарифі» 10,5
«Тереңөзек» 10,8
«Жастар» 10,9
«АЭСА» 11
«Тұңғыш Астана» 11,4

Сонымен, «Жайдарман» ойындарының 2013 жылғы Премьер Лига чемпионы — «ТҰҢҒЫШ АСТАНА», Қызылорда
Құттықтаймыыз!!!

Эфирден соң…

0


Екінші жартылай финал туралы ойымды ойын эфирге шыққан соң жазайын деп шештім. 

Сонымен, 2 жыл қатарынан финалист атағына ие болған «Альянс» биылғы маусымда жартылай финалист! Бұл команданың жартылай финалдағы ойынына қарап мен бір ғана ойға келдім. «Альянс» демалу керек!(тарап кетпесе әрине) 1-2 жыл демалып барып маусымға оралмаса ойыннан ойынға регресс. 1 жылдың ішінде 3 рет 6 команданың ішінде 6 орын алды. (2012ж. финал 6-орын, 2013ж. 1/8 финал 6-орын, 2013ж. ½ финал 6/орын) Мүмкін мүлдем билемейтін команда боп ораларсыңдар)))

Көп ұлтты Қазақстанның жайдармандағы бейнесі «Күлкі терапиясы». Біраз адам қарағандылықтардың дәл осы ойыны жақсы болғандығын айтып жатты. Бірақ, маған сол баяғы ойындарының қайталауы сияқты көрінді. Жаңалық жоқ! Ойыннан соң Саматқа құрамға қара нәсілді ойыншыларды ал деп ұсыныс айттым))) Келер маусымда жаңа құрамда күтеміз)

Эльдардың атышулы постынан кейін «Барыстарға» бірдеңе деуге қорқып қалдық қой)) Күлкі терапиясының артынан қойғаныма Эльдар ренжи қоймас))) Бұл жігіттер де «Альянс» сияқты демалғандары дұрыс. Ойларын жинақтап, жайдарманға сырт көзбен қарап, жаңа көзқараспен қайта оралса жетістікке жетуі мүмкін) Өйткені, Зеңгі баба туралы әзілді анау-мынау команда жаза бермейді! «Жыл әзілі» атағына лайықты!!!

Әр детальді назардан тыс қалдырмайтын команда ол «Жаснар»! Бұл жігіттерге жоғары лига сахнасында сенімділік жетіспеуде. Соған қарамастан бара-бара астаналықтардың да бұл командаға махаббаттары оянып жатқан сияқты)) Өз басым ойын нәтижесі жарияланбас бұрын дәл осы команданың финалға шыққандығына сенімді болдым, өз күшімен әрине))) Бірақ олар финалға «Арал-АСтың» сценариі бойынша шықты.

Өзінің мықтылығын осыдан 2 жыл бұрын дәлелдеген «Арал-АС»! Бұл жігіттерде прогресс бар, осы маусымдағы ойындарын ғана қарайтын болсақ әрине))) Төребек, Ақылбек, Ғалым, Данияр. Чемпион болған осы керемет «төрттік» сахнада бірге болмаса жігіттердің ойыны да жүрмейтін секілді. Жартылай финалға аудио фишкаларымен келіпті. Ұнады. Бірақ, бәрібір баяғы «Арал-АС» емес! Чемпион болу қиын, ал оны ұстап қалу одан да қиын! Жігіттер ұстап қалуды жөн көрді. Сондықтан, өз орнын «Жаснарға» бергендері орынды деп ойлаймын.

Жартылай финалдан соң «Демеушіміз болашақты» мақтамаған жан аз болды. Мен де солардың қатарынанмын. Мақтауға тұрарлық ойын көрсетті. Бірақ, үй тапсырмасының шикілеу болғандығын атап өткен жөн. Идея ұтымды болды. Нұрболханның өзіне көмектескендерді «мойындамайтын» әдеті бар екен. Сондықтан оған айтарым, шын мықты болсаң финалға өз күшіңмен дайындал)))) Әй бірақ, олай істемейсің ғой сен)))

Жалпы жартылай финалистердің бәріне ортақ кемшілік ол – сұрақ-жауап сайысына дайындалмау. Сұрақ-жауап, тек сахнадағы импровизациядан тұрмайды, оған ойынға дейін дайындалу керек. Сұрақ-жауапқа дайындалудың кеееееең тараған бір ғана жолы бар, ол – штурмовка! Осыны ескеріңдер!

Және бір айта кететін нәрсе жоғары лиганың жартылай финал сайыстары премьер лигадан әлсіз өтті. Иә, жоғары лигалықтар, арттарыңнан еріп келе жатқандар басып озбасын десеңдер дайындыққа салғырт қарамаңдар:)))

Басқа айтарым жоқ, маған өкпе болмасын;)

Нұрмахан Мұқанұлы

Таныс болыңыздар: Айтас Бересов

0
?????????????????????????????????????????????????????????

Айтас Бектасұлы Бересов алматылық «Ұлттық құраманың» ойыншысы, хабарлаушысы, авторы.

Бұл кісінің талантты жайдарманшы, жақсы жігіт екенін білетінмін, бірақ қыздар арасында өте жоғары сұраныста деп мүлде ойламаппын, аск.фм-дегі парақшасына кіріп көрмегенімше… ask.fm/aitasberesov мына сілтеме бойынша өтіп жатсаңыз, «анонимді сезім білдірулер» мен «анонимді сұрақтардың» көкесін көресіз)) Көпшілікке(қыздарға) қызықты болғандықтан, Айтас туралы толық мәлімет мінекей…
1992 жылы 15 мамырда БҚО-ның Тайпақ ауылында дүниеге келіп, кейін Оралға қоныс аударады. №34 гимназияны ерекше аттестатпен бітіріп, кішкентай кезінен армандаған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түседі. Махметов Аманжанмен бірге факультет аралық ойында көзге түсіп, «Ұлттық құрамаға» шақырту алады, жоғарғы лигадан бір шығады.

  • Жайдармандағы басты жетістігі шынайы достарын тапқаны.
  • Халықаралық құқық мамандығы бойынша халықарлық қатынастар факультетінің төртінші курс студенті. Өздеріңіз түсінгендей, диплом жазуға уақыт жоқ, финалға дайындалу керек)
  • Футболды жақсы көреді және жақсы ойнайды. «Реал Мадрид»-тің жанкүйері, букмекерлік кеңсеге бірге барсаңыздар болады.
  • Сүйікті тағамы: анасының пісірген әрбір тағамы. Өзі де тамақты дәмді қылып дайындайды екен, бірақ мұны «ешкімге айтпа» деген. Сіздерге сенемін ғой, ешкімге айтпайсыздар ғой, иә?!
  • Алматы қаласының қақ ортасында, ал, Оралда 6-шағын аудандағы «Бәйтерекке» қарсы көк «балконды» үйде тұрады, шәйға барғыларыңыз келсе))
  • Мектеп кезінде сабақты өте жақсы оқыған, университетте де дәл солай жалғасар деген сенімде болған екен. Бірақ…өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
  • Армандағанды ұнатады және көп армандайды
  • Жанұясында жалғыз әрі тұңғыш ұл. Екі қарлығаштай қарындасы бар.
  • Ең бастысын ұмытып барам, сүйіктісі жоқ))

Таныс болыңыздар: Асылхан Дүкенбаев

0

g6hkSNfSnVQ

Қызылорда іргесіндегі Қызылжарма ауылдық округінде сексен тоғызыншы жылдың үшінші тамызында Әбілхан ағай мен Ұлбибі апайдың жанұясында шекесі торсықтай ұл-Асылхан дүниеге келеді. Отбасында екі қыздан кейінгі қамшыұстар болғандықтан, ерке өседі, алайда артынан ерген жалғыз інісіне үлгілі аға. С.Әлжіков атындағы №144 мектепті жақсы деген бағамен тәмамдап, 2007 жылы түскен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі оқуын 2011 жылы көк дипломмен бітіреді. 2009 жылы «Мақтаншақтар» командасына салтанатты түрде қабылданып, республикалық деңгейдегі «Жайдармандағы» жолы басталды. Кейіннен топ атауы Есен Елеукеннің ұсынысымен «Қорқыт» болып өзгертіледі, сол сәттен бастап команда тасы өрге домалайды. Асылханның да жұлдызы жана түседі, халыққа талантын мойындатып, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Солардың бірнешеуін атай кетсек: Қызылорда облысы әкімінің тағайындаған «Сыр үміті» бір реттік шәкіртақысы, 2012 жылы республикалық жоғарғы лиганың «Үздік ойыншысы», облыстық жоғарғы лиганың төрт дүркін «Үздік ойыншысы», қалалық лигада екі дүркін «Үздік ойыншы».
Сүйікті ісі: бірінші ұйқы, екінші ұйқы, үшінші ғаламторды «шарлау».
Жас дарынға сыйлық сыйлаймын деушілеріңіз болса, «Clinic HAPPY» әтірін жақсы көріп қолданады.(қорабы сәбіз түстес)
Қыздарға құлаққағыс: Асылхан шәйді көөөп ішеді және қантсыз, ең сүйікті тағамы анасы дайындаған мәнті, бірақ денсаулыққа пайдалы болғандықтан, сұйық(бірінші) тағамдарды жөн көреді. Сорпа, кеспе, көже пісіре білсеңіз шансыңыз бар)))
Ең жақсы жағы: қарапайымдылығы.
Ең жаман жағы: қызғаншақтығы (дұрыс түсінеміз, бұл жерде материалдық тұрғыдағы қызғаныш емес, сүйіктісі болса өлердей қызғанады екен-мыс)
Бала кезінен халық қошеметіне бөленіп сахнада ән айтуды армандаған, қазір өмір бойы бақытты қылар адал жар жолықса дейді.
P.S.: ТЕГІН ЖАРНАМА. Тойда асаба. Қазақстанның кез-келген аймағына тойға арналған бағдарламамен барады, ең бастысы қымбат емес))

Таныс болыңыздар: Мәди Әбдуғалиев

0
Әбдуғалиев Мәди Бейбітұлы «Назар Аудар» жайдарман тобының беделді ойыншысы.  1991 жылдың 12 шілдесінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылында дүние келген. Отбасыда оттың алды, судың тұнығы, ата-ана тұңғышы, үш ұлдың үлкені. Мәдидің «Жайдармандағы» жолы 9 сынып оқып жүрген кезінен бастау алған,сыныпаралық сайыстардан))) Республикалық деңгейдегі қазақ КВН-іне Ақтөбе қаласында өтетін «Батыс» орталық лигасынан «Ерекше жандар» командасымен келген. «Ерекше жандардағы» ерекше жандар Марс, Ақболат және Мәди суырылып шығып, «Жәңгір серілері» командасымен бірігіп қазіргі «Назар Аударды» құрады. Сөйтіп, 2011 жылғы «Маусымашарға» келіп өнер көрсетеді, жоғарғы лига ойындарына жолдама беріледі. Содан, міне… Мәдидің жеке ең басты жетістігі: халық алдында Жайдарман ойнауы. Бойдақ, сүйіктісі жоқ. Арманындағы сұлуды кездестіруді қалайды, алайда 25 жастан ерте үйленгісі келмейді. «Әзірге екі жыл погуляю я» деп әзілдеп қояды. Айтпақшы, бұл «жайдармарщик» орысша оқыған екен, бірақ қазақшасы таза. Мектеп бітіргеннен кейін БҚО мединициналық колледжіне оқуға түсіп, бір курстан кейін дәрігерлік жанына жақпағандықтан оқу орнын ауыстырып, қаржыгер мамандығын алып шығады. Дипломды сәтті қорғап, мамандық бойынша әкімшілікте жұмыс жасап жүреді. Кенеттен, «Қазақстан КВН Одағынан» қоңырау шалынып, Астанаға көшуге ұсыныс түседі. Міне, қазір елорданың тұрғыны әрі «Қазақстан КВН Одағының» қызметкері. Әлеуметтік желілерден тек «В контакте» желісінің қолданушысы, басқаларындағылар фэйк. Үлгі түтатын жайдарманшысы: Жаһан. Көп жайдарманшылар ауырып жүрген ауру «жұлдыздықты» жұқтырмаған. Қарапайым ғана қазақтың орысша оқыған баласы))

Ойын керемет өтті. Бірақ, бірақ, бірақ…

0


Сайт жаңарғалы бірдеңе жазғым кеп жүрген, бірақ, жұмыстың жұмысын істеймін деп қол тимей кетті:) Жазатын дүние көп. Алдағы уақытта жазып отырамын. Алдымен ойындардан бастайын. Сонымен Жоғары лига, жартылай финал, 1 күн. 
Сарапшылардың болжамы қалай болғаны есімде қалмапты. Бірақ, топтағы командалардың атауы ойынның керемет өтетіндігінен хабар бергендей-ақ еді. Меніңше командалар сол атауларына ғана сенім артқан сияқты. Жалпылай алғанда ойын орташа деңгейде болды.

Қыздарға жайдарман ойнау жарасымды болар еді егер олардың жетекшісі мен авторы жігіт болса:) Ал, «Тек қана қыздар» жартылай финалға өздері дайындалып келген-ау шамасы. Әйтеуір, біразымыз осы кісілер сахнаға шыққанда «сотка» мен жерді шұқылап кеттік.

Мен ойындарынан ләззат алатын ол ҚазҰУ және «Сағыз» командалары. Бірақ бүгін емес.
«Сағызда» біркелкілік болмады. Жамбыату мен сұрақ-жауап – нағыз «Сағыздың» сайыстары. Тек үй тапсырмасы ғана бұл жігіттерге мойынсұнбай жүр. Пішонның бажасы да оларды құтқара алмады.

Бірінші жартылай финал қалай өтті деп сұраса, мен, соңғы 2 жылда ҚазҰУ өзінің ең нашар үй тапсырмасын көрсетті дер едім. Иә, тақырып тың, бірақ дайындық «зың» болмаған сияқты. Ал, сұрақ-жауапта жігіттер былтырғы финалдағы қателіктерін қайталады. Бірақ, ҚазҰУ «одноразовый» команда емес. Финалды оларсыз елестете алмай отырмын.

«Қорқыт» бұл жолы ізденген. Әзілдерінде кішкене жаңашылдық бар. Әсіресе үй тапсырмасы. Айға ұшу қызылордалықтарға жақын болғанымен дәл осы тақырыпта «Қорқыттың» әзіл ойнағаны есімде жоқ. Сондықтан өздері үшін де үйреншіксіз болды-ау:)

Құрылғанына 3 жыл болған оралдық «Назар аудар» өздерінің әдемі үй тапсырмасымен тағы да қуантты. Неге екені белгісіз осы команданы кезіндегі «ТехАСқа» ұқсатамын:) Осындай үй тапсырмалары үшін шығар:)

Қазылар туралы. Ең адекватты баға қойған ол Марат Достаев. Өйткені қазылар орташа ойынды жоғары бағалап жіберді. Әділ Ахметовтің «өмірлеріңіздегі ең алғашқы ғажайып сәт» деген сұрағы журналистердің «басыңыздан өткен қызық оқиға» типтес сауалын еске түсіріп жіберді.

Сыни пост деп қабылдамаңыздар, өз ойымды жаздым:)

Нұрмахан Мұқанұлы

Онлайн репортаж. Жоғары лига. Жартылай финал. Екінші күн

0

Қайырлы таң достар! Бүгін биылғы чемпиондыққа үміткер тағы үш топ анықталатын Жоғары лиганың екінші жартылай финалы. Қолдарыңыз тисе/Астанада болсаңыздар/билет тапсаңыздар кешкі 19-00 де Жастар сарайына келе қалыңыздар! Егер ондай мүмкіндік болмай жатса дәл осы жерде оқиға орнынан онлайн-репортаж жүргізетін боламын. Сіз небәрі обновить деген тетікті басып отырасыз.

Қатысатын топтар:

«Арал Ас» Арал
«Демеушііз Болашақ» Астана
«Альянс» Семей
«Барыстар» Ақтау
«ЖасНар» Алматы
«Күлкі терапиясы» Қарағанды

Кешке кездескенше!

Алмас дым ренжімес, мен онлайнды бастап кеттім. Бұл Editor. Әзірге дым қызық жоқ. Мен келем дегенше редакция бітіпті. Тек, Рүстем шаршап отыр.

Жамбы ату, жамбы ату. Нұрболхан сіздерді қалай күлдірем деп қатты уайымдап тұр.

Астана уақыты 15-55. Ойынға үш сағат уақыт бар. Командалар ақырындап жиналып жатыр.
Альянс Семей

Ақболат жүр, уайым жоқ, қайғы жоқ. Назар аудар финалда, енді тек «кім қарсылас болады» деп күтіп жүр. Өзінің сөзінше, Арал-Ас пен Демеушіміз Болашақ шығуы мүмкін. Бірақ, басқалары да осал емес.

Асыға басып, Айжан да жетті.

Тағы бір финалист келді. Қорқыт құрамасы, Асылхан.

Сөзді өзіне берейік: «Меніңше, финалға Арал-АС өтетіні анық. Сосын Барыстар мен Альянстың біреуі бізге қарсылас атанатын шығар. Дегенмен бәріне сәттілік тілеймін.»

Жұрттың болжамына пысқырып та қарамаған барыс Эльдар, барынша әдеміленіп жатыр.

Ең соңғы редакция басталды. Рүстем бұл сценарийлерді нешінші рет көріп отыр екен?

Мәссаған, безгелдек! Жаңа ғана бүгін сахнаға шығатын жайдарманшылардың ішіндегі «шалды» тауып алдық. Иә, шал дегеніміздің өзі бар-жоғы 26-да. Ол Арал-АС командасының капитаны Төребек Дармағамбетов.

Мда, Төребек шал болғасын, біз де қартайғанымыз-ау. Бұл жігіт туралы кейінірек үлкен бір материал жариялармыз. Әзірге оның 2007-жылдан бері жайдарман ойнап жүргенін айта өтейін. Үйленген, кішкентай қызы бар.

Соңғы дайындық. Арал-АС. Анау жүрген апай роль ойнап жүр ме, әлде шын еден жуушы ма? Оны кейін білерсіздер.

19-00. Жайдарман басталатын уақыт. Бірақ, көрермен енді ғана жиналып жатыр.

Сарапшымыз Aldeken финалға өту мүмкіндігі жоғары командалар ретінде Арал-Ас пен Барыстарды атап өткен болатын. Ал, kozildirik тің не дегенін түсінбедім. Өзінің де басы қатып кетті-ау деймін. )))

Зал толуға жақын. Көрермендер арасында бұрынғы квн-ші, бүгінгі жайдарманшылар өте көп. Осыған орай, маған бір ой келіп отыр. Жайдарманшылар шынымен бақытты екен. Бәріңіздің бірге істеп жүрген істеріңіз, ортақ иделарыңыз бар. Демек, мыңдаған достарыңыз бар деген сөз. Ал «жүз теңгең болғанша жүз досың» болсын деген мақалды жақсы білесіздер ғой.

Қазылар жайғасты. Көрермендер арасынан Нұрлан Қоянбаевты көз шалды. 

Ал кеттік! Есаға бастады. Командалар сахнада:
ЖасНАР — Алматы
Күлкі терапиясы — Қарағанды
Барыстар — Ақтау
Демеушіміз Болашақ — Астана
Альянс — Семей
Арал-АС — Арал

Қазылар алқасы:
Ерлан Малаев
Айбек Қалиев
Марат Достаев
Әділ Ахметов
Мұрат Әбенов

Тақырып: Әлемде талай қызық бар. Жеребе бойынша, ойын шымылдығын ашу Арал-АСқа бұйырды.
Уақыт жоқ команада, жаға жыртыс ойында Ғалым кез-келгеннің жағасын жыртып алуға дайын. Басталмай жатып, көрермен тарапынан қызу қолдауға ие болды. Корей киноларына пародия. Аралдағы мейрамхананың өзі ғажайып. Сенбейсіз бе? Эфирді қараңыз. Айкезбе адаммен бірге ұйықтап көрдіңіз бе? Қандай болатынын Арал көрсетті. Айтыс. Айбек Қалиев күлді. Бәрі әдеттегідей, халық дән ырза, аралдық жігіттер өздеріне өте сенімді. Бір жұмбақ адам командада, оны өздеріңіз көрерсіз.

Күлкі терапиясы. Әдеттегідей тұщымды әзілдерімен бастады. Ғарифул қазақ үшін жанынымды беремін деп жатыр. Капитан өзгеріп кетіпті. Аты Нұрсұлтан. Ол бастаған команда ұтылса әділ-қазыға сын. ))) Қожаның рөліндегі Қайрат Нұртас. Уау, топта гитараны сұмдық ойнайтын жігіт пайда болыпты! Уау сыбызғыны да, мәссаған шаңқобызды да өлтіреді. Ал ең соңғы аспап — ӨРТ!!! Қазақ клиптерінің режиссерлері де сынсыз қалмады. Қарқаралыдан Қазбек би, Нүркен Әбдіров шыққан, тағы кім шыққанын білесіз бе? Білмесеңіз эфирді міндетті түрде қараңыз! ))) Сәтті шықты. Жарайсыңдар!

Айтпақшы, бүгінгі ойын ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің қолдауымен өтуде.

Жаснар. Басында достардың ғана әзілдері кіріп жатыр. Басқалар Беріктің туған күнін тойлапты, ал Берік ойынға дайыналыпты. ))) Дархан мен Жомарттың сәби кезінде қандай болғанын эфирден міндетті түрде қараңыз! Емтихан туралы әзіл вице-финистрді шын күлдірді. Инженерлер орта тұста жоғары темпті жоғалтып алғандай болды. Бірақ, видеоқойылымдары залды жарды. Бағасын күтейік.

Альянс. Би. Басқаша болмайтынын өздеріңіз де түсініп отырсыздар ғой. Әлеуметтік желідегі қызықтар. Әр сыныпта болатын оқушы))). Соңғы уақытта Альянстың мәтіндік әзілдері өте жоғары деңгейде! Ақымақ ұрылар, жауыр болған тақырып болса да, күлкілі. Ас үй мен теледидар тұрған бөлменің арасындағы көш сіздің де басыңыздан өткеніне кепілдік беремін.

Демеушіміз Болашақ Тіпті Асан Пердешев айтпайтын ән. Мәдина Сәдуақасова мен Нұрлан Албанның айырмасы не? Әншілерге біраз жебе атылды. Қыздар Нұрболханды командадан қуып жатыр, бірақ Нұрболханның да жауабы бар. Зал құлап жатыр күлкіден! Ақырында қыздардың өздері кетіп қала жаздады командадан. ))) Нұрболханның жаңа қыздарынан бүкіл жайдарманшы ойнауды үйренсе болады.

Барыстар Әдеттегідей қазақы стильде бастады. Амандасқанда ешкімді ұмыт қалдырмаған сияқты. Қысқа әзілдер, шексіз фантазия. Бірін-бірі көре алмайтын қойларды да көрдік. ))) Басы ауырлар басталып еді, ортасына таман күш алды. Өсекшілер сайысынан екінші орын алған апа!!! Зу ете қалды. Аздау болып қалғандай.

Сәлемдесу, ұпай сандары:
Арал-АС 4 4 4 4 4 = 4
Күлкі терапиясы 4 4 4 4 4 = 4
ЖасНАР 3 4 5 5 4 = 4.2
Альянс 4 4 4 4 4 = 4
Демеушіміз Болашақ 5 5 5 5 5 = 5
Барыстар 4 4 4 4 4 = 4

Қоссайыс:
Жамбы ату:

Альянс 0,5
ЖасНар 0,6
Күлкі терапиясы 0,7
Бүгінгі жамбы ату ӨРТ болды!!! Эфирден қараңыз!!! Қарамаған күнә!)))
Ширату
Барыстар 0,8
Демеушіміз Болашақ 0,9
Арал-АС 1
Екі турдан соң:
Арал-АС 5
Күлкі терапиясы 4,7
ЖасНАР 4,8
Альянс 4,5
Демеушіміз Болашақ 5,9
Барыстар 4,8
Ширатуды Ғалым төңкерді

Үй тапсырмасы: Әлемнің сегізінші кереметі

Күлкі терапиясы. Жақсы бастады. «Келін» фильмі Астанада. Ал, осы кезде сахна сыртында

Самат жол полицейі. Күлдіріп жатыр. Сонымен сегізінші керемет қазақ жол полициясы болып шықты.

Альянс екі турдың қорытындысы бойынша соңында келе жатыр. Бірақ, жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Бұл да сахна сыртынан түсіп жатқан сурет.

Барыстар «Әлемнің кереметі отбасыда» деп бастады жігіттер. Орта есеппен қазақ отбасысын көрсетіп жатыр. Өз үйіңізді де танып қалуыңыз мүмкін. Негізі үй тапсырмасынан көрі, СТЭМ-ге көбірек ұқсайды. Бірақ, күліп жатырмыз!

Демеушіміз Болашақ. Команда әлемнің сегізінші кереметін іздеп саяхатқа кетті. Реквизиттер мықты. Гринпис сотқа бермесе болар еді. Қыздар тіпті көбейіп кетті. Нұрболхан амазонкалар тайпасына тұтқынға түсіп қалды. Зена естеріңізде ме? Әлгі екі шеңбер лақтырып, жұртты қыратын ше? Ол да жүр мына үй тапсырмасында. Халық тұрып қол соқты.

Альянс. Үш бөлмеде жалғыз тұратын қыз. Бұл да бір керемет. Ол қыздың жігіті келсе ше? Ол кезде қыздың үйінде кішкентай сәби жүрсе… Қарарсыздар.

ЖасНар. Өмір тосын сыйларға толы. Ендеше күн сайын сегізінші кереметті көріп жүрміз. Жаснардың үй тапсырмасының моралі — әкеге өтірік айтпаңдар. Жақсы сценарий.

Арал-АС. Арал-АС ойынға жақсылап дайындалған екен. Олардың осыншама реквизит әкелгенін көрмеппін. Командада қыздар пайда болған. Көретін сценарий. Айтып жеткізуге де болар еді, қиын. )))

Арал-АС 66565 = 5.6
Күлкі терапиясы 6 4 4 5 5 = 4.8
ЖасНар 5 5 5 6 6 = 5.4
Альянс 5 5 4 5 4 = 4.6
Демеушіміз Болашақ 6 6 6 6 5 = 5.8
Барыстар 6 6 5 5 5 = 5.4

Қорытынды:
Арал-АС = 10.6
Күлкі терапиясы = 9.5
ЖасНар = 10.2
Альянс = 9.4
Демеушіміз Болашақ = 11.7
Барыстар = 10.2

Арал-АС пен Демеушіміз Болашақты құттықтай беруге болады.

Уау! УАУ! УАААУ!!! Арал-АС тарихта болмаған оқиға жасауда. Олар өз жолдамаларын ЖасНАРға ұсынды. РЕСПЕКТ!!! Өз биігін алып болған команда інілеріне жол беріп жатыр. Зал тұрып қол соқты!!!

Кешірім өтінеміз, сайтымыз кірушілердің көптігінен аздап «зависать» етіп қалды.

Сонымен финалда:
«Назар аудар» Орал
«Қорқыт құрамасы» Қызылорда
«Демеушіміз Болашақ» Астана
«ЖасНар» Алматы

және резервпен
«ҚазҰУ» Алматы

Айтпақшы, мына бір бүлдіршіндерге түкіріп қойыңыздар. Бүгінгі жайдарманның ең кішкентай ойыншылары.

Қалай ойнағанын эфирден көріп, таң қалатындарыңызға сенімдімін.

Осымен мен де біттім. Күн ұзағына сіздермен бірге болған Editor.

Онлайн репортаж. Жоғары лига. Жартылай финал. Бірінші күн

0


Кеш жарық достар! Бүгін ерекше күн. Республикалық Жоғары лиганың чемпиондығына тағы бір қадам. Жартылай финал. Бәсін бәсекеге тіккен топтардың қайсы ақтық мәреге шығады? Оны бәрінен бұрын білу үшін осы жерде кешкі 19-00 ді күтіңіз! Уақытыңыз болып жатса Астана қаласы, Жастар сарайына келіңіз!
Қатысатын топтар:
1-топ.
Қорқыт құрамасы
Назар аудар
ҚазҰУ «Ұлттық құрама»
Тек қана қыздар
Сағыз

Кешке кездескенше!

Ақырындап жиналып жатырмыз. Пікір ретінде ставка қоятын топтарыңды жазып отырыңдар!)))

«Ғажайыптар маусымы» Жоғары лига. Жартылай финал. Сахнада Есен Елеукен. Бар жанарды жаулаған Жайдарман ортада!

Әділ қазы алқасында:

Марат Достаев
Ерлан Малаев
Әділ Ахметов
Айбек Қалиев
Мұрат Әбенов

Алғашқы сайыс сәлемдесу. Бастайтын «Тек қана қыздар» Алматы. Сальто-мальто жасап бастаған ойын. Жайдарман қыздардың да ойыны. Орташа. Айтпақшы стиль өзгерген. Ауыр рок әуен естіп отырмыз. Залдың қабылдауы жақсы. Дегенмен жартылай финалдың дайындығы толық дей алмас едім. Топқа жаңа қыздардың келгені әсер еткен сияқты. Соңғы көрініс, ауылдағы концерт «жыртты». Соңында кіршіксіз махаббат жайлы ән. Жақсы.

«Назар аудар» Орал. Бүгін топқа 3 жыл. Құтты болсын! Әтжан бимен сыйлық. Ғазиз баянмен сыйлық. Залдағы қыздардың 90 пайызы шыңғырып жатыр, қалғандарының қасында жігіті отыр:) Балалық шаққа саяхат. Жақсы. Сөйлейтін тотықұс. Көрермен «жатыр». Аяғы сәл ыңғайсыздау бтіп қалған сияқты. АҚШтағы супермаркет. Сатып алушы қазақ. Керемет. Басын баяу бастағанмен аяғында жағдайды жақсартып алды.

«Сағыз» Атырау облысы Өлеңді дұрыс тыңдаңыздар. Топтың аты неге сағыз? Құпиясы бар. Сағызға су келді. Келе жатқанда сиыр көріпті. Мына ойынды сөзбен жазу мүмкін емес. Көріңіздерші. Негізі зал жақсы қабылдап жатыр!

«ҚазҰУ құрамасы» Алматы. Бекзат құлақшынмен. Әйелі мен баласы бар. Басы жаман емес. Мектепте болған оқиға. Жақсы. Күйеуі мен әйелі. Тамаша. Көшедегі оқиға. Команда жұмылып, тек финал деп келген сияқты. Әділ қазылар. Идея ескірген. Соңы әдеміііі! Әсіресе залдың қошеметі.

«Қорқыт құрамасы» Қызылорда Гептилмен шәй ішіп отырған қызылордалықтар. Биге аузымызды ашып қалдық, себебі билеген қыздың біраз жері ашық еді))) Кітапханада болған оқиға. Жақсы. Ұялы телефонды байқап ұстаңдар. Бахалек жұлдыз. Жүз баламен төбелесуге барып көріп пе едіңіз? Джынды Ханның туған күні. Сахнада… үлкеееееннн жылан жүр… Такси мектебі. Өте жақсы! Ойын да, дайындық та, жігіттер де!

Сәлемдесу бойынша ұпай сандары:

Қорқыт құрамасы 55555 5
Назар аудар 55555 5
ҚазҰУ «Ұлттық құрама» 55555 5
Тек қана қыздар 54454 4,4
Сағыз 55455 4,8

«Қос сайыс» бойынша ұпай сандары:

Алдымен «Жамбы ату»:
«Тек қана қыздар» 0,6
«Назар аудар» 0,7

Енді «Ширату»: Алдымен топтар бір-біріне сұрақ қояды.
«ҚазҰУ құрамасы» 0,8

Енді финал, қазылар тарапынан сұрақ:

«Сағыз» 0,9

Жеңімпаз «Қорқыт» 1 үпай

Соңғы «Үй тапсырмасы» сайысы. Бастаған «Қорқыт». Айда адасқан жандар. Қайда? Сайда? Қайдағы сай? Бұл ай! Өзге планеталықтар. Оларға құрбандық керек. Кім болады? Өте қызық сюжет, керемет!

«Тек қана қыздар» Тек қана қыздардан құралған әскери топ. Әдемі әнмен басталғанымен тыныш көріп отырмыз… Қыздардың соғыстарының өзі қыздарский Осымен маусымды аяқтайтын сияқты…

«ҚазҰУ құрамасы» Вестерн. Жабайы Батыс. Дикий Запад деген жаман аударылады ия? Техас штаты. Белгісіз бар. Қылмыскерлі ұстау үшін банда жиналды. Енді олар шөл далада. Ойын ортадан жоғары. Бірақ біз күткендей емес. Соңына қарай қызған сияқты…

«Сағыз» Әлемдегі жеті кереметтің үшеуі Сағызда. Біреуі қызыл. Орташа көрініс. Арасында күліп отырдық. Соңғы сайысы көрерменді аздап шаршатып жіберді. Үй тапсырмасы шешуші болады-ау))

«Назар аудар» Өмірде барлығы ақшамен шешіледі! Көршінің көшкені қандай жақсы! Енді «ояндық». Керемет ойын. Соңғы нүкте әдемі!

Сонымен «Үй тапсырмасы» бойынша ұпай сандары:

«Қорқыт құрамасы» 65665 5,6
«Назар аудар» 66666 6
«ҚазҰУ құрамасы» 56655 5,4
«Тек қана қыздар» 55553 4,6
«Сағыз» 56564 5,2

Жалпы ойын қортындысы бойынша тікелей финалда:

«Назар аудар» 11,7
«Қорқыт құрамасы» 11,6

Ертең күтеді:

«ҚазҰУ құрамасы» 11,2
«Сағыз» 10,9
«Тек қана қыздар» 9,6

Ертең осы жерде кездескенше!

Құрметпен Алмас көзілдірік!

Жоғары лига. Жартылай финал. Долбар мен болжам.

0

…Әлқисса, Жоғары лиганың шешуші кезеңі келе жатыр. Сәуегейлер көп. Болжам одан да көп. Бәріне пысқырып қарамайтын топтар дайындалып жатыр. Түскі үзілісті пайдаланып, бір түртіп тастайын…
Жартылай финал сайыстары:
— Сәлемдесу
— Қоссайыс
— Көрініс

Бірінші топ бойынша:
«Тек қана қыздар!» Мереке және оның достары. Шамалары жартылай финал. Осымен маусымды аяқтайды ау. Қыздардың ойыны, әзілі болғанымен темп жағынан жігіттерге ілесе алмай қалады ау. 3 сайыстың барлығында да ең төменгі ұпай жинайтын аутсайдер деген баға қоямын. Ұпайы мөлшермен 7.5

«Сағыз құрамасы» Премьер лиганың өкілдері. Жарқын өкілдері. Сәлемдесу мен қоссайыста таласып бағады. Көріністен қате жіберсе Қызылқоға ауданының тарихындағы жартылай финалға жеткен алғашқы топ болып қалады. Дегенмен финалдан көре алмай тұрмын. Ұпай мөлшері: 8.8

«Қорқыт құрамасы» мен «Назар аудар». Негізі екеуін қосса керемет топ шығар еді. Қорқыт сәлемдесуден алдына жан салмай келіп, көріністен үнемі сүрінеді. «Назар аудар» керісінше сәлемдесуді созып бастап, көріністі «жарып» кетеді. Екеуінің де ұпай саны шамамен 9.0 немесе 9.4. Екінші жолдамаға таласатын анық осылар.

Топтың сөзсіз фавориті «ҚазҰУ құрамасы». Мүмкін болатын 10 ұпайдың кемінде 9.8 ін алып кетеді. Мен үшінпәшти финалда тұр. Ертең сахнаға шығып ойнау деген кішкене формальность қалды:)

Екінші топ бойынша:
Барлығы бірінші күннің топтары мықты деген болжам айтады. Бірақ ол жерде фавориттер белгілі сияқты. Ал екінші күні шығатын 5 топтың біреуі Жоғары, біреуі Премьер лига чемпионы, екеуі екі мәрте Жоғары лига финалистері екенін ескерсек автоматты түрде аутсайдер «Демеушіміз Болашақ» шыға келетін сияқты:) Ал Нұрболхан мен қыздардың қарымын бәріңіз білесіздер. Демек… Тіпті әшки тағатын менің басым кетті. Бұл жерде барлығын шешетін қоссайыс болмақ. «Альянс» пен«ЖасНарға» өте қиын. Егер «Демеушіміз Болашақ» пен «Барыстар» көрініске назар салмаса, алғашқы екі сайыста жинаған ұпайлары текке кетеді. «Арал Ас» үшін сәлемдесу жанды жер. Ал толық құрмаммен жиналса ұпай жоғалтпайтындары анық.

«Күлкі терапиясы»…. Олар туралы құмалағым түспей жатыр… Самат пен «туыстарына» елдің бәрін «Ах! Ох! Лібә!» дегізетін бірнәрсе әкелмесе жағдайлары қиындау…

Долбар мен болжам, Жартылай финал, Жоғарғы лига.

0


Хоооооош, сонымен, Жоғарғы лиганың жартылай финалы да келіп қалыпты… Тааааак, сонымен, қатысатын командаларды қарайық… 
1-топ.
Қорқыт құрамасы
Назар аудар
ҚазҰУ «Ұлттық құрама»
Тек қана қыздар
Сағыз

Сонымен, болжам…
Қорқыт құрамасы — тәжірибелі команда. Оған қоса, ресми маусымдағы үзілісте қол қусырып отырмай, арнайы жобалар мен аймақтық біріншіліктерге қатысып, былайша айтқанда «ащы терлерін» алдырып, бапталып келе жатқан команда. Команда өзінің тәжірибелілігіне салып, өздерінің үйреншікті стильдерінде келеді деп ойлаймын. Олай етуге құқылы, себебі, бұл стиль әлі де көрерменге өтімді, оның үстіне өздерінің тұрақты жанкүйерлерін қалыптастырып үлгергендіктен көрерменнің қошеметі аз болмайды. Дегенмен, басты тәуекелдері, әрине, қазылар алқасы… Себеп, көрерменнің қошеметіне бола команда арзан әзілдерге бой алдырып жатады. Ал, жайдарманның трендтері өзгеріп келе жатқанын ескерсек, бұл қауіп… Бірақ, 1-2 курстың студенттері үшін сөзсіз фаворитсіңдер, әңгіменің ашығы…))))) Финалға өту әлеуетін жоғары деп бағалаймын.
Назар аудар — Жайдарманға келетін көрермендердің ішіндегі төмен етектілердің 90 пайызы осы команданың ойынын көруге келеді, 5 пайызы ойынның үстінде осы команданың жанкүйерлеріне айналады. қалған 5 пайызы іштей ғашық, себебі ойынға жігіттерімен келеді. Ал, шынына келсек, меніңше, Оралда бұл топтың артында жүйелі түрде жұмыс істейтін үлкен топ тұрған секілді. Себебі, топтың шығармашылық өсуі, дайындықтары, сосын кей уақытта әзілдеріне алған идеялары осындай ойға итермелейді. Егер ойым рас болып шықса, бұл жаман емес, бұл жақсы, тіпті өте жақсы. Демек, команданың болашағы бар. Бірақ, команда, әрине өз стильдеріне «гламур и глянец» дегендей жеңіл де, әдемі әзілдер мен сюжеттерді таңдайды. Бірақ, бәрібір өсу керек. Осыны ескерсе екен, деген тілек… А так, финалға әлеуеті мықты команда.
ҚазҰУ «Ұлттық құрама» — Үздіксіз, жыл, он екі ай, үш жүз алпыс бес күн дайындықта жүретін команда. Оған қоса, дайындықтары жүйелі. Редактурада «ойбай мына әзілді кесіп тастады, енді орнына не қоямыз, еу, бірдеңе шығарайық та» деген паниканы көре алмайсыз бұлардан. Бірақ, биыл команданың көп ойыншылары дипломдарын қолына алғанын ескерсек, қазіргі жағдайын бағалай алмай отырмын. Дегенмен, евростайл жайдарманның көшбасшысы да, бірегейі де осылар. Былай алып қарасаң, түкке тұрмайтын гон әзілдерді бір сюжетке біріктіруіне таңдай қағумен болам, әрқашан… Финалисттер қатарынан көргім келеді. Көретін де шығармын.
Тек қана қыздар — Опшым, алдыңғы шептен келген ақпаратқа сүйенсек, команда құрамы жаңартылған. Ендеше, жаңа қыздардан жаңа ойын күтеміз. Мерекеге сәттілік! Десек те, барлық ойынды Мерекенің айналасына құрудан арылатын уақыт келді… деп тағы айтқым келіп отыр. Әлі солай болса, қиындау…
Сағыз — Няганьстайл)))))))) Әлде Няганьның командасы Сағызстайл ма?)))))))))) Опшым, Жайдарманда ешкімге ұқсамайтын, сонысымен ерекшеленетін команда. бірақ, көрермендердің қабылдауы қиындау болып жатад. Десек те, финалға өту мүмкіндігін сәл төмендеу бағаладым.

Сонымен, 1-топ бойынша финалға өту бәсі жоғары деп ҚазҰУ мен Назар аударды атадым. Бірақ, Қорқыттың да бұл орынға таласу мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Уооот…

2-топ.
Арал-АС — 2011 жылғы чемпиондар. Хммм… Әрине, команданың әлі айтары бар, тәжірибе шаш етектен… Көрерменнің қошеметі жеткілікті… Бірақ… Топ мүшелері бұрынғыдай бір жерде шоғырланбаған. Кейбір мүшелері коммерциялық жобаларда жүр… Бұл өз кезегінде, дайындыққа әсерін тигізері сөзсіз… Демек, тәуекел бар, қауіптің де шеті көрініп тұр… Дегенмен, қарсыластар арасында фаворит екенін жасырмаймын. Демек, үміт бар, мүмкіндік те бар… Тек, тыңғылықты дайындық пен идеяларды жүзеге асыру керек. Көреміз…
Альянс — Жалпы жайдарман топтарының арасында сынды дұрыс қабылдап қана қоймай, одан өзіндік нәтиже шығара білетін бірегей команда. Осыған орай, даму бар, өсу бар. Бірақ… өткен жылғы финалдағыдай, команда мүшелері шашырап кетпесе, жақсы болар ед. Финалға өту мүмкіндігі бар, тек соны уыстан шығарып алмаса болғаны…
Барыстар — топтың әлеуеті мықты. Қазақи стиль тұнып тұр. Тек, менің бір құрдасым айтпақшы, бала-шаға мен ауыл-үйдің ауласынан шығатын уақыт жетті. Соны ескергені дұрыс. Финалға басты үміткерлердің бірі.

Демеушіміз Болашақ — Нұрболхан бастаған қыздар жобасы жақсы жоба бірақ, соңғы уақытта аздап тоқырау байқаймын. Жаңа фишкалар керек секілді. Күтем…
ЖасНАР — Өткен жылғы Премьерканың чемпиондарының стилі ұнайды жеке өзіме… Әдемі… Байсалды… Керек жерінде әзілді жеңілдетуді де біледі… Көріністеріі енді, сөз жоқ… Бірақ… Астаналық көрермен әлі үйренісе алмай жатыр, сол кедергі болуы мүмкін.

Ааа, сосын афишада екі топтан бөлек тұрған командаға тоқталсақ…
Күлкі терапиясы — Саматтың интернационал командасы, биыл жақсы ойыншылармен толықты. Бірақ, әлі де болса, саясатты әзілге айналдыруда астарлау, тұспалдау мәселесі кем түсіп жатады. Әлі де даму қажет.

Сонымен, сөздің қысқасы, финалдан көреміз-ау деген командалар қатарына бұл топтан Арал-Ас пен Барыстарды таңдадым. Резервте 1-топтан Қорқыт пен 2-топтан Альянсты атаймын. Ендігісі ойынның еншісінде…

Алдан Жылгелді