Home Blog Page 65

Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1\8 финал. Бірінші топ

0

Қайырлы күн, достар!

Бүгін 25 ақпан, яғни «Әдебиет маусымының» алғашқы ойыны. Астаналықтар немесе қалаға қыдырып келгендер, кешкі сағат 19:00-де Конгресс Холлға келіп, жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстарын тамашалай аласыздар! Билеттер баршылық, келіңіздер!!! Ал, белгілі бір себептермен келе алмайтын немесе басқа қалада болып жатсаңыздар, осы жерде әдеттегідей тікелей репортаж жасаймыз.
Қатысатын жайдарман топтары: 

«ҚазҰУ құрамасы», Алматы

 

«АЭСА», Алматы

«Павлодар жастар құрамасы», Павлодар

 

«Күлкі терапиясы», Қарағанды

 

«Абзал жандар», Ақтөбе

 

«Күлтегін», Астана

Қазылар алқасы құрамында:
Ғабидолла Оспанқұлов
Нұрлан Сыдықов
Мұрат Әбенов
Максим Рожин
Айбек Қалиев
Жалпы тақырып: «Халық ауыз әдебиеті»

Ойын басталуына бірнеше минуттар қалды. Бірі гримделіп, бірі дайындалып, бірі жай әндетіп…әйтеуір бір қапылыс.

Ал, шапалақтап бастап кеттік. Рүстем Елжан сахнада. Музыкасыз, музыкамен күліп, шапалақтап оңдық))

Есаға бастады! Командалар сахнаға! Кеттік, сәттілік!!!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Қанекей, тілім, сөйлеші!»
«Абзал жандар» Бонжуғ, Астана!!! Дауысы әдемі әншісі бар екен. Оң қолдың тырнағын алу. Кітапханашылардың туған күн тойлауы. Түшшшшшшшш… «Менің атым Қожадағы» фильмге де, кітапқа да енбеген эпизод. Төлеген мен Қыз Жібек оқиғасының 9-шы нұсқасы. Әдемі ойын, жоғары лигаға сай ойын көрсетуге барынша тырысып бақты.
«Павлодар жастар құрамасы» 3…2…1… кееееттік! Барлығы бұл команда ұшып кетеді деп ойлап отыр. Бірақ, олай емеееес, өйткені олар топқа аңшы алған)) Қорқынышты фильм… хммм… түк қорқынышты емес, Абайды оқу керек. Бұлар Қайрат Келімбетовтың кабинетінде боп қайтыпты. Сіздер болжағаннан, ойлағаннан әлдеқайда жақсы ойын көрсетті.
Әдеби толқында «Күлтегін». Әдебиет деген төөөгіліп жатыр, бастайық тезірек. 7 сынып оқитын баланың түсіне енген Мағжан Жұмабаев. Аязды күні оқушыларға сабақ болмағанмен, мұғалімдеееерр… ыыыхх))) Хан бәйбішесімен үйінде.
Меніңше, еуразияшыл жастар «сәлемдесудің» нақ шеберлері»!!!
«Күлкі терапиясы». ай-ле-ле-ле… Жаңа құрам. Саматсыз бастағанмен, Саматсыз қалай болушы еді, әрине ол қайта шықты сахнаға. Пародист жігіттің Аблязовты салуы. Кітапқұмар жігіттердің қызбен танысуы. Географтың өз көлігін саудалауы. Хмммм… қызық. Жалпы өте қызық ойын көрсетті.
«АЭСА». Ерекшеленіп ән айтып шықты қазақтың қарапайым бұзық жігіттері. Михон әдеттегі әңгімесінен жіберді. Айтпақшы, ол қатал басшы емес екен, өмірі қабағы ашылмайды екен деп ойламағын! Бірақ, кереек кезде өөөте қатал!
«ҚазҰУ құрамасы» сахнаға шыққан бойда «әдебиет маусымы» екені едәуір сезіліп қалды. Астана қаласының тұрғындары да, таксистттері де біртүрлі. Үнді әдебиетіне қалай қарайсыздар?! Көлік тонау. «Сочи-2014»-ке қатысқан спортсмендермен жиналыс. Ол жерде де Қайрат Нұртас анасымен жүр. Жүрмейтін жері жоқ өзінің.
Жақсы ойын. Былтырғы маусым вице-чемпиондары биылғы «Әдебиет маусымында» аңызға жақын жүрмекші екен…
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Абзал жандар» 44434 3,8
«Павлодар жастар құрамасы» 45444 4.2
«Күлтегін» 45544 4.4
«Күлкі терапиясы» 55535 4.6
«АЭСА» 55545 4.8
«ҚазҰУ құрамасы» 55544 4.6

«Бес жаңалық» сайысы

1. «АЭСА» 44444 4
2. «Павлодар жастар құрамасы» 33322 2.6
3. «ҚазҰУ құрамасы» 44433 3.6
4. «Абзал жандар» 33322 2.6
5. «Күлтегін» 33333 3
6. «Күлкі терапиясы» 33433 3.2

«Бір көрініс» сайысы

Тақырып: «Ел аузынан…»
«Павлодар жастар құрамасы». Театралды қойылым. Алайда, актерлер басқа мамандық иелері, оған қоса әуенмен әрлеуші түнгі клуб диджейі болса, жағдай қалай болар екен?! Ең бастысы қазылар қалай бағалар екен?!
«АЭСА». Жігіттер қандай бұзық, қылмыскер болса да, үйлерінде өте қарапайым. Бүлік шығарған жігіттердің үйіне милиция қызметкері келеді. Келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұлар қылмыскерлер ғана емес, әртістер екен… иә, жігіттің сегіз қыры, бір сыры болуы тиіс.
Қорқынышты фильм… бұл жолы «Ұлттық құрамадан» емес, «Абзал жандардан». Өте қорқынышты фильм. Жақында «Ұлттық арнада». Күтіңіздер! Жақында!
«Күлкі терапиясы»  Қарағандыда кітап әлеміне саяхат жасайтын туристтік агенттік ашылған көрінеді. Мұқағалидан сусындап бастады… жалғасын айту ұшін сәл Мұқағалидан ұрттап, ой кешіріңіздер, оқып алу керек))
«Күлтегін» Күзетші ағайдың айтуымен, Ромео мен Джульеттаның ғашықтық дастаны Веронада емес, Ақмолалық базарлардың бірінде болған екен. Джульетта Капулетти киім сатушының сұлу қызы, ал Ромео Монтекки етік сатушының жалғыз ұлы.
Мұның бәрі ел аузынан…
«ҚазҰУ құрамасы».
Бүгінгі күні ел аузында не болуы мүмкін?! Әрине, МАХАББАТ. Бекзат мен Абылай бір қызды ұнатып қалады, алайда сұлу қыз… кімді таңдағанын білесіздер ме?! Білмееейсіздер, мүлде ойларыңызға кіріп-шығуы мүмкін емес… жарайды, айтайын, Нұрсұлтанды)) Бірақ бірнеше жылғы достықты ешнәрсе де, ешкім де бұза алмасы хақ… «ҚазҰУ» көрінісі әдеттен жырақтамай залды ду күлдірді.
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Павлодар жастар құрамасы» 44444 4
«АЭСА» 54555 4.8
«Абзал жандар» 54445 4.4
«Күлкі терапиясы» 54555 4.8
«Күлтегін» 55555 5
«ҚазҰУ құрамасы» 55555 5

ҚОРЫТЫНДЫ

Ширек финалға жолдама алғандар:
«Күлкі терапиясы» 12.6
«ҚазҰУ құрамасы» 13.2
«АЭСА» 13.6
Резервте:
«Абзал жандар» 10.8
«ПЖҚ» 10.8
«Күлтегін» 12.4

Ертең кездескенше! Арривидерчи, достар!!!

Алғашқы ойын. Алғашқы болжам. Алғашқы пікір.

0

Сонымен бүгін Жоғарғы лигада маусымның алғашқы ойыны. Маусымашардан кейін әне-міне деп ойларымды жазуға қол тимегесін, биылғы маусымның алғашқы постын болжамнан бастайын… 
25 ақпан, Конгресс-холл, 1/8 финал 1-топ.
Қатысатындар:
1. «ҚазҰУ құрамасы», Алматы қаласы
2. «АЭСА», Алматы қаласы
3. «Павлодар жастар құрамасы», Павлодар қаласы
4. «Күлкі терапиясы», Қарағанды қаласы
5. «Абзал жандар», Ақтөбе қаласы
6. «Күлтегін», Астана қаласы

«ҚазҰУ құрамасы» — биылғы фавориттер. Маусымашарда өздері айтқандай «биыл тағы маусымда, не істейсің басқа, енді?»)))))))))))))Негізі, финалға дейін баратын әлеуеті барын бәрі мойындайтын болар… Басқа командалар маусымашарға дайындалып, үн-түнсіз жатқанда бұлар «Жәй әшейін» сериясымен осы сайттың видео-контентін де біраз байытып тастады. Демек, команда толассыз ізденісте, тоқтаусыз шығармашылық жұмыста… Бұл үлгіболарлық үрдіс. Биыл барын салады. Сондықтан бірінші орынмен келесі кезеңге жолдама алады деп ойлаймын.
«АЭСА» — команда ретінде жоғарғы лигаға алғаш шыққанымен бірді-екілі ойыншылары жоғарғы лиганың дәмін татып көрген команда. Стильдері кедергі келтіруі мүмкін. Маусымда жаңа болғанымен жеке тәжірибелерінің арқасында біраз қарсылық көрсететінін сөзсіз. Премьерканың өткен жылы Астанада өткені де командаға көмектесетін болар.
«Павлодар жастар құрамасы» — күреске тоймайтын аутсайдерлер болады. Басқа командалар осы жігіттерді есепке алмай келетініне сенімдімін.)))))))))) Бірақ, кейде осындай аутсайдерлер, фавориттерді омақастыратын кездері болады. Деенмен, маусымашарда жігіттерден пәлендей жаңалық көре алмадым, сондықтан әзірге келесі айналымға өту мүмкіндіктеріне де үлкен сұрақ белгісі арқылы қараудамын.
«Күлкі терапиясы»-Саматқа рахат, негізі… )))))))))) командасын ресми түрде 11 жыл бойы маусымға шығара алады.))))))) Өткен маусымда «Экспресс» болмағасын саяси әзілдердің трендін ұстанған бірегей команда еді, биыл, ол артықшылығы бәсеңдейтін секілді. Дегенмен, 1/4 финалға баратын болуы қажет, ар жағы әзірге бұлыңғыр…
«Абзал жандар» — Қиын. Бірақ, маусымашардағы ойындарына қарап, өзіндік стильдері бар команда ретіне бағаладым. Кейбір «азулы сарапшылардың» пікірінше командаға тұрақтылық жетіспейді екен. Бұл пікірдің қаншалықты екенін ойын көрсетеді. Бірақ, әзірге мүмкіндіктерін жоғары бағалай алмай отырмын.
«Күлтегін» — өткен жылғы қателіктерді ескеріп, биылғы маусымға жаңа қарқынмен келдік десті жігіттер мен қыздар… Астаналық команда болғасын, залдың көмегі әрине болады. Десек те, менің ойымша жаңа командалардың ішінде бұл командаға лайықты қарсылық көрсететіндері баршылық… Сол себептен, қамдану керек, жігіттер мен екі әдемі қыз…)))))))))))))

26 ақпан. 2-топ. қатысатындар:
1. «Экспресс», Ақтөбе қаласы
2. «Демеушіміз болашақ», Астана қаласы
3. «Аграрка», Астана қаласы
4. «ЖасНар», Алматы қаласы
5. «ҚМУ құрамасы», Қостанай қаласы
6. «Тұңғыш астана», Қызылорда қаласы

«Экспресс» — иәәә… бір қарасаң, «Экспресс» үшін оңтайлы маусым болуы керек, биыл… Көсіле шабатын… Десек те, біріншіден, команда көрермен жаңа бой үйретіп келе жатқан кезде, чемпион болып, бір жылға сахнадан қол үзіп алды, екіншіден, өздері әкелген саяси тренд пен ойлы әзіл қазір біраз командада бар… Ал, басқа командада бар шоу мен актерлік ойын «Экспресс» командасына келді ме? келсе де, көрермен оны қабылдай ала ма? уоооот… қызық опшым… бірақ, өзім сүйсініп, айызым қанып қарайтыным сөзсіз бұл команданы… Келесі айналымға сөзсіз өтеді деп сенемін.
«Демеушіміз болашақ» — Қырғыз ренжімесін, қыздар сендер де кешіріңдер… бірақ, жақсы бір фильмнің сиквел, приквелдері шыққанда, кейде ол сәтсіз болады, кейбірі сәтті болады ғой, сол сияқты биылғы маусымда түбегейлі өзгермесеңдер, ия бір тың жаңалық әкелмесеңдер, маусым сендер үшін лотерея болатын секілді… Қырғыз мойындамаса да, команданың авторларына да ескерту бұл…))))))))))))))
«Аграрка» — сарбаздардың деңгейіне шыға алмай жүрген команда… биыл не күтерімді білмедім… Премьеркада біраз күткем, негізі… қайдан білейін… маусымның өзіне добормен алынғандығы да, күмәнді еселеп тұр… Білмеймін… Дегенмен, сәттілік!))))))))))))))))
«ЖасНар» — өткен жылы айтқанымдай, биылғы жыл бұл команда үшін «жұлдызды» жыл болуы керек, негізі… Дегенмен, қарсылас командалардың басым жақтарына өздерінің басым тұстарын сәтті қарсы қоя білсе, биылғы финалдан тағы көруіміз мүмкіндігі өте жоғары…
«ҚМУ құрамасы» — Қостанайлықтарда жақсы бір басымдық бар — олардың екі тілде ойнайтындықтары. бірақ, орысша ойындары сәтті болғанда қазақша ойындары сәл стагнацияға яки тоқырауға ұшырайтынын аңғардым… осыны дұрыстаса, былтырғы маусымда біршама тың сарындарымен есте қалған еді, биыл да жаңалық күтемін.
«Тұңғыш астана» — жігіттерге тек бір-ақ нәрсе айтамын. Жоғарғы лига Премьерка емес… Былтырғыдай кездейсоқ сәттілік бола бермейді. Маусымның тақырыбына сай команданың стиліне өзгеріс енгізу қажет. Әйтпесе, қиын…

Опшым, осылай әзірге. Бұл менің ойларым. Қалғанын ойын көрсетер… Кездескенше…

Алдан Жылгелді

Бекзат Дүйсенов: «Өмірімдегі алғашқы ойында да II орын алғанмын»

0

Бекзат Қайратұлы Дүйсеновb4b694

  • Жамбыл облысындағы Қордайдан                     14 шақырым жердегі Ырғайты(Ноғайбай) ауылында 1992 жылдың 30 шілдесінде дүниеге келеді.
  • «Ұлттық құрама» жайдарман тобының ойыншысы, капитаны, авторы. «Үздік ойыншы — 2013».
  • Білімі: жоғары. Мамандығы: эколог.
  • Әкесі жеке кәсіпкер, анасымұғалім.
  • Үйленбеген. Сүйікті жары барлық жағынан өзін түсінгенін қалайды. Ал, Бекзатты түсіну өте қиын, біртүрлі «түсініксіз жан».
  • Сүйікі тағамы: анасы дайындаған барлық тағамдар, геркулес ботқасы және қуырылған лағман.
  • Әтірі: «LEO». 8-ші сыныптан бері талғамы өзгермеген.
  • Мақсаты: жеке кәсіппен айналысу, өйткені бастыққа жұмыс жасағанды ұнатпайды. Бастықтың «қайда жүрсің?» деген сұрағын жақтырмайды екен-мыс))
  • Мектеп кезінен Республикалық КВН жобаларында ойнап, студент кезінен бірнеше телевизиялық жобалардың авторы болған.
  • Мінезі: қатал әрі ауыр. Тәуекелшіл. Ешқашан өтірік айтпайды. Мүлдем романтик емес.
  • Мекені: Астана қаласы. Ол елорданы қатты жақсы көреді, аязына, желіне, суығына қарамастан, бұл қала «жанға жайлы» деп есептейді.
    Екі жасында отбасымен Қордайдан Таразға қоныс аударып, балалық шағы сол қалада өтеді. Бекзат атасы мен әжесінің мақтанышы, әкесі мен анасының қолқанаты, Құралай және Алтынай есімді қарлығаштай қарындастарына қамқор аға болып өседі.

Ж. Жабаев атындағы №5 мектепте бесінші сыныпқа дейін тек «өте жақсы» деген бағаға оқиды. О күндері ол өте момын бала болатын. Бесінші сыныпты бітіргеннен кейін Алматыға көшіп келеді, міне, қызықтың бәрі осы кезден басталады. Алғаш сахнаға шығады. Мектеп театрында Мұхтар Шахановтың рөлін өте жақсы сомдауынан кейін қойылымды тамашалауға келгендер де, Бекзаттың өзі де бойында актерліктің бар екенін және әрі дұрыс пайдалана алатындығын түсінеді. Ал, КВН-ге келуі мүлдем басқа әңгіме… Жетінші сынып оқып жүргенінде мектеп директоры «қалалық КТК сайыстары болғалы жатыр, кім ойнай алады?» деп кабинетке кіріп келгенде, сыныптарының «Бекзат, сен күшті күлдіресің ғой, қатыссаңшы» деген ұсыныстарымен ойнап көрмекші болады. Он қыздан және бір ұлдан құралған топпен сайысқа түседі. Бір қызығы, өміріндегі бірінші КВН-інде де II орын алады. Осылайша, әзіл әлеміне қарай адымдайды. 9-10 сынып оқып жүріп, жоғары оқу орындарының командаларына қарсы ойнап жүреді. Алматылық квншілер арасында беделі жоғары болғандықтан болуы керек, кейін ҚазҰУ-не оқуға түскенде бірден құрамаға шақырылады. Кейіннен, 2012 жылы құрам жаңарып, екі жыл қатарынан финалда. Өздеріңіз білетіндей, екі жыл қатарынан екінші орын. Бекзат бүгінгі күні тек жайдарманшы ғана емес, «Қазақстан КВН Одағының» редакторы, авторы, бірнеше премьер, ашық, орталық лигаларға жолдама алған командалардың жетекшісі және жақында жарыққа шығатын жаңа жобаның сценарисі әрі актері.

— Былтырғы финалдың көпшілікті шулатқаны рас. «Әділ өтті» деушілер де, керісінше «әділетсіздік орын алды» дегендер де болды. Сіздің осы нәтижеге қатысты айтарыңыз…
— Ең қатты налитыным қазылар алқасы мен халықтың алданып қалуы. Бірақ, алдай білу де өнер, сол үшін қарсыластарымды қатты сыйлаймын. Әділ қазылар шынайы әзілді нақ әрі дұрыс бағалай алды дей алмаймын. Максималды 30 ұпай болса, сол 30 ұпайды толық алатындай материал болды бізде. «Сәлемдесуден» бастап, «үй тапсырмасына» ең жоғары ұпайларды алатындай дайындық болған. КВН-ді шынымен түсінетін адам байқаушы еді. Финал болғасын жерде, ерекшелікпен келуді құп көрдік және солай келдік те. Екі айдан аса уақыт ЗОР дайындықтан соң, нәтиженің ойлағаныңдай болмағанына ішің ашиды ғой, әрине. Бірақ, ашу да, ыза да өткінші емес пе?!)) Бейнесайыста бізді халықтың да, қазылардың түсінбей қалуы қынжылтты. Бәлкім, соны орысша аудиторияға қойсақ, «жыртып» тастайтын ба еді…
— Орысша аудитория демекші, «ҚазҰУ құрамасы» Қазақстан КВН ашық лигасының 2013 жылғы чемпионы болды. Сонда әзілдеріңізді орыс тілді көрерменге өтімдірек болғаны ма? Әлде, мәселе қарсыластарда ма?!
— Иә, біз Қазақ ұлттық университетінің құрамасының 7 жылдан бері ала алмай келген чемпиондықты алдық. Осы уақытқа дейін, «Открытая лига КВН Казахстана» ойындарында ешбір топ біздің топты қарсылас санамайтын, қолдарын бір сілтеп жүре беретін. Бірақ, былтырғы жылы маусымға біз қазіргі құраммен, «қалай да чемпион боламыз» деп түстік. Жоспарды орындадық. Бұл жерде бірден-бір бізге көмектескені — біздің өзгеше ойлауымыз. Мейлі орыс тілді, мейлі қазақ тілді ойындарда басқа командалардан мүлде басқаша ойлайтындығымыз ерекшелендіреді. Осындай ерекшелікпен ғана ұтуға мүмкіндік болады.
— Ерекшеліктер жайында… «Ұлттық құраманың» тағы қандай ерекшеліктері бар, қарапайым көрермен біле бермейтін?  — Жүйелілік. Және сценарий жазуға қатысты, жалпы командаға қатысты бірнеше жүйелеріміз қалыптасқан. Ол «ҚазҰУ»-дың алғашқы құрамы кезінде-ақ құрылған жүйе. Мысалы, командамызбен «Жайдарман» болса да, болмаса да күніне 3 сағатқа жиналып тұрамыз. Бұл шығармашылық процесстің тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді. Тағы біреуін айта кетейін, дайындық кезінде бір әзілге бәріміз бірдей күлмесек, тіпті барлығы күліп, тек бір адам ғана күлмей қалса да біз ол әзілді алып тастаймыз.
— «Жайдарманда» өзіңіз мықты санайтын жайдарманшы кім?
— Мен үшін «Ұлттық құраманың» әрбір ойыншысы мықты. Менің достарым болғандықтан емес, олардың авторлық әрі орындаушылық қырларын білгендіктен, шынымен мен оларды үздік жайдарманшылар деп есептеймін.
— «Ғажайыптар маусымында» редакторлардың, режиссерлердің беделді ойыншылардың таңдауымен үздік ойыншы танылдыңыз. «Лайықпын» деп есептейсіз бе?
— Жоқ, меніңше 2013 жылғы маусымда Нұрболхан Шарапов немесе Ғалым Махамбетов болғандары дұрыс еді. Ал, мен 2012 жылы лайықтырақ болдым бұл атаққа.
— Сіздер «Финал — 2013» соңғы әндеріңізді айтып, «Жайдарманмен», көрерменмен қоштасып кеттіңіздер де, «Маусымашарда» қайта оралдыңыздар…
— Иә, біз финалдан кейін үзілді-кесілді қатыспаймыз деген шешім қабылдадық. Алайда, бастаған істі соңына дейін жеткізу үшін қайта оралдық. Қайтып келуіміздің себептері көп, бастыларын айта кетейін. 5 желтоқсан Есен ағаның туған күнінде «Финал БИС» кезі, Шымкенттеміз. Барлық финалистер құттықтап, тілектерімізді айтып болып, Есағаның рахметін айтып жатып: «ҚазҰУ құрамасы маусымға оралса, туған күніме ең үлкен сый сол болады,» — деді. 40 жас мерейтойын сыйлықсыз қалдырғымыз келмеді)) Осы КВН-нің майталмандары келіп, тағы бір маусым ойнап, чемпиондықты алып кетулерімізге кеңес беріп жатты. Оған қоса, жанкүйерлеріміз өте көп хабарласып, шын ниеттерімен біздің кетпеуімізді сұрап, біздің маусымда қайта ойнауымыз түрткі болды. «Әдебиет маусымы» әдемі әзілдермен, әдемі ойынымызбен және әдемі нәтижемен аяқтайтынымызға сенемін!
— Рахмет!!!

Жоғары лига. Маусымға болжам.

0

«Жындының айтқаны келмейді, сандырағы келеді…»

Сонымен «Маусымашар» өтті, сертификаттар таратылды. Алда «Әдебиет маусымы». Жаңарған Жоғары лига. Бөтен ешкім жоқ, барлығы былтырғы телелигалардан таныс топтар. Кімнің мүмкіндігі қандай, бұл сұрақ бәрін мазалайды. «Бақ шабады ма, бап шабады ма?» дегендей ойыншылар болжам жасауға құлықтары болмайды. Сұрасаң «Ойын көрсетеді» деген стандартты жауап аласың. Ал менің нем кетіп барады, шәй ішіп отырып өз ойымды жазып тастайын… Сонымен: 

Жоғары лига, бірінші топ.

1. «ҚазҰУ құрамасы», Алматы қаласы Екі рет «вице» атағына ие болған жақсы топ. Чемпиондыққа үміткер. Ішкі ойым осылар биыл чемпион болады-ау деген болжам айтады. Оның бірнеше субъективті себептері бар, ол туралы финалда айтармын:)
2. «АЭСА», Алматы қаласы Премьер лиганың финалистері. Болашағы бар. Жоғары лигадағы бірінші жылында кемі жартылай финалға барады. Бірақ дәл осы стильмен финалға шығып, тіпті чемпион болады деп сену қиын.
3. «Павлодар жастар құрамасы», Павлодар қаласы Жоғары лигадағы ең «кәрі» топ болғанымен аутсайдер ретінде осыларды көремін. Үш жылда еш өзгеріс жоқ. Классикадан бас тартып, басқа бір нәрсе ойлап таппаса жағдайлары қиын. Әншілері бар, биді де қатырады (жергілікті ойындарын көрген едім) бірақ неге өз потенциалдарын толық пайдаланбайтынын түсінбеймін…
4. «Күлкі терапиясы», Қарағанды қаласы Былтырғы жартылай финалистер биыл жетістікке жету үшін саяси әзілден бас тарту керек, әйтпесе «Экспресс» деген монстрдың қасында көрінбей қалады. Түрлі ұлт өкілдерінің мүмкіндігі әлі ашылған жоқ. Аман-есен ширек финалға өтеді, онда жолдары болса, биыл тағы жартылай финалдан қайтады-ау.
5. «Абзал жандар», Ақтөбе қаласы Тағы бір аутсайдер. Басты қателік-сенімсіздік. Бірақ, маусымашарда бір ізденіс байқадым, әлі де жеткізу жағынан кемшілік болып жатыр. Бірінші ойындары биылғы ойындағы соңғы ойындары болып жүрмесе болды…
6. «Күлтегін», Астана қаласы Мүмкін болатын финалист. Егер қатты еліктемесе… Реквизит жасаймыз деп әзілді ұмытып кетпесе… Егер былтырғы қателіктерді қайталамаса…

Жоғары лига. Екінші топ.

1. «Экспресс», Ақтөбе қаласы Қайта оралуларыңмен! Жігіттер алдыңғы жылы «расслабон» ойнап өздері байқамай чемпион болып кеткен. Биыл елдің өсегі жүйке жүйелеріне салмақ түсірмесе біразға шабады. Негізі оларға тағы да чемпион болған қызық емес шығар))
2. «Демеушіміз болашақ», Астана қаласы Барлығы авторларға байланысты топ. Қырғыз мойындамайды оны әрине. Көңіл күйлері болса бәрін төңкеріп тастайтын, зауықтары соқпаса соңғы орын ала салуы да мүмкін…
3. «Тараз 2000», Тараз қаласы Осы топтың аутсайдері. Жігіттерде жаңалық жоқ. Барлығын сүйрейтін көшбасшы жоқ. Әзілдеріне салмақ қосып, өздері де салмақтанбаса, бірінші ойында ауылдарына қайтады.
4. «ЖасНар», Алматы қаласы Биыл жолдама беретін ешкім жоқ, өздері аға болды))) Барлығы тамаша, бірақ өткен маусымда жолдары болмаған себебі тым жеңіл ойнайды. Егер «Экспресс», «Күлкі терапиясы», «Алғабасар» сияқты ауыр салмақтағы әзілдер айтатын топтар бар екенін ескерсек, қасында айтқандарының мағынасы болмай қалады. Жетер шыңы жартылай финал.
5. «ҚМУ құрамасы», Қостанай қаласы Сенімді. Мығым. Бірақ үлкен ойындардың тәжірибесі жоқ. Шешуші сәтте психологиялық түрде жеңіліп қалады. Ширек финалды екінші рет қайталайтын шығар. Айтпақшы, тіпті осы бірінші ойында да шығып қалу қаупі зор.
6. «Тұңғыш астана», Қызылорда қаласы Өте жақсы топ. Ақтық сайысқа дейін жетіп, Премьер және Жоғары лиганы қатар ұтқан тұңғыш команда атанса таң қалмаңыздар!

Жоғары лига. Үшінші топ.

1. «Сағыз құрамасы», Атырау облысы Биылғы қарқындарын көрмедім. Кемінде жартылай финал екені анық. Соңғы кездері ізденетін аз команданың бірі екенін ескерсек финалдан да көріп қалуымыз ықтимал.
2. «Тек қана қыздар», Алматы қаласы Биыл демалысқа кету керек еді. Ешқандай жаңалық жоқ. 1/8 финалдан соң мәжбүрлі демалысқа кетеді ау…
3. «13 аймақ», Шымкент қаласы Қуатжанның демалып келгенінен жаңалық күтіп едім. Өкінішке орай үміт ақталмады. Мереке екеуінің стилі ұқсас және бір топта екенін ескерсек… Бір дүр еткізетін жаңалық керек…
4. «Тереңөзек құрамасы», Қызылорда облысы Маусымашарда көңілім қалды. Жеңіл ойнайтын, Премьер лиганың командасы. Осыны оқып, ренжіп, бір «жындыыыы» сценарий алып келмесе, Бахалекке биылға бөлінген бюджетті игере алмай қалу қаупі бар.
5. «ҚазИИТУ», Орал қаласы Жақсы топ, өнерлі топ, талантты топ. Бірақ араларында лидер жоқ. нақтырақ айтсақ лидер көп. Ол да бөгет. Топ ішінен үйлесімдік тапса деген тілек. Ширек финал болады-ау биылдыққа…
6. «Аягөз құрамасы», ШҚО Керек кезде жинала алатын, ойындарына көңіл-күй әсер етпейтін сирек топ. Жартылай финал деп батамды бердім. Мүмкін соңына дейін барар. Еңбекқор екендері анық…

Жоғары лига. Төртінші топ.

1. «Альянс», Семей қаласы Биылдыққа ең үлкен қателік жасаған осы топ. Хамит сияқты бір күні маусымашарда қоштасып кетпесе болғаны…
2. «Мұнай тамшылары», Маңғыстау облысы Жігіттерде бәрі бар. Актер, әзіл, әдемі түр. Тек бақтары ашылмай жүр. Тәжірибені есепке алсақ финалдан көргім келетін топтардың бірі.
3. «Байланыс жігіттері», Алматы қаласы Ширек финал. Жігіттерге Отан қорғау керек. Біз оларға сеніп тыныш ұйықтап жүрсек, олар Жайдарман ойнап жүр)))
4. «Абай даңғылы», Алматы қаласы Қиын Оңдасынға. Жаңалық керек. Брюс Ли бекер имидж өзгертті. Соңғы ойындары тек маусымашардағы эксперимент деп сенейік.
5. «Әдемі», Ақтөбе қаласы Алмат махаббатын тастап, айданандан құтылып, таза шығармашылықпен айланыспаса алғашқы ойында ауылдарына қайтады. Сезім мен ойынды арлаастырмасаңдаршиш…
6. «Алғабасар», Жамбыл облысы Осы маусымға ажар беретін топтардың бірі. Финалда көремін. Қасында «ҚазҰУ» мен «Экспресс» қатар тұрса «Әдебиет мауысы» өз миссиясын толық ақтайды…

Жалпы осы. Көңілдеріңе келсе де, келмесе де түйгенім осы. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

Алмас (Көзілдірік) Тоқабаев

Қорытынды…

0

Негізі әр ойыннан кейін немесе эфирден соң мақала жазып отырам деген жоспардың үддесінен шыға алмадым. Жұмыстың көптігі мен уақыттың аздығы қатарласып мүмкіндік бермеді. Енді жылдың соңына қарай кішігірім демалыс алып жазып тастасам деген ниетім бар.(жұмыстан өз еркіммен шықтым айтпақшы, ұсыныстарың болса хабарласыңдар;))))
Ал кеттік;) 
Алдымен қос телевизиялық лигалардың финалдық ойындарына тоқталып кетсем. Сонымен…
Премьер-лига. Финал.
Көрермен мақтады, мақтайды, мақтап жатыр. Сарапшылар да өз пікірін білдірді. Ал мен, турасын айтайын, (енді ерекшеленуім керек қой;), премьер-лига финалында чемпиондық ойынды ешкім көрсете алмады. Жеңімпаз командалар ойыннан соң: «Брат, таза ғой, айтшы?!», деп көп сұрайды. Менің бұл финалға айтатыным, «Чемпион» лайықты, бірақ керемет ойнағандығынан емес «жағдай» солай болды. (АЭСАның көрінісі нашар болды). Мүмкін, қызылордалықтар да көпшілік те менің бұл пікіріммен келіспес, бірақ шындық сол. Мен командаларға қарсыластармен емес өздеріңмен жарысыңдар деп көп айтам. Өйткені қарсыласыңның әлсіз болғандығынан чемпион атанғаннан гөрі өзіңнің мықтылығыңмен чемпион болу әлдеқайда қымбат және тәтті болады деп ойлаймын. Келісу, келіспеу өз еркіңізде;)
Премьер-лига финалында дәл осы жағдай орын алды. Командалар өздерінің осы уақытқа дейін көрсеткен ең үздік нәтижелерінен асып түспек түгіл жете де алмады.
Егер финал тек сәлемдесуден тұрғанда «Жастар» чемпион болар еді. (Айтпақшы, бұлар тұтас команда боп «Ң» әрібін айта алмайды. Бұл кемшілікті түзету керек)
Егер финал сәлемдесу мен жамбы атудан тұрғанда АЭСА чемпион болар еді.
Егер финал Түркістанда өткенде «ХҚТУ тарифі» чемпион болар еді.
Нәтижесінде, «Тұңғыш Астана» чемпион болды. Қалай?! Жоғарыда айтқанымдай «жағдай» солай болды.
Лайықты чемпиондық! Құтты болсын!
Бірақ мені мазалаған нәрсе қазылардың мәселесі…
Премьер-лига, жоғары лига болсын анда-санда қазылардың интеллектісі кейбір командалардың интеллектісінен төмен болуы кейде күмілжітеді кейде қуантады. Егер қазылардың орнында көрермендер отырса онда қалыпты жағдай болар еді. Өкінішке орай, олай емес. Менің айтайын дегенім «Алғабасар» Жуалы. Премьер-лигадағы интеллектісі ең жоғары команда екенін атап өткім кеп отыр. Қазылар оны бағаламады, мүмкін бағалағысы келмеді. Мүмкін кейбір қазылар айтуы мүмкін, Жуалының әзілдеріне көрермен күлмеді ғой деп. Көрерменді дұрыс әзілге үйрету командалардың міндеті. Ал команда мен көрерменнің арасында көпір бола білу қазылардың міндетіне жатады. Мен Жуалының капитаны Маратпен дос болғандығым үшін бұл команданы мақтап отырғам жоқ. Марат 2007 жылы премьер-лига чемпионы атанып қойған.
Ол да финалда керемет өнер көрсеткен жоқ бірақ 6-шы орын алатындай нашар әзіл айтпаған сияқты еді, құрметті әділ қазылар! Мүмкін бұл жерде де «жағдай» солай болған шығар…
Енді жоғары лига жайлы. ЖоғарҒЫ емес ЖоғарЫ! Жоғары лигада ойнап жүрген командалардың өзі көп қателеседі. Есте болсын дегенім ғой;)
Жайдарман тарихындағы ең әдемі финал болды деп сенімді түрде айта аламын. Әдемілігіне нұқсан келтірген тағы да сол қазылар. Ол жайлы кейінірек.
Ойын жайлы көп айтпай-ақ қояйын. Алдекең мен Нұрекең жазды ғой.
Командаларға былайша тоқталғым кеп тұр:
Жаснар – 2 конкурсқа күші жетті.
ДБ – 2,5 конкурсқа шамасы жетті
Қорқыт – 2 конкурсқа дайындалған.
ҚазҰУ – 6 конкурсқа күші жетті.
Назар аудар – 5 конкурсқа күші жетті.
Кімнің қай конкурста ақсағанын өздеріңіз бағамдап отырған шығарсыз?:)
Финалға жауапты қараған, жіті дайындалған «ҚазҰУ» мен «Назар аудар» болғасын осылар туралы айтайын. Көпшілік айтқандай «ҚазҰУ» чемпиондықты өткен маусымда алар еді егер ширатуда ширақ қимылдағанда. Бұл жолы да сол ширатуда қиналып қалды. Тек «ҚазҰУ» емес барлық командалар сол жағдайда болды.
«Назар аудардың» чемпиондығы өте лайықты. Жігіттер 5 конкурс бойы чемпиондық ойын көрсетті. Тек сол ширату мен әуенді үй тапсырмасы сәәәәл нашарлау.
Жарайды командаларға не айта берем:) Командаларға құрметім зор. Әсіресе осы 2 командаға. Командалар қолдарынан келгенін жасады. 7 конкурсқа әзіл жазу деген өте қиын. Ойынның нәтижесін жасаған сол баяғы қазылар. Әрине енді нәтиже шығару солардың құзырында ғой. Бірақ сол нәтиже әділ болса «еліміз көркейіп» кетер еді;) Меніңше, тек қана менің ойым емес көпшіліктің ойы, егер «Назар аудар» мен «ҚазҰУ» қатар чемпион болғанда «өгіз де өлмей, арба да сынбас» еді… Бірақ 1-ші күннен кейінгі жазбамда айтқанымдай қазылар ойын нәтижесін бірінші күні ақ шешіп қойды. Осы әрекеттерімен ойынның интригасын пұшпаққа шығарды.
Мейлі, мен айтқанмен нәтиже өзгермейді ғой…
Назар аудар, 3 жылдық еңбектеріңнің жемісі құтты болсын! Өткенде айтқанымдай сендер дайын тұрған тележобасыңдар, ең бастысы осы құрамды және осы қалыптарыңды жоғалтып алмаңдар! Жыл бойы тек бірінші орыннан көрініп, чемпиондық ойын көрсеттіңдер! Лайықтың лайықтысы!
ҚазҰУ, жаңа айтқанымдай, сендерді өткен жылғы чемпион деп атасақ та болады. Ширатудан кім сүрінбей жатыр. Ең бастысы сендерді сүйетін көрермен бар. Финалға қатысты ешкімнің сөзіне ермеңдер, ең бастысы сендер ойын көрсеттіңдер, чемпионға лайық ойын!

Мұнымен менің жазбам аяқталған жоқ)))) Жалпы жайдарманшыларға айтарым бар;)
Құрметті жайдарманшылар, интеллектіңді көрсету үшін саяси әзіл көрсету міндетті емес. Саясат ол мүлдем басқа тақырып. Өткенде финалдан кейін бір топ ағаларыммен осы әзіл жөнінде әңгіме қозғап, бір тоқтамға келдік. «Кез-келген халықтың интеллектуалдық деңгейін оның әзілінен білуге болады». Сондықтан, астарлы, мағыналы, интеллектісі жоғары әзілдерді көбірек жазайық! Жазу үшін, көбірек оқиық! Бұл нәрсенің тек Жайдарманда емес жалпы өмірде пайдасы орасан зор болмақ:)
Келер маусымда осы кеңестерімді керектеріңе жаратарсыңдар. Сосын, Нұрмахан тек сынай береді екен деп ренжімеңдер, мен Жайдарманның деңгейі көтерілсін деп, ішкі кухняны білгендіктен өзіміз ғой деп айтамын. Егер өзімізге өзіміздің көңіліміз толып, бір-бірімізді мақтап жүре берсек ертең:
Әй, деңгей, деңгей, деңгей,
Түстің ғой сергелдеңге сен де мендей, — дееееп жүреміз.
А так жақсы жағынан қарайсыңдар ғо;) Келесі жолы Жайдарманға қалай келгенім жайлы позитивке толы мақала жазуға уәде берем;) Аман болыңдар!
Бірақ…;)

Нұрмахан Мұқанұлы

24 желтоқсанда 24 жасқа….

0

7c3127

Бүгін, иә, дәл бүгін белгілі жайдарманшы Шарапов Нұрболханның туған күні!!!
Шымкентте туып, Таразда өсіп, Астанада тұратын талантты жігітті тағы бір жасымен құттықтаймыз! «Дулати жастары», «Тараз-2000», «Демеушіміз Болашақ» командаларында ойнап, көпшілікке таныла бастаған жайдарманшыны бүгінде бүкіл қазақ елі таниды. «Жайдарман» сахнасының саңлағына айналған Нұрболханға «жұлдызың жарқырай» берсін дейміз тек!
122b3a
Дәл осы суреттегідей шаттанып, қуанышқа кенеліп, әндетіп, би билеп жүре бергейсің әрдайым!!!
Осынау күні қаумалаған жанкүйерлерің, көрермендерің ағынан жарылып, ақ тілегін жаудырсын!
Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын.
Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адамның айналасында тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін!
Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз Өзіңе!

Таныс болыңыздар: Абылайхан Қасымов

0

00abbfАбылайхан Тоқтасынұлы Қасымов Республикалық Жоғары лиганың екі дүркін вице-чемпиондары «Ұлттық құраманың» ойыншысы, авторы. 
1991 жылдың шіліңгір шілдесінде өнер ордасы Алматыда дүниеге келеді. Дәл осы қалада туғандықтан болуы керек, өнерге кішкентайынан бейім өседі. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ музыкалық оркестр құрамында домбыра аспабында ойнайды. Бастауыш сыныпта оқып жүргенінде ән айтқан, бірақ «ақымақтығының» арқасында мұны доғарған))) Гитараны 12 жасынан жетік меңгерген. Кейін есейе келе рэп орындай бастайды. Тіпті, «NGO» атты үш рэпер жігіттен құрылған топтары да болды. 40 шақты ән жазылған. Алматылық жастар арасында кең таралғандары: «Сағыныш», «Сезім», «Сүйесің бе?!», «Оставим чувства», «Давай, забудем». Көше ырғағындағы туындыларының сөзін, кейде әнін де өзі жазады. «Талантты адам барлық жағынан да талантты» демекші, Абылайдың ақындығымен, сазгерлігімен қоса, жазушылығы да бар. 2011 жылы «30 дней счастья» деген орыс тілінде кітап жаза бастайды, бірақ бәлкім жалқаулығынан, бәлкім уақыттың тапшылығынан мұнысы әзірге тоқтап тұр…
Жалпы біз Абылайханды «Жайдарман» арқылы таныдық. Ал, оның жайдарманшы болуы кездейсоқ нәрсе, ол бұл салаға келуді мүлде ойламаған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 1 курс оқып жүргенінде, группаласы әрі жақын досы Сығаев Нұрперзентпен факультетаралық КВН ойындарының дайындығына келеді. Ойында «Жайдарман ойнау» деген жоқ, жай ғана Нүкеге еріп келе салады ғой, дайындық кезінде бір ойыншыға «былай ойнасаңшы» деп ақыл айтып, басы «бәлеге қалады»)))) Бекзат Дүйсен: «Қане, өзің ойнап көрші»- дейді. Абылай ойнап береді де, командаға алынады, осылайша жайдарманшы болып кетеді…

  • Жайдармандағы жетістіктері: факультетаралық ойындардың төрт дүркін чемпионы, Республикалық Жоғары лигада екі дүркін вице-чемпион.
  • ҚазҰУ-ды 2013 жылы биотехноголия мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірақ диплом алған мамандығы бойынша қызмет атқармайды.
  • Бүгінгі күнгі қызметі — «B.A.S production» продюсерлік орталығында автор. «Ду қол шоколад», «ӘзілTube» және «Вузеры» жобаларының авторы.
  • Алматы қалалық 161 гимназияда білім алған, 8-ші сыныпқа дейін «өте жақсы» деген бағамен…))
  • Бала кезінен футболға қызыққан. 1999 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жанкүйері.
  • Отбасында ең кенжесі, арыстай екі ағасы бар. Өзі өте балажан, жақсы әке боларына сенімді. Тұңғышы қыз болғанын қалайды.
  • Әдеттегідей қыздарға құлаққағыс: тәрбиелілік пен шыншылдыққа баса назар аударады. Жарының жұмысына араласпағанын жөн көреді))) Тағам талғап, таңдамайды, пісіріп бергеніңді жей береді. Бірақ сүйікті тағамы: анасы дайындаған ет тағамы.
  • Арманы: режиссер болу

Финал. Жоғары лига. 1 күн. Ойлар… «Збезда в шоке»

0


Қатты шаршап тұрсам да бүгінгі ойынның әсерінен әлі ұйықтай алмай отырмын. Сондықтан ойын жайлы ойымды жазайын деп шештім. (жазған уақытым түнгі 2 мен 3-тің арасы)
Осыдан 1,5 ай бұрын Есен ағадан финалдың 2 күнге созылатынын оның 7 конкурстан тұратындығын естігенде менде командалардың осыған шыдас беретіндігіне күмән болды. Әдетте жайдарманда командалар толығымен бір ойынды «жыртып» шыққаны сирек кездеседі.

Сонымен 1 күн:
«Жаснар» – бұл команданы алғашқы қадамдарынан жақсы білем. Ойыннан ойынға өсіп келеді. Үнемі түрлі фишкалар ойлап тауып, көз қуантуда. Финалдағы бейнесайыстың фавориті болды. Сәлемдесуі де жақсы болып еді қазылар бағаны төмендетіп жіберді.
Негізі жекелеген командаларға 2 күннің қорытындысы бойынша тоқталғаным дұрыс-ау:)
Негізгі айтқым келгені қазылар алқасының бағалары мен кейбір конкурстар.
Бейнесайыс. Әзіл жағынан «Жаснар», түсірілім жағынан «Назар аудар», идея жағынан «Ұлттық құрама» алда болды. «Қорқыт» пен «Демеушіміз болашақ» та бұл сайыста өнер көрсетті.
Меніңше, қазылар «Назар аудардың» еш кедергісіз көш бастауына барынша септігін тигізгендей. Әрине «Назар аудардың» бағасын көтермелеу арқылы емес, оның финалдағы бірден бір қарсыласы «Ұлттық құрамаға» лайықты ұпайлар қоймауынан. «Назар аудар» осы финалдың бірден-бір фавориті содан кейін «Ұлттық құрама».
Иә, иә, чемпиондық үшін тек осы 2 команда ғана күреседі. 1 күннен кейін осындай ойға келдім. Ұллтық құраманың бейнесайысына керемет деген баға бермесе де жақсы деген бағаға лайықты еді. Ол бағаны Малаев пен Достаев қана қойды. Бірақ, сәлемдесудегі Әбенов мырзаның «жақсы» деген бағасы ертең қорытынды нәтижеге қатты әсерін тигізеді ау. Егер кейбір себептерге байланысты осы 5 қазының бір-екеуі 2 күнгі ойынға келмей қалса ұпайларға қатты әсері тиіп кетпей ме деген сұрақ мазалауда…?!
Бір әуен аясындағы «Қорқыт құрамасы» мен «Ұлттық құрамаға» қойылған бағаларды түсіне алмадым. Құрметті қазылар, оның ішінде Әбенов және Артаев мырзалар, бұл сайыста ән мен бірге әзіл де болу керек. Егер вокалды сайыс болғанда «Қорқытқа» жоғары ұпай қоюға болар еді. Соның өзінде Бекзат Молдабергеновке ғана. Ал бұл команданың әнінде әзіл байқамадым. Бекзаттың даусына әрине сөз жоқ. «Ұлттық құрама» вокал жағын да, әзілді де қамти білді. Ал бағалар залдағы көптеген көрерменді таң қалдырды. Қазыларға айтарым, командалар өз бағасын алсыншы. Меніңше сіздер бірінші күннің өзінде ақ финалдың мәселесін шешіп қойған сияқтысыздар…
Бұл сайыста ең ұтымды ән таңдаған «Назар аудар». Орташа темптегі, бір сарынды ән. Әзілді әнмен әдемі жеткізе білді. Қазылардың бағасына реніш жоқ;) Маралбек Сағынғановтың постынан кейін мен де бұл команда жайлы айтып кетпесем болмас. Маған бұл команданың еңбекқорлығы, ізденімпаздығы қатты ұнайды. 3 жылдың ішінде нағыз пісіп жетілген шағы осы 1-2 ай деп ойлаймын және ары қарай дами түседі деген үміттемін. Бір сөзбен айтқанда дайын тұрған телепроект;)
Менің жорамалым бойынша бұл финал Жайдарман тарихындағы ең әдемі финалдардың бірі болады-ау.
Айтатын сөз көп, қорытынды нәтижені күтейік, содан соң көсілермін:)

Нұрмахан Мұқанұлы

Онлайн репортаж. Жоғары лига. Финал

0


Кеш жарық, достар!!! 
Бүгінгі күнді мен де, сен де, ол да, бәріміз де күттік. Иә, бүгін дәл сол күн! Республикалық жоғары лига финалы болатын күн. Мұндай финал ешқашан, ешқайда болмаған. Тек «Жайдарманда», тек «Ғажайыптар маусымында» ғана ақтық мәре екі күнге жалғасады. Доданың тартысты болары хақ.
Жеті сайыс. Құдды бір «аламан бәйге» дерсің. Нағыз жүйрік, нағыз мықтының анықталар сәті.
Жалпы тақырып: «Ғажайыптар алаңы»
1. Сәлемдесу: «Іске сәт!»
2. Бейнесайыс: «Қайталанбас сол бейне!»
3. Бессайыс.
4. «Бір әуен аясында» сайысы: «Ақтық сында ән ғажап» «.

Финалисттер: «Назар аудар», «ҚазҰУ құрамасы», «ЖасНАР», «Демеушіміз Болашақ», «Қорқыт құрамасы».

Қазылар алқасында: 
Марат Достаев
Бахтияр Артаев
Мұрат Әбенов
Айбек Қалиев
Ерлан Малаев

Бірінші күн.
Ойынның басталуына бірер минуттар қалды. Зал лық толы.

«Жайдарманның» биылғы финалын тамашалауға «Казахи», «Өнер қырандары», «Арал-АС» секілді шебер КВН-шілер келіпті.

Ал, бастадық!!!

Командаларға сәттілік!

Сәлемдесу.
Шымылдықты «Жаснар» ашты. Дарханның досы Жомарт жоқ, Парижде жүр. Команда құрамында жаңа ойыншы — Алмас Сағынұлы.
Жас отбасы сәбилерге арналған дүкенде. «Нұр- Мұқасандағы» Нұрлан екі санын қатты жақсы көреді екен-мыс.
Премьер лига чемпиондары ешқашан жоғары лига чемпионы болмаған. Бұл үрдісті бұзуға келген «ЖасНАР» халық көңілінен шыққан секілді. Команда барынша тырысты.

«Назар аудар» сахнада. Олар чемпион болуға дайын, ал сіз ше?!
Қонақ шақырып жатқан апаларымыз. Екі миллион тауып алған үш жігіттің оқиғасы. Қыздарға кеңес. «Өсіп кеткен» Айтжан. Ерлан Малаев пен Марат Достаев «Қазақстан дауысында».  Қысқа да нұсқа әзілдерімен көрерменді ду күлдірді.

«Қорқыт құрамасының» сахнаға шығуын Қанат Әлжапбаров пен «Баян Есентаева» хабарлады. Тура «Саз әлемінде» отырғандаймыз.
Айбек Қалиевтың сүйіктісі. Өмірде біртүрлі адамдар баршылық, автобуста өте жиі кездеседі.
Аналарымыз «бөжәйға беріп жіберемін» деп көп айтушы еді ғой. «Сол бөжәй бөжәйхана ашқалы жүр» дейді. Қызылорданың ыстық әзілдері біраз ыстықтатты бізді.

«Ұлттық құрама» бүгінгі ойынға аса батылдықпен келген. Балериналарға қайдан келген батылдық?!)) Олар енді «Ұлттық құрама» жайдарман тобы емес, «Ұлттық құрама» бишілер тобы.

«Демеушіміз Болашақ». 20 жылдан кейінгі көрініс. Болашақпен осы күннің тоғысқан кезі.
2033 жылда қандай болар екенбіз, «Жайдарман» қандай болар екен?! Жауапты білгілеріңіз келе ме? Ендеше, эфирді күтіңіздер!

Дина қыздарды алып кетем деп жатыр… Қыздар көкейлеріндегінің бәрін айтты. Айрандай ұйып отырған командада шатақ шығып жатыыыр. ТүҺ, дәл осындай ең қызық жеріне келгенде, тура түрік сериалындай бітті де қалды. Ары қарай не болар екен?!)))
Сәлемдесу аяқталды.
«Назар аудар», Орал 55555 5
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 54444 4,2
«Ұлттық құрама», Алматы 55455 4,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 54444 4,2
«ЖасНАР», Алматы 54444 4,2

Бейнесайыс: «Қайталанбас сол бейне!»
«Қорқыт құрамасы». Қызылордадағы мейрамхана.  33333 3
«Ұлттық құрама». Қорқынышты фильм. 43334 3,4
«Демеушіміз Болашақ». Жарнамалар жинағы. 44343 3,6
«ЖасНАР». Қыз алып қашу операциясы. 44444 4
«Назар аудар». Айтжан бірнеше жылдан соң. 44444 4

Бессайыс
Мақал; Жаңылтпаш; Жаңалық; Елден келген екі жаңалық.
«Демеушіміз Болашақ» 0,6
«Назар аудар» 0,9
«ЖасНАР» 0,7
«Ұлттық құрама» 1
«Қорқыт құрамасы» 0,8

Қазақ Ұлттық Университетінің құрамасы осы сайыста өзгелерден айтарлықтай озық түсті.

«Бір әуен аясында» сайысы: «Ақтық сында ән ғажап»
«ЖасНАР» Студенттердің халық әні.
Ән де бар, би де бар, әзіл де бар.

«Демеушіміз Болашақ».
Есіңде ме, сол бір ойын?! Олардың бүгінгі ойындары ешкімнің де есінен кетпейді. Нағыз музыкалық шоу болды. Вокал да, харизма да, гармония да баршылық.

«Назар аудар». «Енді сонша не болды?!» Залдағы көрермендердің әркім байқай бермейтін қылықтары. Ал, сіздер «оны ешкім байқамайды» деп ойладыңыздар ма?)))олай емеееес…
«Қорқыт құрамасы».
Керемет орындау! Бекзат Молдабергеннің талантына бас идік! Иә, Қытайды жылатқан ән, біздің көңіл күйді көтерді.
Ұлттық құрама. Арманға деген соңғы қадам. Соңғы ойын. Қоштасу әні.
«Ұлттық құрама», кетпеңдерсей, кетпеңдершищ, кетпеңдершіііііі!!!
Соңғы сайыс аяқталды.
«Назар аудар», Орал 44344 3,8
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 44444 4
«Ұлттық құрама», Алматы 44334 3,6
«Демеушіміз Болашақ», Астана 44444 4
«ЖасНАР», Алматы 33333 3

Бүгінгі сайыс тәмам.
Қорытынды:
«Назар аудар», Орал 13,7
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 12
«Ұлттық құрама», Алматы 12,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 12,4
«ЖасНАР» Алматы 11,9

«Үздік ойыншы — 2013» — Бекзат Дүйсен, «Ұлттық құрама». ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Достар, финалдық ойындардың бірінші күні осымен аяқталды. Ертең кездескенше….
Cәлееееееем, құрметті жайдармансүйер қауым!!!
Бүгін финалдық ойындардың екінші күні!!!!

Ойын бір-екі минутта басталады. Сахнада Рүстем Елжанов… Баяғы шапалақ…

Есен Елеукен: «Бар жанарды жаулаған Жайдарман ашық!»

Екінші күнгі сайыстар:
1. Еркін сайыс: «Жалғасы бар…»
2. Ширату: «Айтарыңды айтып қал!»
3. Үй тапсырмасы
Еркін сайыс.
«Демеушіміз Болашақ» алғаш болып бастады. Нұрболхан өзгерген, енді қыздарға мүлдем ұрыспайды, тіпті гүл сыйлап жатыр. Ооой, ерте қуанып қойдық, қайтадан өз қалпында((( Елордалық командаға чемпиондық кубок қатты керек-ау шамасы. Ол үшін ойнады, биледі, ән айтты, жылады, жағымпазданды, тіпті Есен ағаға массаж да жасап берді, түһ, жасамағандары жоқ….))))

«Қорқыт құрамасы» айтыстарымен ерекше. Ерлан ақын мен Асылгүл Дүкенбаева керемет айтып бастап еді. Онымен Ерлан шеберлігі аздау болды ма, Ачылгүл оны менсінбей Айбек Қалиевты шақырды. Мұндай тек «Ғажайыптар маусымының» финалында болуы мүмкін. Айбек ақын мен Асылгүл ақынның айтысы.

«Назар аудар». Орынбордың қазағының кеңесі. «Ну, что тыңдайық та оның ақылын»)))

Біріміз анамыздың, біріміз әкеміздің баласы болып бөлінеміз, иә?! Ата-анамыздың әр қайсысы өз балаларын жақтаушы еді))) Міне, сондай кездердің қызықты да, күлкілі жәйттері. Көрермен көңілінен шыққан секілді. Қазылардың да дәл солай… Ерлан Малаев қоймастан күлуде…
«Жаснар» командасы құрамында тағы да жаңа ойыншылар. «Альянстық» Дархан бірге ойнағандықтан болуы керек, бұлар таң қалдырып би билеуде. Аралдық Ақылбек те келді, алматылықтарға көмектесуге. Иә, «Арал-Астың» үмітін ақтауға барынша тырысуда.

«Ұлттық құрама» Алматыға қонаққа шақыруда. Оңтүстік астананы барынша жарнамалады. Қысқа әзілдер топтамасымен біраз күлдірді. Әдеттегі «уэхэээхээй»))) Дайындықтың деңгейі өте жоғары. Нағыз сапалы әзіл… Ұлттық колорит. Жеңіске лайық өнер көрсетілді.

Сайыс аяқталды:
«Назар аудар», Орал 54554 4,6
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 55554 4,8
«Ұлттық құрама», Алматы 55554 4,8
«Демеушіміз Болашақ», Астана 55544 4,6
«ЖасНАР», Алматы 44443 3,8

Ширату: Командалар ширақ. Қалай сиппаттап берерге білмей отырмыз. Не ғой, эфирді көріңіздерші))) Командалар залды «жыртып» жатыр… Сөзсіз… артық ештеңе айтудың қажеті де жоқ.

«Назар аудар», Орал 55555 5
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 55564 5
«Ұлттық құрама», Алматы 55555 5
«Демеушіміз Болашақ», Астана 54553 4,2
«ЖасНАР», Алматы 54453 4,2

Әуенді үй тапсырмасы:
«Жаснар». Әдеттегі достардың пәтердегі оқиғалары… Ертістің туған күні, бірақ дәл осы күні пәтердің ақшасын төлеу керек. Ертістің туған күнінде ешкімнің шаруасы да жоқ. Ал, ол жуас бала, ренжіген айта алмайды. Достармен бірге болсаң ренішті де, пәтерақысын ұмытып кетуге болады.

«Қорқыт құрамасы». Жазушы жігіт махаббат дастанын жазуда. Шығарманы жастарға қызықты ету үшін оқиғаны соғыста өрбітеді. Негізі, жазушының фантазиясы кең екен. Кейіпкерлермен «білгенін жасады».

«Ұлттық құрамалықтардың» бұл көрінісі бүрынғы көріністерінен өзгеше. Қорқынышты ештеңе де жоқ, ешкім ешқайда адаспайды. Қарапайым романтикалық комедия. Жігіттер пәтер жалдап тұрады. Пәтер ақысын төлейтін күн, дәл сол кезде Абылайдың сүйіктісі Малика «келе жатырмын» деп хабарласады. Үйдегі жігіттердің баратын жерлері жоқ, оған қоса үй иесі де келіп қалады.

Финалдық үй тапсырмаларының алды осы «ҚазҰУ» жастарынікі болған секілді. Зал күлкіден «бүктеліп» қалды)))
Бұл жолы «Демеушіміз Болашақ» командасы аралда адасып қалады. Аралда тек Нұрболхан мен Айжан болса да, қызық аз болмайды екен))) «Сақалды әйел адамға», «87-лер тайпасына» жолығады, алтын тауып алады, «Ілгіш мырзаның» басы шабылуға қалды.

«Назар аудар» Еуропада тұратын қазақтың жас отбасына елден ата-аналары келсе, таң қалатындары анық.
Барлық командаларды көрермен барынша қолпаштады. Ал, «Назар аударға» зал түгел түрегеліп қошемет көрсетті.
Сонымен, сайыс аяқталды
«Назар аудар», Орал 77776 6,8
«Қорқыт құрамасы», Қызылорда 67776 6,6
«Ұлттық құрама», Алматы 77777 7
«Демеушіміз Болашақ», Астана 77775 6,6
«ЖасНАР», Алматы 67675 6,2

ФИНАЛДЫҚ ДОДА ОСЫМЕН ТӘМАМ. «ҒАЖАЙЫПТАР МАУСЫМЫ» АЯҚТАЛДЫ.
«ЖасНАР», Алматы финалист 26,1

«Демеушіміз Болашақ», Астана III 28

«Қорқыт құрамасы», Қызылорда II орын 28,4

«Ұлттық құрама», Алматы I орын 29,6

МАУСЫМ ЧЕМПИОНДАРЫ «НАЗАР АУДАР» 30,1
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«ҮЗДІК ФИЛИАЛ — 2013» — «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалы. Филиал директоры -Абдусаид Төлегенов

www.jaidarman.kz сайты қолданушыларының ең көп дауысын жинап қыздар арасында «Халық сүйіктісі» — Мереке Қалбаева

Ал, жігіттер арасында Ғалым Махамбетов

Барлығыңызды да маусымның сәтті аяқтаулымен құттықтаймыз!!!

Шықса-болжам, шықпаса-сандырақ…

0


Ертең финал. Қиын финал. Қызық финал. 

Биылғы финал интригаға толы. Ең алдымен бұл финал екі күндік марафон іспеттес, демек, командалардың алысқа шабу мүмкіндігі сынға түседі. Конкурстары көп финал, демек, авторлар сынға түседі. Жайдарманның барлық дерлік конкурстары қосылды, демек, командалардың жан-жақтылығы сынға түседі. Демек, чемпион кім боларын тап басып айту өте қиынға соғатын секілді. Дегенмен, тырысайық.
Сонымен, командалар туралы бастапқы ойым.
ҚазҰУ құрамасы.
Шынына келсек, биылғы жартылай финалдағы сүріну команданы біраз есеңгіреткендей болды, меніңше. Себеп, бұл команда қашанда өздерінің тыңғылықты дайындығымен көзге түсетін, яғни, әр ойынға команда сақадай-сай дайындықпен, ың-шыңсыз, паникасыз келетін. Бұл өз кезегінде команданың өзіне деген сенімділігін нығайтатын еді. Дегенмен, жартылай финалдағы сәтсіздік команда үшін де, жанкүйерлер үшінде күтпеген жағдай болған секілді. Қазылар шешімімен өткен команда финалға жаңа серпінмен, жаңашыл бір идеямен келсе, жолы болуы мүмкін деп есептеймін. Команданың стилі керемет, оған сөз жоқ, бірақ, осы стильді дамыту керек секілді.
Назар аудар.
Команда кешенділігімен әйгілі. Соңғы уақытта үй тапсырмасы бойынша «алматылық мектепке» қарсы «тіс көрсетіп» жүрген командалардың бірегейі болып табылады. Бұл өсудің белгісі. Сонымен қатар, команданың өткен жылғы финалдан қалған өзіндік «қыжылдары» бар, ол әлі де іштерін тырнап жүрген сыңайлы. Бұл өз кезегінде чемпиондыққа ұмтылуға серпін беруі де, немесе, чемпиондыққа барар жолда кедергі болуы да мүмкін. Команданың ұнайтын жері, байқауымша, біз Назар аударды тек сахнада көріп жүрген жігіттерден тұрады деп есептегенмен, меніңше, команданың артында үлкен бір шығармашылық құрам бар секілді. Қателесуім мүмкін. бірақ, осылай болса, командаға қол соқпасқа шарам жоқ. Сосын, әрине, кешегі Ғазиздің тойы команданың дайындығына әсер етпеген болар деп үміттенем.

Демеушіміз болашақ
Нұрболхан қанша жерден өзім жаздым деп бет бақтырмағанмен, осы жолы команданың авторларына мықты сын болмақ. Оған команданың құрамындағы адам санының аздығы қосымша күш түсірері де сөзсіз. Дегенмен, жартылай финалдағы алған асуы тым биік, ендігі жерде көрермен де, әділ қазылар да сол меженің биіктігімен салысытырып бағалайды бұл команданы. Ол да қосымша қиындық әкеледі. Дегенмен, импровизациялық сайыстарда негізгі тартыс осы команда мен Қорқыт құрамасы арасында өтетін секілді, меніңше.

Қорқыт құрамасы
Гон әзілдің перілері. Құттыбайдың қатысуымен бірнеше қимылдық фишкалар болатыны сөзсіз. Тек биші қыз қосатын болсаңдар, онымен әуелі өздерің қайта-қайта дайындалып, көз үйретіп алуды ұмытпаңдар, әйтпесе, жартылай финалдағы суреттерге қарасақ, көрермен де, өздерің де есіл-дертің биші қыздың билеген дене мүшелеріне қараумен болған секілдісіңдер (әзіл). Команда бұл жолы да, әлде массовка, әлде бір би секілді елең еткізерлік жаңалық қосып келетін секілді болжауымша. Дегенмен, 2 сайысты гон әзілмен өтуге болар, бірақ, екі күнге созылған 7 сайыстың бәріне гон әзілдермен шығу қиындау болатын секілді, сондықтан, сценарийдің құрылымына бұл жолы жақсырақ мән берілу керек, өз ойым.

ЖасНАР
Арал-АСтың жолдамасымен өткен команда. Шынымды айтсам, жеке өзіме мықты ұнайтын команда. техникалық, аудио-видео шешімдер, реквизит қолдануда ұқыптылық пен ұтқырлықты қатар алып жүретіндігімен ұнайды. Дегенмен, алғашқы финалда жеңіске жету мүмкіндігін сәл де болса төмендеу бағаладым, дегенмен, басқа командалардың нервісін біраз қоздыратыны сөзсіз. Биыл Астанаға бой үйретіп, келесі жылы, дәл осы команда жоғарғы лиганың сөзсіз жұлдызы боларына сенімім мол.

Очм, шамамен осы… Сөзді қорыта келе, биылғы чемпиондыққа басты үміткер ретінде ҚазҰУ мен Назар Аударды ұсынып отыр, қиялым. Қалғаны ойынның еншісінде. Күтеміз.