Home Blog Page 7

Айтыста жайдарманшы бас жүлдеге ие болды

0

Жайдарманшы жастарды әмбебап өнерпаздар деуге негіз бар. Бұл жолы әзіл бәйгесінде емес, ақындар айтысында топ жарған мақтанышымыз дәлел болса керек. «Мұнай тамшылары» командасының капитаны, жаңаөзендік ақын Арғынбек Қалбаев Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында өткен айтыс ақыны, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязованың 70 жылдық мерейтойына арналған республикалық аймақтық айтысында Бас жүлдеге ие болды. 
Құттықтаймыз!

Жайдарманшы басшы атанды

0

«Барыстар» командасының ойыншысы Абылай Фазылбекұлы «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды. Бұл да бір үлкен жеңіс әрі жетістік! Абылайды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына асқақ абырой мен биік бедел, толағай табыс пен сәттілік тілейміз!!!

Таразда бәсекеге толы ашық лига сайысы өтті

0

Тараз қаласында Баласағұн ОКЗ-да ҚР Мемлекеттік «Jambyl adaldyq alany» жобасының аясында ашық лига ойындарының 1/4 ширек финалдық сайысы өтті.


Жайдарманшы Бек Баратбек жүргізген ойынға командалар қоржындарына әртүрлі тақырыптағы әзілдерін әзірлеп келген. Қазылар болса, деңгейге сай ұпай сандарын үлестірді.

Сонымен, ойын қорытындысы:

А-ТОБЫ: Престиж (Парасат)-6,0
Болашақ (Жуалы)-5,8
8-ші Пәтер(ТарМУ)-5,6
Әлем (ҚазҰУ Алматы) -5,6
Jokers (ТарМПУ)-4,8

Б-ТОБЫ:
Раян-Нұр (ТарМПУ)-6,0
Медиум (ТарМУ)-5,6
Сарыарқа (Нұр-Сұлтан) -5,2
БУ құрамасы (Қызылорда)-4,8
КТЛ құрамасы (Дарынды ер балаларға арналған Білім инновациялық лицейі)-4,2

Бәсекеге толы ойында 13 команда бақ сынап, жартылай финалға 11 команда жолдама алды.

Шығармашыл жастар арасында сайыс өтті

0

Бұл сайыс бұрыңғы сайыстан өзгерек. Себеп – ойын тәжірибелі жайдарманшылар емес, шығармашыл жастар арасында өткізілді. Жайдарман сахнасында өнер көрсетуге ынталы жастардың саны артуына осы ойын да дәлел болса керек.

Талсуат ауылдық округінде Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында өткізілген сайыс жоғары деңгейде өтті. Айта кетейік, жайдарман сайыстары мамыр айының ортасына дейін барлық кент және ауылдық округтерде өткізіліп, үздік деп танылған командалар арнайы қала әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман фестиваліне тікелей жолдама алады деп жоспарлануда.

Сайыс қорытындысы бойынша 3-орынға «Қызылөзек құрамасы», 2-орынға «Қызылжарма жастары» лайық деп танылса, 1-орынды «Талсуат қырандары» иеленді.

Сонымен, жайдарман сайысына қолдау білдірген Қызылорда қалалық Ішкі Саясат Бөлімі және Талсуат Ауылдық Округіне «Кызылорда Жайдарман» орталығы атынан алғыс білдіріледі.

Бас жүлде — Медиум тобына тиесілі

0

Тараз қаласындағы Баласағұн ОКЗ-да республикалық деңгейдегі  «Маусымашар-2019» өтті. Аталмыш ойын «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа барлығы 51 топ тіркеліп, 32 команда іріктеу ойындарына қатысты. Ал, үздік деп танылған 16 команда гала концертке жолдама алды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық лиганың маусымашарын тамашалаушылардың қатары  да көп болды. Сондай-ақ,  Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров, Жасұлан Әбдіхалық, Олжас Қуандықов және Бауыржан Мурбеков есімді қазылар командаларға әділ бағасын берді.

Ойынның нәтижесі бойынша 3-орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Джокерс» (100 мың теңге), 2-орынды «Болашақ құрамасы» (150 мың теңге) жайдарман топтары иеленсе,  бас жүлдені (250 мың теңге) Тараз мемлекеттік университетінің «Медиум» жайдарман тобы жеңіп алды. «Үздік ойыншы» номинациясына  Арыс қаласынан келген «Қызық жігіттер» командасының мүшесі Дінмұхамед Алихан лайық деп танылды. Айта кетейік, сайысқа демеушілік көрсеткен Тараз қалалық мәслихаты «Нұр Отан» фракциясының депутаттары Мырзалиев Самат, Мананов Талғат пен Жузанов Айдар есімді мырзаларға және ақпараттық қолдаушы «Jambyl» телеарнасына алғыс білдіреміз!

Жамбыл ашық лигасы

0

Жамбыл ашық лигасына шақырамыз!

24 СӘУІР

«Баласағұн» ОКЗ

17.00


«Нұр Отан» кубогын «Шапалақ» жайдарман тобы еншіледі

0

«Нұр Отан»  партиясының  20 жылдығы аясында «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ бірлесіп, жайдарман сайысы ұйымдастырылды.  Бейбітшілік және келісім сарайында болған сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Әртүрлі тақырыпта қағытпа қалжыңдарын ұсынған жайдарман топтарының өнерлерін тамашалауға келген көрермендердің саны көп болды.

Ойын барысында қазылар алқасы қатысушы командалардың  деңгейлеріне сәйкес ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында  сатирик Көпен Әмірбек, «Қазақстан» ҰТА директоры Еркін Мұхамеджанов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт және халықаралық КВН ойындарының чемпионы Еркебұлан Мырзабек болды.

 Сонымен, «Нұр Отан» кубогіне үміткер командалардың саны — 12 құрады. Осы топтардың арасындағы үздік деп танылғандары:

3- орынды  Шымкент қаласының «Миллион»

2- орынды  Алматы қаласының  «Апорт»  топтары еншілесе,

1 — орын  яғни «Нұр Отан» кубогі  Талдықорған қаласынан келген «Шапалақ» жайдарман тобына бұйырды. Қалған қатысушы командалар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Түлектер кездесті

0

Биыл «Қазақша КВН-ге» 20 жыл. Осы уақыт аралығында біраз командалар құрылып, бүгінде ол жастар қоғамда өз орындарын тапты. Егер, сандарды сөйлетсек 10-мыңға жуық жайдарман топтары, 100.000-нан аса жайдарманшылар бар. Көрермен көзайымына айналып, көпшілікті өтімді әзілдерімен баурап алғандары да аз емес. Биылғы маусымашарда сол командалардың басын қосып, «Түлектер кездесуі» ұйымдастырылды. Алғаш рет өткен бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын дәстүрлі кездесуге айналса деген ниет бар.

Сонымен, сахна төрінде өнер көрсеткен командалар тізіміне тоқталайық:

«Көз тимесін» — Түркістан Шымкент

«Сегіз сері, бір пері» — Жезқазған

«Жарайсыңдар жігіттер» — Түркістан

«ҚазҰУ  құрамасы» — Алматы

«АралАс» — Арал

«Барыстар» — Ақтау

«Қорқыт құрамасы» — Қызылорда

«Абай даңғылы 8 » — Алматы

«Тараз 2000» — Тараз

«Техас» —  Шымкент

Жастар маусымының гала- концерті

0

Маусымашар күндері жоспарға сәйкес өтті. Әр күнді елдің әр аймағынан келген жайдарманшылар үшін қызықты өткізу басты назарда болды.  Редактура барысында өнерлерін көрсетіп, командалар тиісті лигаларға жолдамаларын алды. Үздіктері іріктеліп, маусымашардың гала-концертінде өнер көрсетті. Қызыққа толы фестиваль концерті жуырда эфирден көрсетіледі. Олай болса, күтіңіздер!