Home Blog Page 6

Түркі тілдес мемлекет жастарының арасындағы халықаралық жайдарман сайысы

0

“Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық жайдарман сайысы өтті.  Қатысқан 10 командалардың 6 шетелдік болса, 4 қазақстандық топ. Олардың қатарында жыл сайын ұйымдастырылатын фестивалдің тұрақты және  елімізге алғаш қадам басқан қонақтары бар. 

Сайысқа қатысқан командалар:

1.      «Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамасы»  Нұр-Сұлтан қаласы

2.      «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»

3.      «Біз қазақпыз» Екібастұз қаласы

4.      «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы

5.      «Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы

6.      «Ноғай құрамасы — Алтын орда» РФ Ноғай ауданы

7.      Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті «Бүгін.kz» Шымкент қаласы

8.      «Татарстан құрамасы» РФ  Қазан қаласы

9.      «Миллион»  — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

10.    «Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек

Өнер көрсеткен командаларға қазылар тиісті ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады. Сайыс нәтижесі:

150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған III орын иегерлері:

—        «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»

—        «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы

—        «Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы

300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған II орын иегерлері:

—        «Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек

—        «Бүгін.kz» Шымкент қаласы

1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған II орын иегерлері:    

-«Ноғай құрамасы — Алтын орда» РФ Ноғай ауданы

«Үздік ойыншы» аталымына «Татарстан құрамасының» ойыншысы – Наиль Салахов лайық деп танылды.

Арнайы жоба

0

Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін жайдарман сайысы өтеді. Ойын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылуда.
Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы
Уақыты: 15 маусым сағ: 19.00

Қатысушы әрі қонақ жайдарманшылар Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға шықты

0

Халықаралық жайдарман фестивалінің 2-күні де қызыққа толы өтті. Әр елден жиналған қатысушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара жоспар бойынша қонақтарды Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы зәулім ғимараттарын аралатып, таныстырумен  басталды. «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін, Ұлттық музейді  және мәдени ғимарат саналатын театрды тікелей тамашалады. Бұл экскурсия қазақ халқының салт-дәстүрлері дәріптеліп, тарихына көз жүгіртіп, мәдениет және әдебиетінен сыр шертуге сеп болды.

Әлемнің түркі тілдес жастары арасындағы сайыс

0

Халықаралық жайдарман фестивалінің үшінші күні сайыспен өтеді деп жоспарлануда. Тарихи сәттің куәгері болуға асығыңыз! Олай болса, жайдарман тұрақты көрермендерін бейбітшілік және келісім сарайында күтеді.

Фестивалдің ашылу салтанаты

0

Халықаралық жайдарман ойындарының алғашқы күні жоспарлағанымыздай сәтті өтті. Фестивалдің барлық қатысушылары ашылу салтанатына жиналып, Жастар сарайында арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Түркі тілдес елдерден келген қонақтардың, қазақстандық жайдарманшылардың және әкімдік өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты кешті белгілі жайдарманшылар Ғалымжан Кеңшілік пен Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Шара барысында әр елдің жастары бір-бірімен жақыннан танысып, сахнадағы бәсекелестеріне сәттілік тілеумен тарқасты.

Фемидалықтар өздеріне тиесілі жүлдені «Ару.КЗ» тобына табыстады

0

Ақтөбеге 150 жыл… Осы мереке орай аталмыш өңірде танымал топтардың  бас қосуымен жайдарман сайысы ұйымдастырылды. Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің  мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен, қала әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен «Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі» үшін тартысты ойын өтті.

Республикалық арнайы жобада өнер көрсеткен командалар: «Эконом класс» — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті құрамасы — Ақтөбе қаласы

«Ару.кз» — Қостанай облысы, Арқалық қаласы

«Грант»  — Жәңгір хан атындағы Батыс қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Бүгін.КЗ»  — Түркістан облысы,  Шымкент қаласы

«Жалын» — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«Қызылорда құрамасы» —  Қызылорда облысы

«Боранқұл»  Маңғыстау облысы

«Дежавю»  — Ақтөбе қаласы

«Фемида» —  Ақтөбе қаласы

Ойын нәтижесіне сәйкес,  Ақтөбе қаласы әкімінің кубогін және 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты «Фемида» жайдарман тобы иеленсе, 2 — орынды «Жалын», 3 –орынды «Бүгін.КЗ»  командалары еншіледі. Айта кетейік, бас жүлде иегерлері жүлдені «Ару.КЗ» тобының қыздарына табыстап, құрмет көрсетті.

Халықаралық әзіл фестиваліне шақырамыз

0

Жастар жылы қарсаңында халықаралық әзіл фестивалі өткізілмек! Түркі тілдес мемлекет жастарының арасында болатын сайыстың көрермені болуға асығыңыз!

12 маусым — САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ рәсімі

14 маусым — Бейбітшілік және келісім сарайы сағ:19.30 да басталады!

Жайдарман Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантына ие болды

0

Жайдарман  Қазақстан  Республикасы ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен  азаматтық  бастамаларды  қолдау орталығының  «Жастар арасында мемлекеттік тілді  насихаттау»   грантына ие  болды. Енді  осы  грант аясында алдағы  уақытта «Астана кубогі»  ойыны  және  халықаралық  жастар күні  аясында «Жастар  жазғы фестивалі» өтеді  деп  жоспарлануда.

Қос  ойынға еліміздің  барлық  өңірлерінен  командалар  қатысады деп  күтілуде. Ойынға елімізге белгілі әзіл  майталмандары  мен қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары  әділ қазылық  етеді.  Түсірілім жасалып, Qazaqstan ұлттық  арнасынан  эфирге берілетін  болады. Жайдарманның  youtube  желісіндегі  ресми парақшасына  салынып, көрерменге жол тартады.

Автокөлік кілті «Қызылорда құрамасына» бұйырды

0

Шымкент қаласында «Нұр үміт» өнер орталығының қолдауымен жайдарман сайысы өтті. Аталмыш ойынға барлығы 11 команда қатысқан болатын. Қазылардың шешімі мен көрермендердің ыстық ықыласының нәтижесінде жүлдеге лайық жеңімпаздар анықталды. Арнайы кубок пен автокөліктің кілті «Қызылорда құрамасы» жайдарман тобына бұйырды.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! 

Айта кетейік, жайдарман тарихында бас жүлде иегерлеріне көлік сыйға тарту дәстүрі алғаш рет орындалды. Жайдарман жанашыры атанған «Нұр Үміт» өнер орталығының басшысы Анар Талғатқызына арнайы алғыс білдіреміз!

Эльдар Жұмағалиев: Сайыстағы шыққан шыңымыз осы болар деп тоқтатуға келістік

0


— Эльдар, айфон құтты болсын! Жақсы жаңалықтар естуіңізге тілектеспіз! Өзіңіз қолданып жүрсіз бе?
— Рақмет, айтқаныңыз келсін! Иә, сыйға алған ұялы телефонды өзім қолданып жүрмін. Топтың құрамындағылар бір ауыздан өзің ұста деді. Осы тұста «Үздік ойыншы» аталымына лайық деп таныған қазыларға алғыс айтқым келеді. 
— «Үздік ойыншы» атануды күттіңіз бе?
— Әрине, әр жайдарманшының арманы деуге болатын шығар. Мен де армандадым. Бірақ, сол уақытта ол сыйды күтпедім. Сөзбен жеткізуге келмейтін қуанышты эмоциялардың бірін сезіндім… 
— Биылғы маусымашарда жайдарманмен қоштасуға келдіңіздер, бірақ көрерменнің ыстық ықыласы мен залдың қошеметі маусымға қатысуға сеп болды. Не үшін қоштасуға шешім қабылдадыңыздар?
— Иә, осы фестиваль барысында жайдарманмен қоштасып кетеміз деп келген болатынбыз. Жасыратыны жоқ, жартылай финалдағы әділ-қазылардың бағаларынан кейін сайыста өнер көрсетуге ниет болмады. Оның үстіне жайдарманда 7-8 жылдың көлемінде өнер көрсетіп жүр екенбіз. Сайыстағы шыққан шыңымыз осы болар деп тоқтатуға келістік. Команда құрамындағылардың жастары 25- тен асып, 30-ға аяқ басты. Тұрақты жұмысқа орналасып, тірлік істейік деген ой болды. Бірақ, сол маусымашарда залдағы көрермендердің қолдауымен, ұйымдастырушылардың сұрауымен маусымда қалдық. «Жарааайды» деп қалған жоқпыз, іштей ойнағымыз келді. Сөйтіп, қазір маусымдамыз. 


— Биыл чемпиондыққа үміткер командалардың бірісіздер. Жауапкершілік қалай? 
— Әзірге бәрі ойдағыдай секілді. Бірақ, финалдық сайыстың атмосферасы басқаша болады. Бәрі болуы мүмкін. Финалға дейін жетеміз деп ойлаймыз. Әрине, жеңіс біздікі болғанын қалаймыз. Нәтижені уақытында көреміз. 
— Кей әзілдеріңізден байқағаным, қазылар алқасына қандай да бір өкпеңіз бар секілді? 
— Қазылар алқасына негізі өкпем жоқ. Олардың салмақты дүние күтетіні анық қой. Біз біріншіден көрерменге түсінікті әрі қызықті әзілдер жазамыз. Ол әзілдердің кейбірін кейде қазылар түсінбей жатады. Сонымен, екі жақты қазылардың көңілдерінен шығу үшін тырысасын. Тағы бір мәселе, жайдарманшылар үшін қазыларда тұрақтылықтылықтың сақталуы маңызды. Командалардың ойнау стилін, әзілдеу барысын кейбірі түсінбей жатады. Мысалы, жартылай финалдық сайыста Нұрдаулет бізді бірінші рет көріп, стилімізді түсінбегеннен болар төмен бағаға лайық деп таныды. Сөйтіп, сайыстан шеттетілдік. Бірақ, тікелей оларға ренжулімін деген сөз емес. Әркім өз ойын білдіруге құқылы. 
— «Үй тапсырмасы» сайысына ерекше идеямен, дайындықпен келетін командалардың бірісіздер. Ой кімнен туындайды? Жеке тараптан ба әлде ұжымдық туындылар ма?
— Жайдарманда өнер көрсеткен семейлік командалар «үй тапсырмасы» сайысына келгенде ойыннан шығып қалатын. Олардың жетпеген тұсына біз жетейікші дедік. 2017 жылы осы сайысты көпшіліктің тақырыбындағы «Құдалық» немесе үй ішіндегі жағдайларды бейнелемей, өзгеше стильде өнер көрсетейік деген ой келіп, мақсат қойдық. Қасиет Кәрім есімді редактордан біраз керекті кеңестер алып, тыңғылықты дайындалдық. Ол жалпы командалық жұмыстың нәтижесі. Топ құрамындағы ойыншылар және әуенмен әрлеуші барлығымыз бірігіп, сценарий жазамыз. Көрініс барысында көрсетілетін видео мен ән де мағынаға сәйкес үйлесімін табуы керек. Сондықтан, ұжымдық жұмыс болуы маңызды.
— Республикалық прьемер лига ойындарының редакторысыз. Редактор ретінде жайдарманшыларға қандай талаптар қоясыз? 
— Дайындық жұмыстарына уақытынан кешіпей, редакторлар айтқан тапсырманы уақытылы әрі нәтижелі орындау. Сосын өзге командалардың бағытына түспей, ерекшелікті назардан шығармау. Өзгеше әзілдерімен келген командалар жарқырап тұратыны анық қой. Бұны талап емес, тілек дейін . 
— Жоғары лиганың ойыншысы ретінде бұл талаптарды өзіңіз орындайсыз ба? 
— Әрине, мен бұл талаптарды орындаймын. Бірақ, осы ойында редактураға кешіккеніміз бар. Ол қаржылық себептерге байланысты болды. Дайындыққа кешіккенімізбен сценарийді толық апардық.
— Жайдарман сіздің өміріңіздің өзгеруіне қаншалықты әсер етті?
— Жайдарманда өнер көрсету арқылы өмірімде көп жақсылықтар көрдім. Рас, оны сөзбен айтып жеткізу үшін уақыт жетпейді. Осы маусымда нәтижелі ойын көрсетсек деген мақсатпен, біраз жұмыстарымды ысырып қойдым деуге болады. Жайдарманның сеп болуымен қазір шығармашылық жұмыстар атқарып, нан табудамын. Сериалдарға, шоу бағдарламаларға сценарийлер жазамын.