Home Blog Page 12

Алматы қаласының колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті

0

Мамырдың 15-16 күндері Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті. Командалар 13-14 мамыр күндері редакторлық жұмыстардан өтіп, авторлық қызметтермен қамтамасыз етілді. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов жүргізді. Барлығы 36 команда өтініш білдіріп, оның ішінде 18 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама үшін екі топқа бөлініп сайысты.

Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани — адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеру. Қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Кешке республикалық жоғары және премьер лигаларда өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Бірінші күнгі ойынның қорытындысы:
1. «Нархоз колледж» — Нарxоз университетінің колледжі – 3,0 ұпай
2. «Эверест» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 3,6 ұпай
3. «Жарлыөзек құрамасы» — Талдықорған қаласы – 5,0 ұпай
4. «Фаворит» — Алматы теxнологиялық колледжі – 3,2 ұпай
5. «Түймебаев құрамасы» — Алматы қаласы – 2,8 ұпай
6. «Қайнар құрамасы» — Қайнар академиясы – 3,6 ұпай
7. «Бері қара» — Алматы мемлекеттік бизнес колледжі – 4,8 ұпай
8. «Нар тəуекел» — Алматы қаласы — 3,8 ұпай
9. «АУЭС» — Алматы энергетика және байланыс университеті – 5 ұпай

Екінші күнгі ойынның қорытындысы:
1. Ерекше — Республикалық жоғары медициналық колледжі – 3,4 ұпай
2. Құрмалас — Еркін құрама – 3,2 ұпай
3. Тіпті керемет — Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі – 4 ұпай
4. Политех — Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі – 3,6 ұпай
5. Мадам — Талдықорған қаласының құрамасы – 4,8 ұпай
6. Формат — Алматы технологиялық университеті – 3,8 ұпай
7. Ақпен бірге — Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — 5 ұпай
8. Болашақ электриктер — Алматы энергетика және электронды технологиялар – 4 ұпай
9. Қапшағай қаласының құрамасы — Қапшағай қаласы — 5 ұпай.

Жалағаш аудандық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді

0

Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» одағы РЖҚБ -нің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді.
Өтетін күні: 18 мамыр 17.00
Өтетін орны: Жалағаш ауданы, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйі

Астана қалалық «Маусымашар-2018» фестивалі өтті

0

Мамыр айының 11 жұлдызында «Жастар» сарайында Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігі аясында «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концерті өтті. 

Елордамыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келген Жайдарманның 14 маусымында Астана қаласының «Маусымашар-2018» фестиваліне 45 команда тіркеліп, редакторлық жұмыстар нәтижесінде гала-концертте өнер көрсетуге 19 команда мүмкіндік алды. 

Осылайша Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Астана қалалық біріншілігі 5 маусымын бастады. Командаларға сәттілік тілеп, оларды марапаттау үшін Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының атынан Данияр Нұрашұлы Есин арнайы келді. 

Фестивальге қатысқан барлық командалар Жоғары және Премьер лигаға бөлінді. Жоғары лигаға өткен командалар Астана қалалық біріншілігінде бақтарын сынайтын болады.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Жайдарман ойындары өтті

0

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 12 мамыр күні Жаңақала мəдени-демалыс орталығының кубогі, яғни Жайдарман ойыны өтті.

Ойынға Орал қаласынан, Зеленов ауданынан, Жаңақала аудандарынан жəне ауылдық округтерден командалар келіп барлығы 11 команда өнер көрсетті.Ойын тізгінін ұстаған-Айдар Сатыбаев болды. «Сəлемдесу», «5 жаңалық» сайыстары бойынша командалар бақ сынап,керемет ойын көрсетті.Ойын қортындысы бойынша «Бас жүлдені» Ауыл студенттері Жаңақала ауданы,1-орынды «Гимназия қыздары» Жаңақала мектеп гимназиясының құрамасы, 2-орынды «22- маршут» Орал қаласы, 3-орынды «07 аймақ» Орал қаласы командалары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы ерекше ойын өрнегін көрсеткені үшін «Ауыл студенттері» командасының ойыншысы Райымбек Жарасовқа бұйырды.

Жеңімпаз командаларға Жаңақала Мәдени Демалыс Орталығы атынан арнайы дипломдар жəне сыйақылар табыс етілді. Жайдарман топтары алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлап,әдемі ойын өрнегін көрсетті.

 

Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті

0

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11 мамыр күні сағат 19.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті.

Сайысқа аудандар мен қала орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынынан құралған 8 команда қатысты.

Атап айтар болсақ:

  1. Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы;
  2. Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»;
  3. Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»;
  4. «Болашақ» университеті – «БУ құрамасы»;
  5. Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»;
  6. Қазалы ауданы – «Қазалы құрамасы»;
  7. Байқоңыр қаласы – «Байқоңыр құрамасы»;
  8. Қызылорда қаласы — «Қызылорда құрамасы» командалары.

Қатысушылар 2 кезең бойынша (сәлемдесу және көрініс) бақ сынасып, үздік деп танылған 5 команда финалдық сайысқа жолдама алды.

Сонымен қатар, аталмыш шарада облыстық «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жүлдесі де сарапқа салынды.

Ойын қорытындысы бойынша арнайы алғыс хатпен «Абылайхан» атындағы колледжінің «Абылай хан құрамасы», «Болашақ» университетінің «БУ құрамасы» жəне Қазалы құрамасы марапатталды. Ал ақтық мəреге «Қызылорда құрамасы», «Байқоңыр құрамасы», Қорқыт ата атындағы ҚМУ «ҚМУ құрамасы», Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің «ҚГЭК құрамасы» жəне «Қоғалыкөл құрамасы» жолдама алды.
Сонымен қатар, шара барысында сарапқа салынған «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жүлдесі (50.000 теңге) Қызылорда құрамасы иеленді.

Алматы қаласының колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтеді

0

Мамырдың 15-16 күндері «Қазақконцерт» залында сағат 18:30-да Алматы қаласының колледж жастары арасында «Student life» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтеді. Командалар 13-14 мамыр күндері редакторлық жұмыстардан өтіп, авторлық қызметтермен қамтамасыз етіледі. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов жүргізеді. Барлығы 36 команда өтініш білдіріп, оның ішінде 18 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама үшін екі топқа бөлініп сайысатын болады.

Бірінші күні өнер көрсететін командалар тізімі:
1. «Нархоз колледж» — Нарxоз университетінің колледжі
2. «Эверест» — Әль- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3. «Жарлыөзек құрамасы» — Талдықорған қаласы
4. «Фаворит» — Алматы теxнологиялық колледжі
5. «Түймебаев құрамасы» — Алматы қаласы
6. «Қайнар құрамасы» — Қайнар академиясы
7. «Бері қара» — Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
8. «Нар тəуекел» — Алматы қаласы
9. «АУЭС» — Алматы энергетика және байланыс университеті

Екінші күні өнер көрсететін командалар тізімі:
1. Ерекше — Республикалық жоғары медициналық колледжі
2. Құрмалас — Еркін құрама
3. Тіпті керемет — Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі
4. Политех — Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі
5. Мадам — Талдықорған қаласының құрамасы
6. Формат — Алматы технологиялық университеті
7. Ақпен бірге — Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
8. Болашақ электриктер — Алматы энергетика және электронды технологиялар
9. Қапшағай қаласының құрамасы — Қапшағай қаласы

Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтеді

0

Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» одағы РЖҚБ -нің ұйымдастыруымен облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтеді.
Өтетін күні: 11 мамыр 19.00
Өтетін орны: Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттер сарайы

Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің маусымашары өтеді

0

Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен елордада Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің маусымашары өтетінін хабарлаймыз!

Өтетін күні: 11 мамыр.

Өтетін орны: «Жастар» сарайы.

Уақыты: сағ.18:30.

Кіру: ақысыз.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары, айтулы шарадан қалыс қалмаңыздар!

Қосымша ақпарат үшін: +7 (775) 490 01 97.

Республикалық Премьер лиганың 1/8 және 1/4 финалдық сайыстары өтті

1

Сәуірдің 26-27 күндері Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/8 финалдық сайыстары болды. 2012 жылдан бері араға алты жыл салып Республикалық Премьер лига ойындары қайтадан Алматы қаласында өтті. Екі күн қатарынан 1/8 финалда екі топ болып командалар сайысқа түсіп, көрермендерге әзіл-қалжың мен шаттық-күлкіге толы кеш сыйлады. Дайындығы мен өнерлері жарасқан топтар іріктеліп, 1/4 финалдық сайысқа жолдама алды.

26 сәуірде қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі тұлғалар, нақтырақ айтқанда, Мейіржан Алтыбаев, Алмат Сағатов, Серік Ибрагимов болып, командаларға өз бағаларын берді.

Осы күні 1/4 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар:
1. «Аманат»;
2. «Голд»;
3. «Феномен»;
4. «Грация»;
5. «Креатив»;
6. «Де Жавю»;
7. «Юсуф»;
8. «Жаңа ғасыр»;
9. «Зертас»;
10. «Жаңа Толқын».

Ал сәуірдің 27 жұлдызында командаларды бағалаған әйгілі азаматтар — Бекзат Дүйсенов, Дәурен Айдарқұлов және Ерлан Қасымжанұлы.

Бұл күні топ жарып, келесі кезеңге өткен командалар:
1. «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті»;
2. «Жетісай құрамасы»;
3. «Рояль»;
4. «Маями»;
5. «Сарыарқа»;
6. «Шатыр»;
7. «Бұзық қыздар»;
8. «Жалын»;
9. «Энерго»;
10. «Жұлдызды жігіттер».

Сонымен қатар, 1/4 финалдық сайысына резервпен өткен топтар:
1) «Энерго жастары»;
2) «Бес жаңалық»;
3) «Жем Сағыз»;
4) «Аялдама»;
5) «Болашақ Тараз»;
6) «Филологтар»;
7) «Қыз Жібек»;
8) «Капитан».

28 сәуірде Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы театрда Республикалық Премьер лиганың 1/4 финалдық кезеңі өтті. Командалар екі топта өнер көрсетіп, әр түрлі құрамды әділ қазылардың бағалауымен жартылай финалға іріктелді. Ширек финалдық сайыстарының қорытындысын сіздерге ұсынамыз.

Бірінші топқа елімізге белгілі азаматтар Ерлан Қасымжанұлы, Бекзат Дүйсенов және Ерболат Төлеген төрелік етті.

Бұл топта жоғары ұпайларды еншілеп, 1/2 финалдық ойынға өткен командалар тізімі:
1. «Аманат» (Шымкент);
2. «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті» (Ақтөбе);
3. «Креатив» (Талдықорған);
4. «ДеЖаВю» (Ақтөбе);
5. «Жем Сағыз» (Ақтөбе);
6. «Жаңа толқын» (Орал);
7. «Зертас» (Шымкент).

Екінші топтың өнерін бағалаған жұлдызды қонақтар Дәурен Айдарқұлов, Ақботанұр Сейітмағанбетова және Нұржан Керменбаев болды.

Бұл топтан жартылай финалға тікелей жолдама алған командалар тізімі:
1. «Аялдама»;
2. «Жетісай»;
3. «Сарыарқа»;
4. «Шатыр»;
5. «Жалын»;
6. «Энерго»;
7. «Маями»;
8. «Капитан».

Республикалық Премьер лиганың жартылай финалдық сайыстары күзде өтетінін xабарлаймыз. Резервтегі командалар 1/2 финалдық ойындарының өту уақыты жақындаған кезде іріктеліп, келесі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар тізімі жарияланатын болады.

 

ОБЛЫСТЫҚ  «МЕКТЕП ЛИГА» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

0

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс екі кезеңді қамтыды. Сәлемдесу және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Облыстық «Мектеп лигасы» бойынша: Чемпион 2018 – Байқоңыр қаласының «Бір үйдің балдары» командасы, жүлделі 2 орын – Арал аудандық оқушылар үйі «Дарын» командасы, 3 орын – Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының «Бизнесмендер» командасы иеленсе, арнайы алғыс хаттармен қалалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының «Интеллект» командасы, Жалағаш ауданының «Тәттілер» командасы иеленді.

Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, алғыс хаттар және кубоктармен марапатталды.