Home Blog Page 13

Қызылорда облыстық «Мектеп лига» және «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті

0

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық «Мектеп лига» және сағат 18.00-де облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс екі кезеңді қамтыды. Сәлемдесу және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Облыстық «Мектеп лигасы» бойынша: Чемпион 2018 – Байқоңыр қаласының «Бір үйдің балдары» командасы, жүлделі 2 орын – Арал аудандық оқушылар үйі «Дарын» командасы, 3 орын – Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының «Бизнесмендер» командасы иеленсе, арнайы алғыс хаттармен қалалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының «Интеллект» командасы, Жалағаш ауданының «Тәттілер» командасы иеленді.

Облыстық «Премьер лига» бойынша:   Чемпион 2018 – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Қаз ГЮА құрамасы» командасы, жүлделі 2 орын – «Абылайхан» атындағы Жоғары колледжінің «Абылайхан қыздар құрамасы» командасы, 3 орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық Жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» иеленсе, арнайы алғыс хаттармен «Болашақ» медицина колледжінің «БМК құрамасы» командасы мен Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжінің «ҚГЭК жастары» командасы марапатталды.

Қызылорда облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді

0

Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» одағы РЖҚБ -нің ұйымдастыруымен облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді.
Өтетін күні: 26 сəуір 18.00
Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйі

Қызылорда облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті

0

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 18.00-де облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс үш кезеңді қамтыды. Сәлемдесу, бес сайыс және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Чемпион 2018 – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Қаз ГЮА құрамасы» командасы, жүлделі 2 орын – «Абылайхан» атындағы Жоғары колледжінің «Абылайхан қыздар құрамасы» командасы, 3 орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық Жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» иеленсе, арнайы алғыс хаттармен «Болашақ» медицина колледжінің «БМК құрамасы» командасы мен Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжінің «ҚГЭК жастары» командасы марапатталды.

Қызылорда облыстық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді

0

Қызылорда облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» одағы РЖҚБ -нің ұйымдастыруымен облыстық «Мектеп лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтеді.
Өтетін күні: 26 сəуір 15.00
Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйі.

Жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстары өтті

2
Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен 19-21 сәуір аралығында «Бейбітшілік және келісім сарайында» Жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстары өтті.
Бірінші бестік 19 сәуірде 1/4 финалда сайысқа түсті. Ойыншылардың мықты дайындығы мен тамаша өнерлері көрермендер көңілінен шығып, ойын өте тартысты өтті.
Әділ қазылардың командаларға әр кезеңде берген бағалары бойынша қорытынды ұпай сандары келесідей болды:
1. «Байдың балалары» — 10.9
2. «Грант» — 10.5
3. «Боранқұл» — 10.4
4. «Жаңақорған» — 9.3
5. «Абзал жандар» — 8.8
Осылайша ең жоғарғы ұпайларды еншілеген «Байдың балалары», «Грант» және «Боранқұл» командалары келесі кезеңге жолдама алды.
20 сәуір — Жоғары лиганың 1/4 финалында екінші бестік сайысқа түсіп, әзілі мен қалжыңы жарасқан, көрермен көңілін тапқан 3 команда 1/2 финалға тікелей жолдама алған күн. Бұл сайыс та жоғары деңгейде өтті. «Сәлемдесу», «Әуенді жамбы ату» және «Көрініс» кезеңдерінен тұрған сайыстан командалар келесідей ұпайларды қоржындарына жинады:
1. «Раxмет» — 8.6;
2. «АТУ» — 9.6;
3. «Тұран — Астана» — 10.1;
4. «Қызылорда» — 10.7;
5. «ОҚМПУ» — 11.0
1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған командалар: «Тұран — Астана», «Қызылорда» және «ОҚМПУ».
Жоғары лиганың 1/4 финалында соңғы бестік 21 сәуір күні бақ сынасты. Әр команданың дайындығы өте жоғары деңгейде болып, өнерлері көрермен көңілінен шықты.
Әділ қазылар шешімімен бүгінгі топтар келесі ұпай сандарын жинады:
1. «Миллион» — 9.7;
2. «Фемида» — 9.7;
3. «Апорт» — 9.8;
4. «ӨзенМұнайГаз» — 10.0;
5. «Элемент» — 10.9.
Үш күн қатарынан өткен сайыста іріктеліп, 1/2 финалға жолдама алған командалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
1. «Апорт» (Алматы);
2. «ӨзенМұнайГаз» (Жаңаөзен);
3. «Элемент» (Семей);
4. «Тұран-Астана»;
5. «Қызылорда»;
6. «ОҚМПУ» (Шымкент);
7. «Боранқұл»;
8. «Грант» (Орал);
9. «Байдың балалары» (Шымкент);
10. «Фемида» (Ақтөбе).

Қызылордада облыстық «Премьер лига» және «Мектеп лига» ойындары өтеді

0

Қызылорда облысының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен облыстық «Мектеп лига» жəне «Премьер лига» жайдарман ойындары өтеді.

Өтетін күні: 26 сəуір сағат 15.00 жəне 18.00.

Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйі.

Толық ақпарат: +7 (747) 230 92 37.

Алматы қаласында Республикалық Премьер лига ойындары өтеді!

1

Бірер күннен соң Алматы қаласында Республикалық Премьер лига сайыстары басталатынын xабарлаймыз!

Өтетін орны: Н.Сац атындағы театр.

1/8 финалдық ойындары 26-27 сәуір күндері сағат 19:00-де болады.

Ал 1/4 финалдық кезеңі 28 сәуір күні сағат 16:00 және 19:00-де өтеді.

Батыс Қазақстан облысы «Қаратөбе жастар кубогі» Жайдарман фестивалі өтті

0

21 сәуірде Республикалық «КВН» Одағының БҚО «Ақжайық» лигасының «Қаратөбе жастар кубогі» Жайдарман фестивалі өтті. Батыс Қазақстан облысының жайдарманшылары жаңа «Жарасым» маусымына күш-жігерлері мен әзіл-қалжыңдары жарасып, жаңа белестерді бағындыруға келгендері алғашқы ойыннан-ақ көрініп тұрды.

Барлығы 12 команда өнер көрсетіп, 9 құрама тікелей 1/4 ширек финалына жолдама алды. Сайысты белгілі жайдарманшы Ақеділ Ізімғалиев тізгіндеді. Әділ төрелік еткен қазылар Орынбек Меңдіқұл, Асланбек Жұбанғалиев, Ренат Шабдаров, Дәурен Шамұратовтар болды. Келесі кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілеп, ал өте алмай қалған жайдарман топтарына марапаттау қағаздары табыс етілді.

1/4 ширек финалға өткен командалар:
1) Талант
2) Сəттілік
3) Қоскөл арулары
4) Күлкі Фабрикасы
5) Көңілді қыздар
6) 22 Маршрут
7) 07 Аймақ
8) Супер Теңтектер
9) Мадагаскар

Әр команданың дайындығы өте жоғары деңгейде болып, өнерлері көрермен көңілінен шықты. Ойын өз көрерменіне жайдары көңіл-күй сыйлап, керемет әсер қалдырды.

Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті

0

Ағымдағы жылдың 19-20 сәуір күні Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтті. Командалар 17 — 18 сәуір күндері редакторлық жұмыстардан өтіп, авторлық қызметтермен қамтамасыз етілді. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов жүргізді. Барлығы 15 команда қатысып, оның ішінде 10 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды. Қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Қатысушылардың жалпы саны – 100-ден астам.

Алматы қаласы мектепаралық 1/4 ойындарының өтуіне Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.
Мектеп аралық чемпионаттың редакторлық жұмыстарының өтуіне Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің басшылығы ықпал етті.
Керемет залды ұсынып, қолдау көрсеткені үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне алғысымызді білдіре отырып, аталмыш оқу орнын, қазақ білімінің қара шаңырағын 90 жылдық мерей тойымен шын жүрекен құттықтаймыз!!!

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ЖАЙДАРМАН» КТК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ¼ ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ

Командалар тізімі:
1. Біртүрлі физиктер-173 мектеп-лицей Әуезов ауданы Алматы қаласы
2. 2. Ойнап айтам-143 мектеп-лицейі Жетісу ауданы Алматы қаласы
3. 2де6 – 26 жалпы білім беретін мектеп Алатау ауданы Алматы қаласы Шаңырық 2 ықшам ауданы
4. ИП «Манас Саяхатович»-168 мектеп-гимназия Медеу ауданы Алматы қаласы
5. 188 мектеп құрамасы-188 мектеп Түрксіб ауданы Алматы қаласы Екібастұз мектеп құрамасы-Павлодар облысы Екібастұз қаласы 5 ұпай
6. Балмұздақтар-176 мектеп-гимназия Алматы қаласы. Наурызбай ауданы
7. Мамыр су Мақтаныштары- Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы
Жүргізуші: Қымбатты көрермендер, Алматы қалалық «Маусымашар» фестивалі осымен тәмам. Командаларға маусымға сәттілік! Жайдарманның жайдары кештерінде кездескенше аман-

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ЖАЙДАРМАН» КТК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ¼ ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

Командалар тізімі:
1. Берекет Жұмалиев бүлдіршіндері Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
2. Шамалған кенті Шамалған жастары
3. Нағыз қалалықтар балалар медиа мектебі
4. Бір үйдің балалары Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
5. 169 мектеп лицей шаңырақ сити
6. Қалай қарайсың 15 мектеп интернат
7. Бойжетпегендер 176 мектеп лицей
8. Қожанов жастары Жетісай қаласы Мақтаралы ауданы

Сайыс қорытындысы:

Біртүрлі физиктер-173 мектеп-лицей Әуезов ауданы Алматы қаласы 3.8 ұпай
Ойнап айтам-143 мектеп-лицейі Жетісу ауданы Алматы қаласы 3.6 ұпай
2де6 – 26 жалпы білім беретін мектеп Алатау ауданы Алматы қаласы Шаңырық 2 ықшам ауданы 4.6 ұпай
ИП «Манас Саяхатович»-168 мектеп-гимназия Медеу ауданы Алматы қаласы 5 ұпай
188 мектеп құрамасы-188 мектеп Түрксіб ауданы Алматы қаласы 3.6 ұпай
Екібастұз мектеп құрамасы-Павлодар облысы Екібастұз қаласы 5 ұпай
Балмұздақтар-176 мектеп-гимназия Алматы қаласы. Наурызбай ауданы 4.6 ұпай
Мамыр су Мақтаныштары- Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы 5 ұпай

Берекет Жұмалиев бүлдіршіндері Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 4.2 ұпай
Шамалған кенті Шамалған жастары 4.2 ұпай
Нағыз қалалықтар балалар медиа мектебі 4.4 ұпай
Бір үйдің балалары Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы 5 ұпай
169 мектеп лицей шаңырақ сити 5 ұпай
Қалай қарайсың 15 мектеп интернат 4.6 ұпай
Бойжетпегендер 176 мектеп лицей 4.8 ұпай
Қожанов жастары Жетісай қаласы Мақтаралы ауданы 4.6 ұпай

Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының Жоғары лига 1/4 ширек финалдық сайысы өтеді

0

Ағымдағы жылдың мамыр айының 11 жұлдызында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының Жоғары лига 1/4 ширек финалдық сайысы өтеді.

Өтетін жері: Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры.

Уақыты: 19:00.