Облыстық Ақмола ашық лигасының ақтық мәресі — финалдық ойыны!
Қашан? 8 мамыр!
Қайда? «Көкшетау» мәдениет сарайы!
Нешеде? 18:30!
Маусым жеңімпазын бірге анықтайық!
Облыстық Ақмола ашық лигасының ақтық мәресі — финалдық ойыны!
Қашан? 8 мамыр!
Қайда? «Көкшетау» мәдениет сарайы!
Нешеде? 18:30!
Маусым жеңімпазын бірге анықтайық!
Ағымдағы жылдың 19-20 сәуір күні «ҚазСТА» акт залында сағат 15;00-де Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» чемпионатының ¼ финалдық ойындары өтеді. Барлығы 15 команда қатысып, оның ішінде 10 команда жартылай финалдық сайыстарға жолдама алатын болады.
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен 19-20 сәуір күндері мектеп оқушылары арасындағы «ЖАЙДАРМАН » чемпионатының 1/4 финалы өтетінін хабарлаймыз!
Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ акт залы
Уақыты: 17:30.
Қосымша ақпарат үшін: +7 775 599 91 67.
19, 20, 21 сәуір! Астана қаласы!
Еліміздің ең көңілді де тапқыр, өнерлі де білімді жайдарманшылары дәл осы күндері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен Жоғары лиганың 1/4 финалында бақтарын сынайды. Мұндай айтулы шарадан қалыс қалмаңыз!
Өтетін жері: «Бейбітшілік және келісім сарайы».
Уақыты: 19.00.
Командалар келесі тізім бойынша өнер көрсетеді.
1 топ: «Байдың балалары», «Абзал жандар», «Жаңақорған», «Боранқұл», «Грант».
2 топ: «Тұран-Астана», «Қызылорда», «Раxмет», «ОҚМПУ», «АТУ».
3 топ: «ӨзенМұнайГаз», «Миллион», «Элемент», «Фемида», «Апорт».
Сүйікті командыңызға жанкүйер болыңыз!
2018 жылы 2 сәуір күні сағат 18.30-да Алматы қаласында Н.Сац атындағы театрда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Алматы Қаласы Жастар Саясаты Мәселелері Басқармасының қолдауымен «Алматы қалалық маусымашар — 2018» фестивалі өтті.
Алматы қаласы және Республика бойынша фестивальге қатысуға 60-қа жуық команда өтініш білдіріп, 4 күндік редакторлық жұмыстардың шешімімен 18 команда Маусымашар гала концертіне жолдама алды. Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеру.
Қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастыра отырып, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерді көрермен қауымға жеткізу. Сонымен қатар, алтын уақытын қиып келген жандарға жақсы көңіл-күй сыйлау. Кеш жүргізушісі — Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов. Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері ойынға арнайы қонақ ретінде шақырылған.
Құрметті жайдарман сүйер қауым! Жарасым маусымы! Жаңа лига! Көптен күткен Шымқала Ашық лигасы! Қапы қалмаңыздар!
14 сәуір күні сағат 18:00-де өтетін «Маусымашар-2018» фестиваліне шақырамыз!
Өтетін орны: облыстық «Жастар ресурстық орталығы» (бұрынғы С.Сейфуллин атындағы халықтар достық үйі)
Байланыс телефоны: +7 (775) 124-63-65.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 2 жұлдызында Алматы қаласы жаңа маусымды бастайды!
Алматы Қалалық Маусымашар — 2018! Жарасым маусымы!
Өтетін орны: Н.Сац атындағы театр
Басталу уақыты: 18.30
Кіру тегін!
Наурыздың 14-17 күндері аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен Жайдарман ойындарының «Жарасым» маусымындағы Жоғары лига 1/8 финалдық сайыстары өтті. Әр сайыстағы дәстүр бойынша ойынды Есен Елеукен жүргізіп, барша халықты қазақтың төл мерекесі саналатын Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Бейбітшілік және келісім сарайында» 4 күн қатарынан командалар келесі тізім бойынша өнер көрсетті.
14 наурызда сахнаға шыққан топтар: «ТҰРАН-АСТАНА», «ЖАҢА СЕМЕЙ», «АБЗАЛ ЖАНДАР», «ОҚМПУ», «ЖАҢАҚОРҒАН».
Наурыздың 15 күні сайысқа түскен топтар: «АТУ», ЭЛЕМЕНТ», «БОРАНҚҰЛ», «ЗЕРТАС», «АКЦЕНТ».
16 наурызда өнерлерін ортаға салған топтар: «ФЕМИДА», «РАХМЕТ», «ҚЫЗЫЛОРДА», «МИЛЛИОН», «ҚТЖ».
1/8 финалдық сайысының соңғы ойынын 17 наурызда ойнаған топтар: «БАЙДЫҢ БАЛАЛАРЫ», «ГРАНТ», «ШАПАЛАҚ», «АПОРТ», «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ».
Қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түсті. Олар: сәлемдесу, қайым айтыс және көрініс. Жалпы ойын тақырыбы — «Жақсыға жақсы жарасар». Қайым айтыс кезеңі әділ қазыларға ерекше ұнады. Себебі мұнда жайдарманшылардың суырып салма мен ұйқас құра білу қасиеті, алғырлығы мен тапқырлығы басты назарға алынады. Нағыз мықтылар сайысы саналатын бұл кезеңде барлық команда жарасымды өнер көрсетті.
Әр топтың 1/8 финалға дайындаған жаңалықтары да, жарасымды әзілдері де, би мен ән үйлесімі де жеткілікті болды. Командалардың сахнада өздерін еркін ұстау қабілеті мен бар өнерлерін аша білу қасиеті жыл өткен сайын жақсарып келеді. Тәжірибемен келетін мұндай шеберлікке команда ойыншыларының өзара татулығы мен еңбекті талап ететін дайындығы тікелей әсер етеді. Жайдарманда жарқырау үшін талай сынға төзе білген жайдарманшылар көрерменді әлі де талай тың дүниелерімен қуантатыны сөзсіз.
Жоғары лиганың келесі 1/4 финалдық сайысына топ жарып, жолдама алған топтар тізімін ұсынамыз:
Келесі кезеңге өткен командаларды құттықтаймыз! Қымбатты көрермендерді күлкіге қарық қылып, мәнді де мағыналы әзілімен ой салатын жайдарлы Жайдарманның келесі ойындары жақын арада өтетінін қуана хабарлаймыз!
Ағымдағы жылы наурыз айының 28-жұлдызында Тараз қаласының «Баласағұн» Орталық концерт залында «Jaidarman Taraz» лигасының «Маусымашар-2018» фестивалі аясында гала-концерті өтеді. Ойын жүргізушісі — лига редакторы, 2014-жылғы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсенов. Биылғы жылы жаңа леппен жұмысын бастаған тараздық Жайдарманның «Jaidarman Kids», «Jaidarman Style» жəне облыстық «Jaidarman Taraz» атты үш бірдей лигасы көрерменді қуантпақ.
Жүлде қоры да мол: 500000 теңге! Жамбыл жұртшылығына таныс командалар маусымға дайындығын пысықтап жатса, жас топтар тіркелу үстінде. Жаңа маусымда командалар саны жылдағыдан көп болады деп күтілуде, сол себепті аталған лигаларға жолдама алу критерийлері де жоғары.
Наурыздың 28 күні сағат 17:00-де «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концертін тамашалауға асығыңыздар!