Home Blog Page 16

Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайысы

0

Наурыздың 14-17 күндері аралығында Жайдарман ойындарының «Жарасым» маусымындағы Жоғары лига 1/8 финалдық сайысы өтеді.

«Бейбітшілік және келісім сарайында» 4 күн қатарынан командалар келесі тізім бойынша өнер көрсетеді.

14 наурызда сахнаға шығатын топтар: «ТҰРАН-АСТАНА», «ЖАҢА СЕМЕЙ», «АБЗАЛ ЖАНДАР», «ОҚМПУ», «ЖАҢАҚОРҒАН».

Наурыздың 15 күні сайысқа түсетін топтар: «АТУ», ЭЛЕМЕНТ», «БОРАНҚҰЛ», «ЗЕРТАС», «АКЦЕНТ».

16 наурызда өнерлерін ортаға салатын топтар: «ФЕМИДА», «РАХМЕТ», «ҚЫЗЫЛОРДА», «МИЛЛИОН», «ҚТЖ».

1/8 финалдық сайысының соңғы ойынын 17 наурызда ойнайтын топтар: «БАЙДЫҢ БАЛАЛАРЫ», «ГРАНТ», «ШАПАЛАҚ», «АПОРТ», «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ».

Жоғары лиганың келесі 1/4 финалдық сайысына қай командалар топ жарып, жолдама алатынын жақында анықтайтын боламыз.

Рейтинг

2
  1. «Шардара city«ОҚО Шардара ауданы
  2. «Қаржы академиясының құрамасы»Астана
  3. «Жеті жұлдыз» Астана
  4. «NNJ»- Ақтөбе облысы, Алға уданы
  5. «ЕAGI life« Астана
  6. «Атакент» ОҚО, Мақтарал ауданы
  7. «АСК» Семей
  8. «Киелі Қазығұрт» ОҚО, Қазығұрт ауданы
  9. «Қармақшы жастары»- Қызылорда облысы, Қармақшы
  10. «Батыр қала» ОҚО, Отырар ауданы
  11. «Галактика» Алматы қаласы
  12. «Болашақ ұландары»- ОҚО, Шымкент қаласы
  13. «Орталық Қазақстан академиясы» Қарағанды
  14. «QazАТК құрамасы» Алматы
  15. «Фаворит» Ақмола облысы Степногорск қаласы
  16. «Сан-Франциско» Астана
  17. «Болашақ» — Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа ауылы
  18. «Ақрап 25« БҚО
  19. «Шалақын құрамасы» СҚО, Шалақын ауданы
  20. » Жаркент құрамасы» Алматы облысы, Панфилов ауданы
  21. «Доллар» Талдықорған
  22. «До мажор» Талдықорған
  23. «Қарабау құрама штаты»- Атырау облысы
  24. «Саран құрамасы» — Қарағанды облысы Саран
  25. «Төлеби құрамасы» — ОҚО Төлеби ауданы
  26. «Медунивер жастары» —Семей
  27. «РИИ жастары» — Рудный
  28. «ПМПУ құрамасы»- Павлодар
  29. «Элегант» – Алматы
  30. » Формат» — Семей
  31. » Мед. универ»-  Астана
  32. «АКТК» — Астана
  33. «Шамалған жастары құрамасы» —  Алматы облысы
  34. «Глюкоза» —  Ақтөбе
  35. «Елден қаламыз ба?» —  Қарағанды
  36. «Сарыағаш құрамасы» —  ОҚО  Сарыағаш
  37. «Қызылкент»- СҚО
  38. «Кермарал»- Астана
  39. «Жайдарлы жандар»- Алматы
  40. «Жас Орда»- Қызылорда
  41. «Болашақ құрамасы» — Маңғыстау
  42. » ПСВК құрамасы» — Атырау
  43. «Біздің құрама» — ОҚО
  44. «Біздер емес» — Атырау
  45. «Маданият»- Ақтөбе
  46. «Авангард» — Қарағанды облысы, Балқаш
  47. «Сарыарқа ұландары» — Жезқазған
  48. «КС құрамасы» — Қостанай
  49. «Жарлыөзек құрамасы»- Алматы облысы
  50. «Құрдастар»- Қарағанды
  51. «Аты жоқ, әзілі бар — Алматы облысы
  52. «ҚМУ жастары» — Қызылорда қаласы
  53. «АгроStar» — Алматы
  54. «NRG» — Алматы
  55. «Ақсукент» — ОҚО, Сайрам ауданы
  56. «Үш қаладан келген төрт жігіт» — Өзбекстан
  57. «Менің сүйікті командам»  — Астана
  58. «Бейбарыс» —  Степногорск
  59. «КОПиС құрамасы» — Астана
  60. «Прайм» — Атырау
  61. «Гүлдер-ай» — Жаңаөзен
  62. «Жаңаарқа құрамасы» — Қарағанды облысы Жаңаарқа

 

9-10 ақпанда өткен «Маусымашар-2018» фестивалінің гала-концерті

0

2018 жылдың 9-10 ақпан күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Маусымашар-2018» фестивалінің аясында гала-концерт өтті.

9 ақпанда 20 команда көрермендер алдында өнер көрсетіп, олардың жүрегін үздік ойындарымен жаулай алды. Жайдарманшылар жаңа «Жарасым» маусымына күш-жігерлері мен әзіл-қалжыңдары жарасып, жаңа белестерді бағындыруға келгендері бірінші ойыннан-ақ көрінді. Жайдарман саxнасында дәл осы күні бірнеше тариxи сәттер орын алды. Бір командалардың қоштасуы, екіншілерінің жаңа маусымға жаңа жоспарларын айқындап келуі.

«Шымкент жастар құрамасы» көрермендермен қош айтысып, келесі маусымда жаңа атаумен оралуға уәде берді. Көрермен көзайымына айналған «Сағыз құрамасы» Жайдарман әлемімен әркімнің есінде қалатындай ерекше қоштасты. «Сырдария» командасы чемпиондық көңіл-күймен көрермендерге «қош болыңыздар», — десті. Соңғы ойындарын көрсеткен осы командалар өздерінің жетекшілерін ортаға алып шығып, бұл жеңістердің артында қанша тер төгілетінін тағы бір дәлелдеді. Осылайша «Жарасым» маусымы қимастық көңіл-күймен басталды! Бұл күнгі гала-концерт 2017 жылғы «Шабытты» маусым чемпиондары «Сырдария» құрамасының сөзімен түйінделді: «Жайдарманның ең биік шыңы — көрермен мен саxна».

Ал 10 ақпан — Жоғары лигада ойнайтын топтар белгілі болған күн. «Бейбітшілік және келісім сарайындағы» гала-концерт барысында белгілі сатирик Көпен Әмірбек бастаған танымал журналист Дана Нұржігіт, әйгілі тележүргізуші Берік Уәли әділ қазыларының шешімімен Жоғары лига командалары анықталды. Іріктеуге 17 команда түсіп, бақтарын сынады. Олардың тек он екісі Жоғары лигада ойнауға мүмкіндік алды. Ал өзге 8 команда бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері, бірнеше жылғы тарихтары мен Жайдармандағы еңбектері үшін ұйымдастыру алқасының ақылдасуымен алдын ала Жоғары лигада өнер көрсететіні анықтылған. Өз сағыныштарын білдіруге «ӨзенМұнайГаз» командасы келіп, көрермендермен қайта қауышты. «ОҚМПУ» командасы саxнаға «Сырдария», «Шымкент жастар құрамасы» ойыншыларымен бірге шығып, ерекше ойын көрсетті. Дәл осылай «Жарасым» маусымының біршама құпиялары ашылып, бұл маусым көрермендерге әлі де талай жаңалық дайындағаны баршаға білінді. Өзбекстанның үш қаласынан төрт жігіт саxнада өнер көрсетіп, Жайдарманның xалықаралық ойынға айналғандығын тағы бір дәлелдеді. Осылайша 20 команда Жоғары лигаға жолдама алды.

«Jaidarman AWARDS» марапаттау кеші

0

«Қазақстан КВН Одағының» үздіктерін марапаттауға арналған «JAIDARMAN AWARDS»  кеші өтті.

«Қазақстан КВН Одағы»  жыл сайын Маусымашар фестивалі  аясында өз үздіктерін марапаттап, алғыс білдіруді дәстүрге айналдырды. Биылғы марапаттау бұрынғылардан ерекше болды. Арнайы ұйымдастырылған «JAIDARMAN AWARDS» кешінде алғашқы құттықтау сөзді «Қазақстан Квн Одағының» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен сөйлеп, барша жайдарманшыларды өткен жылғы жетістіктерімен құттықтап, жаңа «Жарасым» маусымында да жеңісті күндер көп болуын тіледі.

Нағыз жайдарманшының шексіз қиялы сыналатын сайыс – қойылым. Әзілдердің тәтті-дәмдісі сақталып, ерекше ықылас, барлық шабыт қосылып дайындалатын, қиын да қызық «Үздік қойылым» номинациясын жеңіп алған команда – «Шабытты» маусымның чемпиондары «Сырдария құрамасы». Бұл топтың әр қойылымы көрермен көңілінен шыққаны сөзсіз.

«Jaidarman AWARDS» іс-шарасының аясында “Үздік жетекші” номинациясының жүлдері болып «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Сакупов атанды!

Жайдарман шығармашыл жастарға жол ашты. Жайдарманшылар бүгінде еліміздің сан түрлі еңбек саласында өз орындарын тауып, табанды еңбек етіп жатыр. Олардың әрбірі жайдарман деген үлкен мектептен сабақ алғандықтан достық, еңбек, жауапкершілік, сапа, ар-ождан ұғымдарымен жақсы таныс. Сондықтан Жайдарман әрқашан түлектерін мақтан етеді. Осы іс-шарада «Үздік түлек» аталымы алғаш рет тағайындалып, түлектер жетістігін ерекше атап өтуді жөн көрді. «Үздік түлек» номинациясы бойынша «Спарта» командасын «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен марапаттады! «Спарта» командасы өз кезегінде Есен Елеукенге алтын алқа тақты.

Жайдарман — табанды ізденістің, тоқтаусыз жұмыстың жемісі. Кез келген топ бір сәтте жарқ етуі немесе жылдар бойы көрермен ықыласы үшін күресуі мүмкін. Не дегенмен олар жайдарманның ең басты кубогі көрермен ықыласына ие болады. «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша 2017 жылы жарқ етіп, көкейде сақталған «Элемент Семей» командасы марапатталды.

Жайдарманның әр әзілінің құны ат басындай алтынмен тең десек, жамбы ату әзілдері — нағыз жауһары. Жайдарман — әзілкештерінің сөз шеберлігін, әртістік қасиетін, табандылығын анықтайтын бетпе-бет шайқас. «Әзіл мергені» аталымы бойынша марапатталған Ұлан Мықтыбектің осы қырлары бір жыл бойы ерекше көзге түсті.

Бұл аталымдар номинанттарын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Раздықұлы Оралов номинанттарын марапаттады.

Барлық топтар барын салып дайындалатын, ерекше ойындарымен есте қалуға тырысатын сайыс – сәлемдесу. Ұйымдастыру алқасы таңдауы ұзаққа созылған номинация болды. Нәтижесінде «Шабытты» маусымның, жалпы Жайдарманның ең ерекше топтарының бірі «Сағыз» құрамасы «Үздік сәлемдесу» номинациясының жүлдегері атанды. Бұл аталымның жеңімпазына «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев марапатты табыстады.

«Үздік лига» номинациясында «Республикалық бірінші лига» Қызылорда үздік деп танылды. Ал «Үздік аймақтық жоба» номинациясында Маңғыстаулық барлық жайдарманшылардың басын қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырған жоба үшін «Үздік топтар кеші» Маңғыстау филиалы жеңімпаз атанды. Танымал тележүргізуші Берік Уәли бұл аталымдар бойынша жеңімпаздардың есімін атап, оларды марапаттады.

Философия ғылымдарының кандидаты, ғалым Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев «Үздік әкімгер» номинациясының жеңімпазы 10 жылға жуық уақытын Жайдарман ойындарына арнап, «Қазақстан КВН Одағының» әр ойынының ұйымдастыруына белсенді түрде ат салысып келе жатқан Ердос Оралбекке және «Жайдарман жаршысы» номинациясында әлеуметтік желілерде топтар құрып, түрлі ақпарат таратып жүргендердің ең белсендісі болғаны үшін үздік деп танылған «Jaidarmancity»-ге марапаттар табыстады.

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек «Үздік аймақтық лига» номинациясының жеңімпазы атанған «Солтүстік Қазақстан облыстық лигасы» мен «Үздік аудандық лига» номинациясында жеңіске жеткен «Аягөз аудандық лигасын» марапаттады. СҚО КВН филиалы 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Былтырғы жылы аймақтық лигалар арасында нәтижелі жұмыс көрсетті. Аягөз аудандық лигасы 10 жылдан астам уақыт аудандық деңгейде ойындар өткізіп келеді. Облыстық, аймақтық және республикалық Жоғары лиганың чемпиондарын тәрбиелеп шығарды.

«Jaidarman AWARDS» марапаттау кешінде «Үздік әріптес» номинациясына соңғы он жыл бойы Жайдарман ойындарын қолдап келе жатқан «Астана қаласының жастар саясаты мәселелерінің басқармасы», ал «Үздік демеуші» номинациясына тұрақты түрде соңғы 5 жыл бойы өз ауылынан шыққан жайдарман топтарына үздіксіз демеушілік жасаған  «Хангелді ЖШС» Боранқұл ие болды.

Аталым жеңімпаздарына марапаттарды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице–министрі Абзал Нүкенұлы Нүкенов табыстады.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Маусымашар-2018» фестиваліне шолу

0

«Маусымашар-2018» фестивалінің үшінші күні редакторлық жұмыстар жалғасты. Оған 200-ден астам командалар қатысып, олардың ойындарына түзетулер мен өзгертулер енгізілді.

Оның ішінен 9-10 ақпан күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» сағат 19.00-де өтетін гала-концертте өнер көрсететін командалар іріктеліп алынды. Іріктелген командалармен өзге де редакторлық жұмыстар және гала-концерт бағдарламасын жинақтау жұмыстары жүргізіледі. Ең аяғы басты дайындықтан өткеннен кейін командалар Жайдарман көрермендерінің алдында өнер көрсетеді. Барлық редакторлық жұмыстар Жайдарманның «youtube.com»-дағы ресми каналынан онлайн режимде көрсетілді.

Сонымен қатар, «Ашық микрофон» айдарымен Жоғары лига ойыншылары мен жас жайдарманшылар арасында сұрақ-жауап алмасу кеші өтті. Жайдармандағы өнер жолын жаңа бастап жатқан жайдарманшылар тәжірибелі ойыншылардан ақыл-кеңес алып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Бұл — жайдарманшылар сабақтастығының көрінісі, достық пен құрмет белгісі.

«Маусымашар-2018» фестивалінің алғашқы күндері

0

«Маусымашар-2018» Жайдарман фестивалінің екі күні де жұмыс өнімді болды.

Бүгінгі үшінші күн де жемісті өтіп жатыр. Осы күндерге бір шолу жасап, жеңістеріміз бен айтулы шараларды қорытындылайық.

«Жарасым» маусымына Жайдарманның ресми сайты арқылы еліміздің түкпір-түкпірінен бұрын-соңды болмаған командалар саны тіркеліп үлгерді. Жайдарман — Қазақстанның белсенді, өнерлі жастарын бір шаңырақ астына жинаушы орта, тәрбие-тәлім беріп, өнерін шыңдаушы мектеп. 594 команданың бұл маусымда ойнауға ниет білдіріп, Жайдарман әлеміне жасаған қадамдары бізді қуантады. Әрқайсысының жаңа маусымнан күтері көп, жаңалығы мол, мақсаттары айқын.

5 ақпанда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Маусымашар 2018» Республикалық Жайдарман фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Жайдарман дәстүрі бойынша «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен «Жарасым» маусымын ашық деп жариялады!

«Хан Шатыр» кубогы өткізіліп, 7 команда арасында тартысты бәйге болды. Олардың арасынан топ жарып, көрермен көңілін таба білген «Апорт» (Алматы) командасы кубок жеңімпазы атанып, «Хан Шатыр» жағажайында демалуға мүмкіндік алды.

Командалармен редакторлық жұмыстар «Қазмедиа» орталығында жүргізіліп, оның онлайн трансляциясы Жайдарманның youtube.com-дағы ресми каналында көрсетілді. Көрермендермен үнемі кері байланыс жасау — Жайдарман мақсаттарының бірі.

Ақпан айының 6 жұлдызында мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» ойындары өткізіліп, мектеп жасындағы балалардың Жайдарманға жасаған алғашқы қадамдары сәтті болды. Әділ қазылар шешімі бойынша өз қатарластарының ішінен үздік деп танылып, 1 орынға ие болған команда — «Бір үйдің балалары».

Редакторлық жұмыстар әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта гала-концертте өнер көрсететін командалар анықталып, оның бағдарламасы толығымен жинақталады. Лигалар бойынша сертификаттар табыстау, «Jaidarman AWARDS» марапаттау кеші күтілуде. «Маусымашар 2018» фестивалінің басты және бірегей деп есептелетін гала-концерттері 9-10 ақпан күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді. Билеттер әлі де сатылымда.

«Хан Шатыр» кубогының жеңімпазы анықталды

0

Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Маусымашар 2018» Республикалық Жайдарман фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Жайдарман дәстүрі бойынша «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен «Жарасым» маусымын ашық деп жариялады!

«Қармақшы» құрамасында өнер көрсететін жайдарманшы Жандос Самалбек «Хан Шатыр» кубогы ойынының тізгінін ұстап, халықпен етене тіл табыса алды.

«Хан Шатыр» кубогына 7 команда арасында тартысты бәйге болғаны сөзсіз. Олар: «Жаңа ғасыр», «Жаңақорған», «Жаңа Семей», «Апорт», «Тұран Астана», «Боранқұл», «Байдың балалары» командалары.

Кубокқа қатысушы командалар әзілдерімен де, әртістік қабілеттерімен де көрермен жүрегін жаулай алды. Ал олардың өнерін бағалаған әділ қазылар құрамында 2017 жылғы «Шабытты» маусымның Жоғары лига Чемпионы атанған «Сырдария» құрамасының белді мүшесі Марат Сарсенбаев, 2017 жылғы Халықаралық КВН Жоғары лига Чемпионы деп танылған «Спарта» КВН командасының ойыншысы Әділхан Мажит және «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Сакупов болды.

Командалар ішінен топ жарып, әділ қазылар озық деп тапқан, xалыққа күлкі сыйлай алған «Хан Шатыр» кубогының жеңімпаздары болып «Апорт» (Алматы) командасы атанды!

«Sky Beach Club» Хан Шатыр жағажайына демалуға мүмкіндік алған команда көрерменнің ыстық ілтипатымен де марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Жаңа маусым атауы – «Жарасым» маусымы

0

Жайдарманның «Шабытты маусым» чемпионы анықталды, «Үздік ойыншысы» мадақталды.

Енді өзге командаларға жаңа мүмкіндіктер ашылатын, биік белестерді бағындыратын, өткір әзілдерімен, ұшқыр ойларымен, мінсіз тапқырлығымен елге танылатын, өздерін мойындататын уақыт та келді.

Жаңа маусым атауы – «Жарасым» маусымы. Бұл маусым атауының мәнін, көрерменге сыйлар жаңалықтарын, өзіндік ерекшелігін маусым бойы тамашалап, бірге анықтайтын боламыз. «Жарасым» маусымында кімнің сәттілігі мен еңбегі, тапқырылығы мен әзілі, алғырлығы мен әртістігі жарасатынына, ал кімнің бағы жанып, жұлдыз атанатынына бәріміз куә болмақпыз.

Жайдарманда тәжірибесі бар командалар көрермендерді енді қалай қызықтырмақ? Бұл жолы елді аузына қаратып, таң қалдыра ала ма?

Ал жаңа топтар Жайдарман әлеміне сүңгіп кетіп, бірден жарқ етіп жана ма екен? Әлде біртіндеп үйреніп, көрерменмен бірге өсіп-өне ме екен?

Сан сауалдың жауабын алар сәт те жақындап келеді. Асыға күткен жаңа «Жарасым» маусымының жаңалығы көп, берері мол, қуантары сөзсіз.

Айта кетейік, «Маусымашар-2018» фестиваліне командаларға онлайн тіркелу әлі де жүргізіліп жатыр. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен жүздеген командалар тіркеліп үлгерді. Сіздің де «Маусымашар-2018» фестиваліне онлайн тіркеліп, бұл тізімде болуыңызға, өз командаңыздың таланты мен өнерін көрсетіп, бақтарыңызды сынап көрулеріңізге әлі де мүмкіндігіңіз бар.

Онлайн тіркелуге бәріне белгілі, Жайдарманда өз орындарын тапқан командалар да, жаңа да болса, болашағынан зор үміт күттіретін топтар да қатысып жатыр.
Астана қаласында «Маусымашар-2018» фестивалінің дайындық, тіркеу, редакторлық жұмыстары  5-8 ақпан күндері «Қазмедиа орталығында» өтеді.
Ал гала-концерт 9-10 ақпан күндері алғаш рет «Бейбітшілік және келісім сарайында» беріледі.

Олай болса, жаңа «Жарасым» маусымының шымылдығын бірге ашайық, жайдармансүйер достар!

Атырау облысының супер финалы

0

Атырау облысы жастар саясаты басқармасы және «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні жайдарман ойындарының «СУПЕР ФИНАЛ» арнайы жобасы ұйымдастырылды.Бұл ойында Атырау облыстық «Премъер лига — 2017»  және  «Жоғарғы лига — 2017»  жүлдегерлері өзара сайысты.Ойынды «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Бекжанұлы Сакупов жүргізді.

Ойын 3 сайыстан құралды:

  • Сәлемдесу
  • Жанбы ату
  • Сұрақ-жауап

Сайысқа қатысқан құрамалар:

  • «ТАНЫЛМАҒАН ТАЛАНТТАР» құрамасы – Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы
  • «ЖАСБУЫН» құрамасы – Индер ауданы, М.Әуезов атындағы атындағы орта

мектебі

  • «ТАЙСОЙҒАН» құрамасыт – Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы
  • «36» құрамасы— Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназиясы

Осы құрамаларға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында:

  • УТАРГАЛИЕВ Жахан – Ардагер жайдарманшы, Шоумэн, асаба
  • БЕККАЙЫРОВ Ринат — Ардагер жайдарманшы«Жигули» КВН командасының мүшесі
  • НАЗАРОВ Манарбек — Ардаргер жайдарманшы, «Жигули» КВН командасының мүшесі
  • НҰРЖАНОВ Қуантқан – «Сағыз» жайдарман тобының мүшесі
  • ТӨЛЕШОВ Абылай Асхатұлы – ММА-дан және Жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионы
Топтар Сәлемдесу

(жоғарғы ұпай – 5)

Жамбы ату

 

Сұрақ-жауап

(жоғары ұпай -5)

Қортынды ұпай
1 «Танылмаған таланттар» құрамасы  

 4    

 

4

 

4

 

 

4

 

 

4

 

4

 

0,7

 

4

 

3

 

3

 

5

 

4

 

3,8

 

8,5

2 «Жасбуын» құрамасы

 

 

4

 

4

 

4

 

5

 

4

 

4,2

 

0,8

 

4

 

4

 

4

 

4

 

5

 

4,2

 

9,2

3 «Тайсойған» құрамасы

 

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

1

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

11

4 «36» құрамасы

 

 

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

5

 

0,9

 

5

 

5

 

4

 

4

 

5

 

4,6

 

10,5

 Ойын қортындысы бойынша:

ЧЕМПИОН —  «ТАЙСОЙҒАН» құрамасы, Атырау қаласы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы — 11 ұпай

2-ОРЫН «36» құрамасы, Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназиясы – 10,5 ұпай

3-ОРЫН «ЖАСБУЫН» құрамасы – Атырау қаласы, Индер ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп – 9,2 ұпай

ФИНАЛИСТ«ТАНЫЛМАҒАН ТАЛАНТТАР» құрамасы, Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы – 8,5 ұпай

 

Шабытты маусым чемпионы — Сырдария құрамасы

0

2017 жылдың 29 қарашасы Жайдарманның “Шабытты маусымының” чемпионы анықталған тарихи күн.”Шымкент жастар құрамасы”, “Байдың балалары”, “Сырдария құрамасы”, “Элемент”, “Сағыз” командалары бақ сынасқан ойында чемпионды анықтау оңайға түспеді. Әзілі мен сөзі келісті, өнері мен дауыстары жарқын командалардың әрқайсысының қайталанбас стильдері мен ерекшеліктері бары сөзсіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан команда, “Шабытты маусым” чемпионы – “Сырдария құрамасы”. Әділ қазылардың шешімімен Шабытты маусымның үздік ойыншысы деген атаққа Қуаныш Кеңес (Сағыз құрамасы) ие болды.

Финалдық ойынға Қазақ радиоларының басшысы Мәди Манатбек, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен қазылық етті.

Ойын қортындысы бойынша Чемпион “Сырдария құрамасы” 11,5 ұпай жинаса, “Байдың балалары” 11,2 қпайды қандығаларына байлап, екінші орынға ие болды. Олардың артынан “Элемент” 10,9 ұпаймен 3 орынға қол жеткізсе, “Сағыз” командасы 10,2 ұпай еншіледі. Бестікті “Шымкент жастар құрамасы” 9,6 ұпаймен қорытындылады.

Қызықты да тартысты финалдық ойын көрермендер көңілінен шыққаны анық. Ойын бойы көрермендердің орнынан тұрып қол шапалақтауы, сахнадағы команда мүшелерінің көрермендермен көзге жас ала қимай қоштасуы, жанкүйерлердің командаларына берген толассыз қолдауынан Жайдарманның нағыз достық мекені екенін сезінуге болады. Жаңа маусымда да осындай керемет бестік шығатынына сенеміз.