Home Blog Page 2

«Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындарының 1-кезеңі өтті

0

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 3-маусым күні Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындарының 1-кезеңі өтті. Аталмыш ойынға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысты. Сайысқа елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Рүстем Елжанов қазылық етті. Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын алдағы уақытта күтіңіздер!

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/8 өтті

0

Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте, жоғары  және  арнайы  оқу орындарымен  қатар, мекемелерде  де  құрылып, елімізде кеңінен  танылып келеді.

Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Сахна  мәдениеті  мен шеберлік,  би, ән,  мимика,  сөйлеу  мәнері,  ой ұшқырлығы  сияқты  өнер атаулының  түрлі  жанрларын  қамтитын  аталмыш  ойын  шығармашыл  жастардың орталығы.

Осы орайда, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен  3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/8 ойындары өткен болатын.

Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысып,бағын сынап көрді. Жақсы ұпайлар жинаған командалар келесі 1/4 ойындарға жолдама алды.

3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында «JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өтті.

0

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өткен болатын. Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте, жоғары  және  арнайы  оқу орындарымен  қатар, мекемелерде  де  құрылып, елімізде кеңінен  танылып келеді.

Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Сахна  мәдениеті  мен шеберлік,  би, ән,  мимика,  сөйлеу  мәнері,  ой ұшқырлығы  сияқты  өнер атаулының  түрлі  жанрларын  қамтитын  аталмыш  ойын  шығармашыл  жастардың орталығы.

Осы орайда, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен  3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өткен болатын.

Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысып,бағын сынап көрді. Жақсы ұпайлар жинаған командалар келесі жартылай финалға жолдама алды.

Маусым айында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары мен гала-концерті өту жоспарлануда

0

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 3-4-5-6 маусым күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары мен гала-концерті өту жоспарлануда.
Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысады. Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек, Рүстем Елжанов қазылық етеді. Іріктеу ойындарының барлық кезеңіне телевизиялық түсірілім жасалып, отандық телеарналардан көрсетілу жоспарлануда.
Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын алдағы уақытта күтіңіздер!

Маусым-2021

0
Маусым - 2021
Биыл – «Өзгеріс» маусымы.

Жайдарман ойындарының 2021 жылғы маусымашар ойындарына тіркелу ашық. Биыл – «Өзгеріс» маусымы. Бұл жылы маусымашар ойындарының өткізу форматы да өзгерді. Алдымен барлық командалар өз өңірлеріндегі маусымашар ойындарына қатысады. Бүгінге дейін өңірлік маусымашар Қызылорда және Қостанай облыстарында өткізілді. Сәуір айының соңына дейін барлық аймақта маусымашар фестивалі өтпек. Ал дәстүрлі Республикалық маусымашар фестивалі мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында болады деп жоспарлануда.
Биыл лигалар бойынша да өзгерістер бар. Енді барлық командалар келесі лек бойынша бөлініп, өнер көрсететін болады:

  • Jaidarman cup
  • Jaidarman top (жоғары лига)
  • Jaidarman live (премьер лига)
  • Jaidarman style
  • Бірінші лига
  • Bala jaidarman (мектеп)
  • Телевизиялық арнайы жобалар

Жайдарман – жастардың жобасы. Үнемі қолдап, жаңа мүмкіндіктердің есігін ашуға дайын. Биыл да жоспарланған жұмыстар бойынша, біршама іс-шаралар өтеді. Маусымашар фестиваліне тіркелу реті дәл бұрынғыдай. Барлық командалар алдымен өз өңірлерінің маусымашарына қатысып, республикалық жобаларға жол салмақ.

Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды

0

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынының қолдауымен Атырау облысының Азаматтық Альянсы ЗТБ-і «Атырау облысында ауылдық ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру» жобасы аясында 500 000 теңгенің гранты бойынша 10 әлеуметтік жоба ұтып алды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды

0

Жайдарман өз жанкүйерлерін қуанта бермек! Елордада 21 тамыз күні республикалық арнайы жоба “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі -2020” Жайдарман ойыны өтті. Ойынға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жобаға Моңғолиядан және еліміздің әртүрлі облыстарынан бас-аяғы 13 команда қатысты. Олар:

1. «Монғолияқұрамасы», Моңғолия

2. «Евразиат», Нұр-Сұлтан

3. «Рудный құрамасы», Қостанайоблысы Рудный қаласы

4. «Шатыр», ШҚО, Семей

5. «Бес жаңалық», Петропавл

6. «Тұран–Нұр-Сұлтан», Нұр-Сұлтан

7. «Бүгін.kz», Шымкент

8. «Қызылордақұрамасы», Қызылорда

9. «Дарын Интеллектуал», Қостанай

10. «Боранқұл», Маңғыстау

11. «Шапалақ», Талдықорған

12. «Миллион», Шымкент

13. «Грант», Орал

Тартысты сайысқа Көпен Әмірбек, Дәулет Кәрібек, Еркін Мұхамеджанов, Бахтияр Артаев, Марат Достаев секілді қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар қазылы қетті. 13 команда ойын көрсетіп, қазылар алқасының шешімі негізінде жүлделі орындарға лайықты командалар іріктелді. Нәтижесінде “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін” Маңғыстау өңірінен келген “Боранқұл” командасы иеленді. Екінші орын оралдық “Грант”, үшінші орын Нұр-Сұлтанның мақтанышы “Евразиатқа” бұйырды. “Дарын-интеллектуал” командасының ойыншысы Таңшолпан “Үздік ойыншы” номинациясына лайықты деп танылды.

Биылғы жыл жалпы әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әсерінен көптеген салалар тұралап қалды. Жайдарман да көрерменімен қауыша алмай қалды. Дегенмен, көрерменнің патша көңілі біз үшін әрқашан маңызды, биік. Өзіміз де телеэкран арқылы болса да, жайдармансүйер жандармен қауышуға асықтық. “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” ойыны командалардың білек сыбана дайындалған жобасы болды. Сахнаның сәнін командалар келтіргенмен, Жайдарманның жарасымы көрермендермен екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жайдарманшылар экран алдындағы көрерменнің көңіл-күйіне әсерету үшін, барын салып өнер көрсетті. Зал толы ойындар мен қалыпты өмір салтына тезірек ораламыз деп сенеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулыққа дұрыс қарап, сақтанып жүруге шақырамыз!

Ойын залдағы көрерменсіз өтсе де, қызыққа толы телевизиялық түсірілім болып, 24 қазан күні Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көрсетілді.

4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар

2

4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар тізімі

Редакторлық жұмыстар сағат 9:30- да басталады

    КОМАНДА АТАУЫ     ҚАЛА
  1 РЫСҚҰЛОВ ҚҰРАМАСЫ      АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  2 ДЖОКЕРС ТАРАЗ ҚАЛАСЫ
  3 ҚАЗЫҒҰРТ.KZ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ
  4 ЭКОНОМ КЛАСС АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
  5 ДЖУМАГАЛИЕВА БИНҰР ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
  6 QAZАТК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  7 БОЛАШАҚ ЖУАЛЫ АУДАНЫ
  8 ҚҰТҚАРУШЫЛАР АТЫРАУ ҚАЛАСЫ
  9 ҚАРАБАУ ҚҰРАМАСЫ ҚАРАБАУ АУЫЛЫ
  10 АЛДАРКӨСЕНІҢ ДӘПТЕРІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
  11 БРЕНД ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ
  12 АРБАТТЫҢ БОЙЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
  13 АЛҒАБАСАР ЖУАЛЫ АУДАНЫ  
  14 ДАРЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ
  15 МӘНШҮК. KZ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
  16 МАЙҚҰДЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
  17 ТРЕНД ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
  18 САТПАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  19 ҰСТАЗ LIVE ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ
  20 АРМАНДАСТАР ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
  21 МАЯМИ МИЯЛЫ АУЫЛЫ
  22 КӨЗАЙЫМ ҚАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ
  23 КРЕАТИВ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ
  24 КҮЛКІ ФАБРИКАСЫ АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
  25 РЕМИКС АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
  26 СӘЛЕМ АРХАТ АУЫЛЫ
  27 КҮЛКІ STYLE ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
  28 ЭЛЕГАНТ РИДДЕР ҚАЛАСЫ  
  29 ЭНЕРGOOD АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  30 JASSTAR JAIDARMAN    ACADEMY ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
  31 ҰЛЖАН МАДИНА АҚМАРАЛ ЖАНСАЯ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  32 ТҮРКІСТАН АГРО   ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
  33 ЫҚЫЛЫҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  34 ГРАЦИЯ     НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
  35 АҚПЕН БІРГЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  36 ҚАЗАЛЫ ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ
  37 МАСҚА-RA АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  38 ҚАРМАҚШЫ ЖАСТАРЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ
  39 БОЙДАҚТАР   АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ
  40 АЙДАЙ   НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
  41 МЕДУНИВЕР СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ  
  42 AGA.SKY   АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  43 AVTOMEX CЕМЕЙ ҚАЛАСЫ  
  44 БАЙЛАНЫС ЖІГІТТЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  
  45 ЕРКІНАБАД ҚҰРАМАСЫ ЕРКІНАБАД АУЫЛЫ  
  46 ЭКСПЕРИМЕНТ   ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
  47 АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ АБАЙ АУДАНЫ
  48 АТАКЕНТ   МАҚТАРАЛ АУДАНЫ
  49 АЛАКӨЛ ҚҰРАМАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  
  50 АҚСУ ЖАСТАРЫ ҚҰРАМАСЫ  АҚСУ ҚАЛАСЫ  
  51 14- ШІ ВАГОН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  
  52 ОРИГИНАЛ   ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
  53 ЭЛИТА АҚТАУ ҚАЛАСЫ  
  54 ЖИЫРМА ЕКІ ҚҰРАМАСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ  
  55 КУАМ ҚҰРАМАСЫ   КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ
  56 МАҢҒЫСТАУ. KZ   АҚТАУ ҚАЛАСЫ
  57 ТЕХАС РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ  
  58 АСТРА АСТАНА НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  
  59 MAXIMUM КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ  
  60 БЕРІ ҚАРА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ  
  61 БРЕНД ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ  
 62 САФАРИ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  
  63 MADE IN ATU АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
  64 КАПИТАН   ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
  65 САРЫАРҚА ҚҰРАМАСЫ   НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
  66 АВАНГАРД АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  

Маусымашардың екінші күні қалай өтті?

0

Әмбебап маусымның екінші күні де өте шықты. Бүгін 153 команда ресми түрде тіркеліп үлгерді. Тіркелу ертең де жалғасатынын хабарлаймыз. Қазмедиа орталығында сағат 9:30- дан бастап тіркеу мен редактура жұмыстары қатар жүреді.

Бүгін Қазақстан Ұлттық арнасы мен Тамаша телеарналары ұйымдастырған арнайы ойын-сауық іс-шарасының бірінші бөлімі өтті. «Танысу күнінде» Ұлттық арна тележүргізушілері мен «Тамаша» телеарнасының директоры Есен Елеукен қонақ болып, маусымашар қатысушыларымен фотосессия ұйымдастырылды.

Түстен кейін ашылу салтанаты өтіп, жеребе тартылды. Жеребеден кейінгі реттік номерлері бойынша редакторлық жұмыстар жүргізілді. Барлық ақпараттарды Жайдарманның ресми сайтынан , сондай-ақ , әлеуметтік желілердегі парақшаларынан таба аласыздар. Екінші күннің күнделігін ертең Таңшолпан бағдарламасынан көреміз. Барша қатысушыларға сәттілік, жоғары көңіл-күй тілейміз!

«Маусымашар-2020» фестивалі ашық

0

Жайдарман ойындарының 15-маусымы шымылдығын түрді. Ағымдағы маусымның атауы-«Әмбебап маусым». Республиканың  барлық өңірлерінен маусымашарға қатысуға ниет  білдіріп, 700 команда тіркелді. Әзіл түсінетін, әзілге  икемі бар жастардан  құралған  топтар  бір апта көлемінде елордада болып, маусымашарда бақ  сынайды. Редакторлардың шешімімен  командалар лигаларға бөлініп, іріктеуден өткен  командалар  7  ақпан күні  гала-концертте өнер  көрсетеді.

          «Маусымашар — 2020»  фестивалінің  өту  кестесі

Өтетін күні Іс-шара атауы Өтетін орны
1 2 ақпан
10:00-19:00
Командаларды тіркеу НұрОтан ғимараты
2 3 ақпан
10:00-19:00
Командаларды тіркеу
Қазмедиа орталығы
3
3 ақпан
15:00-21:00
Ашылу салтанаты, жеребе тарту, редакторлық жұмыстар
Қазмедиа орталығы
4
4 ақпан
9:30-21:00
Редакторлық жұмыстар
Қазмедиа орталығы
5 4 ақпан
19:00
Арнайы жоба.
Республикалық чемпиондар лигасы

Қазмедиа орталығы
6
5 ақпан
9:30-21:00

Редакторлық жұмыстар


Қазмедиа орталығы
7
5 ақпан
14:00

Арнайы жоба: мектеп командалары арасында республикалық «Жайдарман» фестивалі


Қазмедиа орталығы
8 6 ақпан
9:30-13:00

Жалпы жиналыс.
Лигаларға бөлу
Сертификаттар табыстау

Қазмедиа орталығы
9
6 ақпан
14:00-21:00
Гала-концерт командаларымен жұмыс.
Телетүсірілімдер дайындығы

Қазмедиа орталығы
10
7 ақпан
18:00
Гала-концерт 1
(телетүсірілім Қазақстан арнасы)


Қазмедиа орталығы
11 7 ақпан
19:40
Гала-концерт 2
(телетүсірілім Қазақстан арнасы)


Қазмедиа орталығы
12 8 ақпан
19:00

JAIDARMAN AWARDS
Үздіктерді марапаттау кеші
(телетүсірілім Қазақстан арнасы)



Қазмедиа орталығы