Home Blog Page 3

«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды

0

Жайдарман ойындарының 2020 жылғы «Маусымашар» республикалық фестивалі 2-8 ақпан аралығында өтеді.

Фестивальге қатысушыларды онлайн тіркеу jaidarman.kz/tirkelu сілтемесі бойынша жүргізіліп жатыр.

Сұрақтарыңыз бойынша 8707 520 2530 нөміріне xабарласыңыздар.

Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида

2

Жастар  маусымындағы   Жоғары лига ойындарының финалдық бәсекесі өтті. Финалды тамашалау үшін келген қонақтар  Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік  және келісім  сарайының ішін лық толтырды. Ойын Қазақстан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі  мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты аясында ұйымдастырылды.

Финалистер:

— «Фемида» Ақтөбе

— «Өзенмұнайгаз құрамасы» Жаңаөзен

— «Элемент» Семей

— «Грант» Орал

— «Боранқұл» Маңғыстау

Финалда командалардың ойынына Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, Көпен Әмірбек, Берік Уәли және Дәулет Кәрібек қазылық етті.

Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан қос бірдей Элемент және Фемида командалары жастар маусымының чемпионы атанды.

Ұпай сандары бойынша ІІ орынды «Боранқұл» құрамасы, ал ІІІ орынды Өзенмұнайгаз құрамасы қанжығасына байлады. ⠀

9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті

0

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және  келісім сарайында  Жоғары лиганың финалы өтті.
Ойын Қазақсан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі  мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты аясында ұйымдастырылды.

Чемпиондар сәлемдесу, командалық жамбы ату және үй тапсырмасы сайыстары бойынша анықталды.
Ұпай сандарының үстемдігімен екінші орынды «Боранқұл», үшінші орынды Өзенмұнайгаз құрамасы қанжығасына байлады.
Жоғары лига  тарихында алғаш  рет  екі  команда  чемпион атанды: шығыстан «Элемент» және батыстан «Фемида».

Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда

0

9 желтоқсан күні сағат 19:00-де елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Жоғары лига финалы өтеді.
Ойын Қазақсан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі  мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты аясында ұйымдастырылады. Финалдық бәсекеге  жолдама алған  5 команда  маусымның басты кубогіне таласады.

Чемпиондыққа үміткер топтар:

Ақтөбеден «Фемида», Маңғыстаудан «Боранқұл», оралдық «Грант», Жаңаөзен қаласының «Өзенмұнайгаз құрамасы» мен жалғыз шығыстықтар «Элемент».

Барлық сұрақтарыңыз бойынша +7 707 520 25 30 нөміріне хабарласыңыздар.

Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігінің финалы өтті

0

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен ұйымдастырылған «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі-2019» ойыны қорытындыланды. Қалалық  Жайдарман біріншілігінің   финалы 26 қараша  күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  ҚазМедиа  орталығында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді.  Финалға өткен кезеңдерден  іріктеліп, жолдама алған 6  команда қатысты. Олар :

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын- Еркін құрама
  4. ЖК Қыз Жібек – Еркін құрама
  5. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  6. КазАгро командалары.

Қатысушы  командалар сәлемдесу және үй тапсырмасы кезеңдерінде  өнер көрсетіп, өзара  бақ  сынады. Үй  тапсырмасы  шартында жұлдызды жайдарманшылармен  бірге  өнер көрсетті.

Финалдық  ойында қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВН Одағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасы жастармен  жұмыс бөлімінің  бас маманы  Ақұлан Тастемір, «Демеушіміз Болашақ» Жайдарман  тобының капитаны Нұрболхан Шарапов, жоғары  лига  ойындарының  2018  жылғы  чемпионы  «Байдың балалары»  командасының  чемпионы Нұрым Досбол және команда  ойыншысы  Ұлан Мықтыбек болды. 

Таласты тартысқа толы  өткен финалдық  бәсекеде, қазылар  алқасының ұйғарымымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі-2019» ойынының чемпионы Қазақ  ұлттық өнер универсиетінің  студенттерінен құралған  «Шабыт»  командасы болды. Екінші  орынды іргелі  оқу  орындарының  бірі  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық  университетінің  «Евразиат»  жайдарман тобы  иеленді. Жүлделі үшінші орынның  тұғырынан  ЖК Қыз Жібек командасы көрінді. Чемпион  атанған  командаға 500 000 теңге, вице-чемпиондарға 300 000, үшінші орынға -200 000  теңге көлемінде қаржылай  сыйлықтар берілді.  «Үздік  ойыншы»  номинациясымен  «Евразиат» командасының  капитаны  Нұрғали Байдулла  марапатталып, 50 000  теңге  көлеміндегі қаржығы ие болды.

Ойынға қатысқан  командалар тың дайындықпен келген. Командалардың барлығы  көрермен  көңілінен шығатын  ойын  өрнегін  көрсетті. Финалдық  ойынның  эфирі  жақын  күндері  Tamasha.tv телеарнасынан  көрсетіледі.

«Jas kasipker-2019» байқауы қорытындыланды

0

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, Астана гуманитарлық колледжінде » Jas kasipker -2019″ байқауының марапаттауы өтті. » Jas kasipker» байқауы «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынылған КЕАҚ грантының аясында ұйымдастырылды.

Үздік 7 қатысушы:
1) Жәнібек Жұманәліұлы- Арыс қаласы. 27 жаста . «PrintArys» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
2) Сара Сахынбек – Нұр-Сұлтан қаласы, 18 жаста. « Joy Flowers» гүлдер дүкенінің иесі.
3) Жолдыбай Нахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 21 жаста. «Jolly Waffle» балмұздақтар желісінің иесі
4) Абылай Бекқажы- Алматы қаласы, 22 жаста. «Pixel Print» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
5) Бейбарыс Исахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. «Barbershop_family» салонының иесі
6) Әліби Басаров- Қызылорда қаласы, 29 жаста. «Jaidarman Academy» орталығының иесі
7) Арайлым Сапарәлі-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. « Online» интернет – дүкенінің иесі .



Қазылар алқасының шешімімен , 18 жасар жас кәсіпкер Сара Сахынбек жеңімпаз атанып, бас бәйге ДРОН DJI spark alpine white ие болды. 6 үздік қатысушыға смарт сағаттар мен марапаттау қағаздары тапсырылды.

Шара барысында кәсіпкерлер өз жобаларына шағын таныстырылым жасады. Астана гуманитарлық колледжі студенттерінің сұрақтарына жауап беріп ,ой алмасып, идеяларды талқылады.

Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігінің жартылай финалы өтті

0

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігінің  жартылай  финалы өтті. Ойын 11  қараша күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында ұйымдастырылды.  1/2 финалды  Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді.   Қалалық  біріншілікке жалпы  саны  40- тан  аса  команда  өтініш  білдіріп, 18  командаға  чемпионатқа қатысу үшін  жолдама берілген  болатын. 1/4 финалда  ойнаған 18  командадан  іріктелген   12 команда  жартылай  финалда  өнер көрсетті.

Қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВНОдағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов,  Жоғары  Лига ойындарының  редакторы  Бекзат Дүйсенов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасы жастармен  жұмыс бөлімінің  бас маманы  Ақұлан Тастемір, Жайдарман  ойындарының  2015 жылғы  чемпионы «Күлтегін» командасың мүшесі Әділет Төлеутай болды.

Жартылай финалға іріктелген  командалар  үлкен дайындықпен  келген. Ойын  «Сәлемдесу» және «Бес әзіл»  деп аталатын екі  кезеңнен тұрды. Көрермен  мен қазылар  алқасының  көңілінен  шыққан  командалар  финалға жолдама  алды.  Үздіктердің  қатарынан  табылған  командалар:

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын- Еркін құрама
  4. ЖК Қыз Жібек – Еркін құрама
  5. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  6. КазАгро

Енді  бұл командалар  26 қарашада, КазМедиа  орталығында өтетін  финалық  бәсекеде бақ  сынап, біріншіліктің  чемпионы атануға таласатын  болады.

А лига ойындарының финалы өтті

0

  17  қараша  күні Алматы қаласында республикалық  А  лига  ойындарының  финалы  өтті. Финалға еліміздің барлық  өңірлерінен  қатысқан  командалар  арасынан  суырылып  алға шыққан 6 команда қатысты.  Қазылар  алқасының  шешімімен финалға жолдама  алған  «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері», «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары  үш  кезең бойынша  бақ  сынады:

  1. Сәлемдесу;
  2. Әуенді жамбы ату;
  3. Көрініс.

Қазылар  алқасының  құрамында «Tamasha.tv»  телеарнасының  директоры  Есен  Елеукен, дизайнер Жадыра  Сахиева және  әзіл майталмандары Нұржан  Тутов пен Алмат Сақатов болды. 

Ойын қорытындысы бойынша, «Бақтияр  Тайлақбаев» командасы бас жүлдені  иеленді. «Голд» құрамасы екінші, «Байланыс жігіттері» үшінші орынға лайықты деп  табылды. Финалға жеткен әр команда арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталды. Чемпион атанған командаға қосымша сыйақы табысталды.

Премьер Лига ойындары қорытындыланды

0

Республикалық  Премьер  Лига ойындары қорытындыланды. Жыл бойы іріктеліп,  финалға  өткен командалар 16  қарашада өзара бақ  сынасып, чемпионды анықтады. Тартысқа толы   ойын  Алматы  қаласы, Алатау  дәстүрлі өнер театрында  өтті.

Финал  2  кезеңнен  тұрды: сәлемдесу және үй тапсырмасы. Қазылар алқасының  құрамында  Марат  Оралғазин, Дәулет  Кәрібек, Еркебұлан  Мырзабек, Ақылбек  Досжанов, Рамазан Фаилов болды. Әділ қазылардың  шешімімен, бас жүлде атыраулық  «Маями» командасына  бұйырды. Екінші орынды Рудный  құрамасы, үшінші  орынды  алматылық Made in ATU  командасы  иеленді.

Премьер Лиганың 2019 жылғы  маусымы осылай қорытындыланды. Жеңімпаздар арнайы  кубокпен және  дипломдармен марапатталды.  Премьер  Лига қатысушы командаларды шыңдап, үлкен тәжірибе мектебінен  өткізді.

Нұр-Сұлтан қалалық біріншілігінің 1/4 финалы өтті

0

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі» өтіп жатыр.Қалалық  Жайдарман біріншілігінің  1/4 финалы 28 қазан  күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Фестивалге  қатысуға 40-тан  аса команда  өтініш білдірді,  оның  15-і  маусымашардың  гала-концертіне өнер көрсетті. 18  командаға қалалық  чемпионатқа қатысуға жолдама  берілген болатын. Жолдама  алған командалар 1/4 финалда ойын көрсетіп,  жартылай  финалдың жолдамасына  таласты. Командалардың жас  айырмашылықтары алшақ  емес.

Қазылар  алқасының  құрамында Қазақстан КВНОдағының  атқарушы директоры  Р.Елжанов,  Қазақстан  студенттер Альянсының  президенті Ілияс  Түстікбаев, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  даму  істері  басқармасының  бас маманы – Ақұлан Тастемір, Жайдарман  ойындарының  2015 жылғы  чемпионы «Күлтегін» командасың мүшесі Әділет Төлеутай, Жайдарман  ойындарының  2018  жылғы  чемпионы  «Байдың  балалары»  командасының мүшесі Бағдаулет Сейітжаппаров болды.



Ойын тартысты өтті. Командалар жан-жақты дайындықпен келген.

Қазылар  алқасының  шешімімен жартылай  финалға

  1. Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті
  2. Ва Банк — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  3. Қолтырауын
  4. Астана жастары
  5. Дастан  — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
  6. Бәсеке – Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық университеті
  7. Сарыарқа құрамасы- Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  Ұлттвқ  университеті
  8. ЖК Қыз жібек командасы
  9. Грация- Қазақ Технология және Бизнес университеті
  10. КазАгро командасы
  11. Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті
  12. Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

командалары  жолдама  алды.  1/2 финал 11 қарашада  Жастар  сарайында өтеді.