Home Blog Page 4

«Өзіміздің жігіттер» — жеңімпаз!

0

Қазақша КВН Ойындарының  20 жылдық  мерейтойы қарсаңында  «Түлектер кездесуі-2019»  ойыны өтті.  Жайдарманның ардагер ойыншыларына  айналып, бүгінде әртүрлі  салаларда қызмет етіп жүрген  жайдарманшы  түлектер  Алматы қаласында бас қосып, Алатау дәстүрлі өнер театры сахнасында көпшілік  көңілінен  шығатын өнер көрсетті.  «Түлектер кездесуі»  Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі мен  Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты  аясында ұйымдастырылды.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен  жиналып, ойынға бас-аяғы 9 команда қатысты:

1)»Өзіміздің жігіттер» Шымкент

2) «АЭСА» Шымкент

3) «Ұлттық құрама» Алматы

4) «Бауырсақтар» Тараз

5)»Альянс» Семей

6)»Арыс құрамасы» Түркістан облысы

7)»Жаснар» Алматы

8)»Аягөз құрамасы» ШҚО

9)»Номад» Алматы

Өнер көрсеткен командалардың  әзіліне баға берген  әділ қазылар  алқасының құрамында Айқын Төлепберген, Жанатбек Байтеков, Ақылбек Досжанов, Абунасыр  Серік, Ринат Заитовтар болды. Көрермен мен қазылар  алқасының көңілінен  шыққан шымкенттік  «Өзіміздің жігіттер» командасы бірінші  орынды қанжығалады. «Аягөз» командасы жүлделі  екінші,  «Жаснар»  командасы»  жүлделі  үшінші орынды иеленді.

Ойын Қазақстан ұлттық  арнасының эфирінен  көпшілікке жол тартатын болады.

«JAS KASIPKER — 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қорының қолдауымен «JAS KASIPKER — 2019» республикалық байқау ұйымдастырылуда. Байқау шағын жəне орта бизнеспен айналысатын жас кəсіпкерлер арасында республикалық байқау өтеді. Жастар жылы аясында, жас кəсіпкерлерді қолдау мақсатында өткелі жатқан байқау бірнеше кезеңдерден тұрады.

Республикалық байқау 15 қазан мен 10 қараша арасында өтеді. Байқауға 18 бен 35 жас аралығында барлық азаматтар қатыса алады.
Бас жүлде- ДРОН DJI spark alpine white . Сонымен қатар, кәсіпкердің жеке брентін қалыптастырып, өнімді танытуға таптырмас мүмкіндік болып отыр.

Байқау шарты бойынша кәсіпкерлер әлеуметтік желідегі парақшалардағы сілтемеге өтіп, тіркеледі. Қосымша байқау туралы жарияланымдар шығарады. Үздік деп танылған 7 кəсіпкерден сұхбат алынып, JAS.KZ сайтында жарияланады.

Республикалық жоғары лиганың 1/2 ойындары өтті

1

Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық  жоғары  лиганың  1/2 ойындары  өтті. Жартылай  финалға жолдама  алған  12 команда  5-6 қазан күндері  өзара тартысты  ойын  өрнегін көрсетті. Сайыс өткен Бейбітшілік  және  келісім сарайы екі  күн де  жайдармансүйер  көрерменге  лық  толды.

Ойын Қазақсан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі   мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  гранты аясында ұйымдастырылды. Көпен Әмірбек бастаған  қазылар  алқасының құрамында Дәулет Кәрібек, Бахтияр Артаев,Еркебұлан Мырзабек,  Геннадий Шиповских болды.

Бірінші  күннің  қорытындысы бойынша ӨзенМұнайГаз, Фемида құрамалары финалға өтті. Екінші  күні  әділ қазылар  алқасының  шешімімен,  семейлік  Элемент, маңғыстаулық Боранқұл командалары финалға жолдама алды. Сонымен қатар, Грант құрамасы резервпен өтіп, финалдық  ойында  өнер  көрсетуге  мүмкіндік алды.

Енді  командаларды  финал күтіп тұр. Жоғары лига ойындарының кубогі қай командаға бұйырар екен?!

Грант аясында өткен ойындар эфирге жол тартты

0

Жайдарман  мамыр айының  аяғында ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі мен  Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының осы грантын  жеңіп алған болатын. Осы грант аясында « Астана кубогі» республикалық  арнайы жобасы , «Жастар жазғы фестивалі» ойыны  ұйымдастырылды. «Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы 15 маусымда Нұр-Сұлтан  қаласы, Бейбітшілік  және  келісім  сарайында өтті.  Дәл  осы орында халықаралық  жастар  күніне  орай, 12  тамызда Жастар  жазғы фестивалі  ұйымдастырылған болатын.

Қыркүйек айында осы  ойындар Qazaqstan ұлттық  арнасының эфирінен  көрерменге  жол тартты.  «Астана кубогі» республикалық арнайы жобасының эфирі  28 қыркүйекте Qazaqstan ұлттық  арнасынан  көрсетілді.  Жастар  арасында мемлекеттік  тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған  «Жастар  жазғы фестивалі» ойынының  эфирі  ұлттық  арнадан  15  қыркүйекте өтті.

Эфирден  соң, екі ойынның  толық  нұсқасы  Youtube  желісіне  жүктеліп, әлеуметтік желілерге  жарияланды. Сәтті өткен ойындар  көпшіліктің  көңілінен  шығып, қаралым саны  артып жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық Жайдарман біріншілігінің маусымашары өтті

0

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі» өз  бастауын алды. Маусымашар  фестивалі 30 қыркүйек күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Фестивалге  қатысуға 40-тан  аса команда  өтініш білдірді,  оның  15-і  маусымашардың  гала-концертіне  жолдама алды. 18  командаға қалалық  чемпионатқа қатысуға жолдама  берілді. Командалардың жас  айырмашылықтары алшақ  емес. Қатысушылардың  барлығы  дерлік университет, колледж  студенттері. Сонымен  қатар, 15  команданың біреуі  мектеп  оқушыларынан  құралған. Ойынға қатысқан командалар:

1)       Өзіміз ғой – Медициналық-техникалық колледж

2)       Хаки – Қаржы академиясының колледжі

3)       Сүйкімді — №42 орта мектеп

4)       Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті

5)       Астра  – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

6)       Неғылса — не қылатындар — Медициналық-техникалық колледж

7)       Элита — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

8)       Дастан  — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

9)       МУА – Астана Медициналық университеті

10)     Алдаркөсенің дәптері – Қаржы академиясы

11)     Ва Банк — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

12)     Бәсеке – Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық университеті

13)     Грация — Қазақ Технология және Бизнес университеті

14)     Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті

15)     Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Ойынға  қонақ  ретінде  үздік  жайдарман  командаларының  мүшелері, өнер  иелері, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму  істері  басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы  Бақытжан Жүнісбеков,  «Қазақстан КВН Одағының» президенті Есен Елеукен келді. Қатысушы командалардың  ойынына баға  беріп, өз  жылы лебіздерін  білдірді.  

Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман  біріншілігінің  маусымашар  фестивалі  өз  деңгейінде  өтті. Жастар  сарайының  іші көрерменге толып, 3  сағат бойы тапжылмай  ойынды  тамашалады.  Барлық  15  команда сәлемдесу  шарты  бойынша  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Қатысушы құрамалардың  барлығына арнайы  дипломдар табыс етілді. Фестивалдің  соңы жайдарманшы Шыңғыс Қожабековтің орындауындағы  «Жайдарман әлемі» әнімен  аяқталды.

Республикалық А лига ойындарының жартылай финалы өтті

0

25-26 қыркүйекте Жайдарман ойындары республикалық А лигасы  ойындарының жартылай финалы өтті. Финалда  осыған  дейін үздік  шыққан  10 команда өнер көрсетті. Ойын өнер  ордасына айналған Алматы  қаласында, Алатау дәстүрлі  өнер  театрында болды.

Қазақстанның түрлі өңірінен  келген  командалар екі күн  бойы сынға түсті. Көрерменге көп көңілінен  шығатын  әдемі  ойын  өрнегін  көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй  сыйлады.  Қазылар алқасының құрамында танымал əзілкештер, ардагер  жайдарманшылар болды.

Өзара бақ сынасқан топтардың  арасынан  үздік шыққандар  финалға жолдама алды. Бірінші  күні қазылар алқасының  шешімімен  «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері» , екінші күні «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары финалға шықты.  Сонымен қатар, резервпен Голд командасы өтті.

Енді осы  командалар финалда  шаршы  топқа түсетін болады.  Олар ақтық  сынға дайындықты  бастап  та  кетті.

Премьер лига ойындарының ширек финалы өтті

0

24-25 қыркүйекте Жайдарман ойындары республикалық премьер лига ойындарының жартылай финалы өтті.  Ойын  Алматы қаласында ұйымдастырылды. Жайдарманшылар  қатарынан  екі күн  бойы Алатау дəстүрлі өнер театрының  залын  көрерменге толтырды.

Командалар сəлемдесу  жəне үй тапсырмасы кезеңдері бойынша  сынға түсті. Үй тапсырмасының шарты бойынша   құрамалар  танымал жайдарманшымен бірге ойнады. Қазылар алқасының құрамында танымал əзілкештер, ардагер  жайдарманшылар болды.

Бірінші  күннің  қорытындысы  бойынша,  Рудный қаласынан  келген  Рудный  құрамасы  мен Нұр-Сұлтандық  Сарыарқа командасы  финалға  жолдама алды. Екінші  күні қазылар  алқасының  шешімімен, Маями және  Көкжайық  командалары  үздік  деп  танылды.  Ал,  Қостанайдан  келген Дарын  құрамасы мен  алматылық Made in ATU командалары  резервпен финалға өтті.

12 команданың  ішінен суырылып шыққандар  енді финалда өнер  көрсететін  болады. Жайдармансүйер қауымды қағытпа  қалжың  мен  астарлы әзілге толы, көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлайтын ойындар  күтіп тұр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі сарапқа салынды

0

Жайдарманшылар  арасында   Нұр-Сұлтан  қаласы  әкімінің кубогі  сарапқа салынды. Жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырған бұл ойын осымен 11- рет өткізілді. Республикалық  арнайы  жоба Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен өтті. 

Бейбітшілік  және  келісім сарайында өткен ойынға әртүрлі лигаларда үздік  өнер көрсетіп жүрген  топтар  қатысты.  Бас-аяғы 17  команда  өзара әкім кубогына  таласты.  Оның  он  алтысы  отандық  командалар. Бауырлас Қырғыз  елінен  Ош командасы  қонаққа  келді.  Командалардың  арасында «Нұр-Сұлтан қаласы əкім кубогы» ойынына осымен бірнеше жыл қатысқан тəжірибелі топтар да бар.

Өнер  көрсеткен 17  құраманың  ішінен  ең үздігін  таңдау  қазылар  алқасына  оңайға  түспеді. Белгілі сатирик  Көпен  Әмірбек  бастаған әділ  қазылар ұтымды әзілі  мен  артында  салмақты ойы  бар, көпшіліктің  көңілінен  шығып өнер көрсеткен топтарға  басымдық  берді.

Ойынға жиналған  көрерменнің қарасы  қалың болды. Қазылар  алқасының  үздік ойыншы номинациясын Бүгін.Кз командасынан Нұрлыбек Жаппар иеленді. Жүлделі үшінші орынға Қырғызстанның сəлемін алып келген ОШ командасы лайықты деп табылса, екінші орын алматылық Ақпен бірге құрамасына бұйырды. Ал , бас жүлде, «Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогын» Жалын командасы иеленді. Жаңаөзендік жеңімпаз команда миллион теңгеге ие болды.

Бар жанарды жаулаған Жайдарманның күзгі маусымы осы ойынмен шымылдығын түрді. Алда жайдарман сүйер қауымды таласты тартысқа, жан жадыратар əзілдерге толы ойындар күтіп тұр!

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында республикалық екі ойын өткізілді

0

Мамыр  айында жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу мақсатында Жайдарман арнайы грант жеңіп алған болатын. ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі мен  Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының осы гранты  аясында « Астана кубогі» республикалық  арнайы жобасы , «Жастар жазғы фестивалі» ойыны  ұйымдастырылды.

⠀⠀

«Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ойында өзара  бақ  сынасқан  11 команда:

1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті

2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық  Университеті

3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті

4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы

5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті

6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті

7. «Шатыр» – Семей қаласы

8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9. «Ару.kz” – Арқалық

 10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.

11. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

 Әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын «ОҚМПУ»

2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «Астана кубогін» яғни

1- орынды «Миллион» жайдарман тобы.

⠀⠀

12 тамыз- Халықаралық жастар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Жастар жазғы фестивалі ұйымдастырылды. Фестивалге еліміздің барлық өңірлерінен 15 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде Елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейдегі алғаш рет сахнаға шыққан. Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы жазғы фестиваль жеңімпазы атанып, үлкен кубокті қанжығалады.

Екі  ойыннан да  түсірілім жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Qazaqstan ұлттық  арнасынан  эфирге  дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жастар жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды

0

Жастар жылы барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі — Қазақстан КВН Одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырған жазғы фестиваль.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне еліміздің әр аймағынан  өнер көрсетуге ниетті топтар саны жыл санап артып келеді. Биылғы сайысқа Жоғары лигада бақ сынап жатқан жайдарман жұлдыздары мен  жас командалардан құралған 15 топ қатысты. Өнерлері мен тапқырлықтары тең түскен жайдарман топтарына Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев есімді тұлғалар қазылық етті.  

  • Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясының құрамасы — «Маңғыстау.kz»
  •   «Медиум» Тараз қаласынан
  • «Квартал» Орал қаласы
  • «Қазақпыз ғой» Павлодар қаласы
  • «АҚ құрамасы» Семей қаласы
  • «Бренд» Қостанай қаласы
  • «Әуезов құрамасы»  Семей қаласы
  • «Сарыарқа құрамасы» Нұр-Сұлтан қаласы
  • КазАТК – Алматы қаласы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
  • «Грация» Нұр-Сұлтан қаласы
  • «Жарлыөзек» Алматы облысы
  • «Эконом класс» Ақтөбе қаласы
  • «Мед универ» Семей қаласы
  • «Дарын» Қостанай қаласы
  • «Қазалы» Қызылорда облысы

Осы аталған жайдарман топтарының өнерлеріне оң баға беріліп, жеңімпаздар анықталды.

 Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде яғни екінші орын елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейде алғаш рет сахна төріне шыққан  Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы «Жазғы фестиваль жеңімпаздары» атанып, үлкен кубокті иеленді. Халықаралық жастар күніне арналған сайыс жоғары деңгейді өтіп, осылайша жас командалардың жайдарман әлеміндегі қанаттарының кеңге жайылуына мүмкіндік берді.