Home Blog Page 5

«Жастар жазғы фестивалі» республикалық арнайы жобасының пресс-релизі

0

12 тамызда Нұр-Сұлтанда жастар арасында кеңінен танымал Жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестивалі болып өтті.
Халықаралық жастар күніне арналған аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында жүзеге асып отыр.

Жалпы сайысқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 15 жас команда қатысты.
Сонымен қатар, биылғы жылы Жоғары лигада бақ сынап жатқан Жайдарман жұлдыздары да өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде Елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейдегі алғаш рет сахнаға шыққан. Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы жазғы фестиваль жеңімпазы атанып, үлкен кубокті қанжығалады.

Қызылорда облысы әкімінің жүлдесін Миллион командасы еншіледі

0

Қызылорда қаласында республикалық жастар әзіл кеші өтті. Қызылорда әкімінің жүлдесіне арналған ойын жоғары деңдейде ұйымдастырылды. Қатысқан командалар бірінен-бірі оза, үздік өнер көрсетті. Құрамалардың барлығы дерлік, жан-жақты, тың дайындықпен келген. Тартысты  ойынның  нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен, «Нұр Үміт» өнер орталығы «Миллион» командасы бас жүлде, Қызылорда облысы әкімінің жүлдесін иеленді. Екінші орын, Шымкенттік Байдың балалары командасына бұйырса, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының Жалағаш ауданынан қатысқан Жалағаш құрамасы алды. Ал, үздік ойыншы номинацисын ОҚМПУ құрамасының капитаны Өсер иемденді.

Сонымен қатар, жүлде қорының 10% «Мектепке жол» акциясы аясында Сыр өңіріндегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қажетті құрал саймандар алу үшін қайырымдылық қорға аударылды.

«Жастар жазғы фестивалі» ойынына шақырамыз

0

Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар жазғы фестивалі» республикалық арнайы жобасы ойыны өтеді. Ойын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылуда.
Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы
Уақыты: 12 тамыз. сағ: 19.00

Республикалық Премьер лига және А лига ойындары Алматыда өтеді

0

Жайдарман   Қазақстан  Республикасы ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен  азаматтық  бастамаларды  қолдау  грантына ие  болды.Осы  грант  бойынша,  қыркүйек  айында  өнер  ордасына айналған  Алматы  қаласында республикалық  премеьер  лига  және  А лига ойындарының  жартылай  финалдық  бәсекесі өтеді  деп  жоспарлануда.

Аталмыш  сайыста премьер  лиганың 12, А лиганың  10  командасы өзара  бақ  сынайды. Премьер лига бойынша үздік  деп  танылған 6, А  лига  бойынша  үздік болған  5  команда финалға жолдама  алады. Ойын  Тамаша телеарнасы  арқылы көрерменге  жол тартпақ.

Финалдық  сайыстарда үздік  өнер  көрсеткен команда  анықталып,  арнайы  кубок  пен сыйлықтар  тарту  етіледі. Ойындарға  елімізге белгілі  өнер  қайраткерлері,  депутаттар мен қоғам  белсенділері, танымал  әзілкештер  қазылық  жасайды.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жайдарман ойындары өтеді

0

Жастар  жылында жайдарманшы  жастарға Азаматтық  бастамаларды  қолдау  орталығы  жақсы  мүмкіндік  сыйлауда! Жайдарман  Қазақсан  Республикасы Ақпарат және  қоғамдық  даму  министрлігі   мен Азаматтық  бастамаларды қолдау  орталығының  грантына ие болды.  Осы грант бойынша бірнеше ойындар өткізіледі. Алматы қаласында Премьер-лига және А  лигасы  ойындарының  жартылай финал, финалдық  ойындары  өтеді. Түлектер  кездесуі  де  мәдениет ордасына  айналған  Алматыда  ұйымдастырылмақ.

Осы гранттың  аясында Нұр-Сұлтан  қаласы, Бейбітшілік  және  келісім  сарайында  республикалық  жоғары лиганың  жартылай  финал, финалдық ойындары  өтпек.  Сонымен қатар, мерейтойлық жайдарман ойыны жыл соңында Қазақстан  концерт  залында өтеді  деп жоспарлануда.

Аталмыш сайыстардың  барлығына еліміздің  түкпір-түкпірінен әр түрлі  командалар  қатысады. Ойындарға елімізге белгілі  қоғам қайраткерлері, танымал  әзілкештер, өнер иелері, спорт майталмандары қазылық жасайды. Жайдармансүйер қауымды  жыл соңына  дейін таласты  тартысқа толы, жан жадыратып, көңіл-күй  сыйлайтын  ойындар  күтіп тұр!

«Жастар жазғы фестивалі» өтеді

0

Ағымдағы жылдың  мамыр айында Жайдарман  Қазақстан  Республикасы ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен  азаматтық  бастамаларды  қолдау орталығының  грантына ие  болды. «Жастар арасында мемлекеттік тілді  насихаттау»   грантының  аясында екі  ойын  өткізілу керек болған. Алғашқы жоба ретінде 15 маусымда  Нұр-Сұлтан  қаласында  «Астана кубогі» республикалық арнайы  жобасы өткен болатын.

Грант  бойынша  екінші жоба  ретінде  халықаралық  Жастар  күні қарсаңында «Жастар  жазғы фестивалі» өтеді  деп жоспарлануда. Фестивалге  еліміздің барлық  өңірлерінен  командалар  қатысатын  болады. Ойынның  өту  уақыты алдын  ала  хабарланады.

Түркістан облысы әкімінің кубогі шымкенттіктерге бұйырды

0

Рухани Астана Түркістанда әкім кубогі үшін республикалық деңгейде жайдарман сайысы ұйымдастырылды. Көрермендер мен жайдарманшыларды керемет кеште кездестіруге  сеп болған  Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының  “Жастар ресурстық орталығы”.

Республика көлемін қамтыған аталмыш жобаны ұйымдастырудағы мақсат  —  Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуы қарсаңында қала келбетіндегі жаңа өзгерістерді таныта отырып, қалыптастыруда жастарды белсенділікке шақыру.

Сайысқа Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Сейтжапбаров, Кентау қаласы Қоғамдық кеңес төрағасы Хайрулла Қожабаев пен Марат Достаев, Жанболат Досбол, Мейіржан Есенғараев есімді жайдарманшылар қазылық етті.

Сонымен, Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін ұйымдастырылған республикалық  жайдарман ойындарына қатысқан командалар тізімі:

Шымкенттен «Миллион», «Бүгін.КЗ», «Капитан» командаларымен

Ақтөбеден “Фемида”,

Талдықорғаннан «Шапалақ»,

Алматыдан «Тесо.КЗ», «Ату» 

Оралдан «Жаңа Толқын»,

 «Қызылордадан «Қызылорда құрамасы»,  және жетісайлық

 «Сырдария құрамасы» жайдарман тобы.

Қатысушы 10 команда ұтымды әзілдері мен өнегелі өнерлерін ортаға салды. Көрермендер қолдап, қазылар бағалады. Нәтижесінде, 3-орынды Талдықорғаннан келген “Шапалақ” тобы еншілеп, 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болса,  2-орынға  Ақтөбе облысынан келген “Фемида” лайық деп танылып, арнайы кубок пен 300 000 теңгені қанжығаға байлады. Түркістан облысы әкімінің кубогі мен 500 000 теңгені Шымкенттің  “Миллион” командасы алып, жеңімпаз атанды.

 

Миллион — жеңімпаз

0

«Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында өткен сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.

1. Жаңа толқын – Батыс Қазақстан Инновациялық – технологиялық университеті

2. Ақпен бірге – Қазақ Ұлттық  Университеті

3. Дастан – Л.Н. Гумилев атындагы университеті

4. Қызылорда «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы

5. Евразиат – Л.Н. Гумилев атындағы университеті 

6. Бүгін.кз – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті 

7. Шатыр –

8. ОҚМПУ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9. Ару.кз – Арқалық

 10. Тұран –Астана – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.

11. «Миллион»  — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы 

 Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын «ОҚМПУ»

2- «Қызылорда құрамасы» » яғни

1- орын  «АСТАНА КУБОГІН «Миллион» жайдарман тобы еншіледі.

Сонымен қатар, ойын барысында ширек финалдан сүрінген командаларға Жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді. Олар: 

— «Тұран-Астана»

— «Қызылорда құрамасы»

— «Миллион» жайдарман топтары.

Жеңімпаздарды қазылар алқасы марапаттап, сыйлықтарын ұсынды.

Жеңімпаздар халықтаралық сайыс туралы қандай пікірде?

0

Әр аймақтың ғана емес, шет елдік жастардың да басын біріктіретін жобалардың бірі — халықаралық жайдарман сайысы. Моңғолия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Татарстан және Қырғызстан Республикаларынан жиналған ойын қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушы 10 команда құрамындағылардың сайыстан алған әсерлері де жоғары деңгейде. Әсіресе, 1 миллион теңгені қанжығаға байлаған ноғайлықтар ерекше алғыс білдіруде. 


«Алтын орда» РФ Ноғай ауданынан келген «Ноғай құрамасы» жайдарман тобы:

  • Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бізді үшінші жыл қатарынан шақырған Есен ағаға да рақмет. Бұл жолы Қазақстанға команда құрамындағы кей жігіттер келіп үлгермесе, алғаш рет келгендері тан қалғандарын жасырмады. Өйткені, мейірімді  және қонақжай қасиеттерімен ерекшеленеді. Негізі, біз жеңіске жететінімізге күмәнданбадық және жеңіске жеттік. Әйткенмен, қарсылас командалардың да осал болмағанын айта кетейік. Бұл жеңісіміз жайдарман саласындағы мақсатымызды одан әрі дамытуға ынталандырды. Командамыздың атынан баршаларыңызға үлкен рақмет! Айтпақшы, ойынға қатысқандары үшін Шымкенттің «Миллион» командасына да алғыс айтамыз!

Сонымен қатар, сайыста «Үздік ойыншы» атанып, арнайы сыйлыққа ие болған Наиль Салаховтың да айтар пікірі бар.

 «Татарстан құрамасының» ойыншысы Наиль Салахов:

  • Басқа мемлекеттің сахнасында өнер көрсету қызық. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және жақсы өтті. Шынымды айтсам, бұл ойын үлкен тәжірибе болды. Біз өте жақсы деңгейде дайындалып келген болатынбыз. Залдағы көрермендер де жақсы қабылдады. Алайда, қазылар алқасы басқаша шешім қабылдады. Бірақ, келер сайысқа бас жүлденің иегерлері атану үшін Қазақстанға қайта ораламыз!

Айта кетейік, Халықаралық жайдарман сайысы “Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы” ММ мен “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

«Астана кубогі» республикалық арнайы жобасының пресс-релизі

0

Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.

  1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
  2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық  Университеті
  3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті
  4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы
  5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті
  6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті
  7. «Шатыр» – Семей қаласы
  8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  9. «Ару.kz” – Арқалық
     10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.
  10. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

    Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:
    🥉3-орын «ОҚМПУ»

    🥈2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «Астана кубогін» яғни
    🏆1- орынды «Милион» жайдарман тобы еншіледі.

    Сонымен қатар, сайыс барысында ширек финалдан сүрінген командаларға жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді. Олар:
  • «Тұран-Астана»
  • «Қоғалыкөл құрамасы»
  • «Миллион» жайдарман топтары.